7


  • Учителю
  • Математика '4-санын қосу және азайту'

Математика '4-санын қосу және азайту'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: "4 санын қосу және азайту"
Сабақтың мақсаты: 4санын қосу және азайту жайында түсінік беріледі.
1. Мазмұнына байланысты: Қосындының және айырманың мәнін тапқанда 4+4 жағдайын қолдану білігін тиянақтайды;
2. Сын тұрғысынан ойлау: Оқушылардың математикалық білік дағдысы қалыптасып, қосу және азайтудың өзара байланысын ережемен тұжырымдайды;
3.Математика пәніне қызығушылықтары артып, тез есептеу дағдылары жетіледі;
Сабақтың көрнекілігі: Слайд көрнекілігі, математикалық қызықты есептер,
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың мазмұны.

1.Психологиялық дайындық
Біз жеткіншек баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Жақсы оқып, сабақты

Кілең бестік аламыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру 110 бет,№4
3. Миға шабуыл.



1-10 ға дейін тура және кері санау.
-Балалар бүгін біз циркке саяхатқа шығамыз.

-Циркке барғандарың бар ма?

-Онда кімдерді, нелерді көреміз?

-Дұрыс . Сайқымазақ, әр түрлі жануарларды көреміз.

-Ендеше бүгін бізге қонақ келеді.

(Осы кезде есік қағып, сайқымазақ келеді)

-Бұл кім балалар?

-Сайқымазақ

-Дұрыс

Сайқымазақ біздің білімімізді тексеруге келіпті. Сонымен бірге ол жануарлардың көптеген тапсырмаларын ала келіпті. Егер сендер сол тапсырмаларды жақсы орындасаңдар оның сендерге әкелген сыйлықтары бар екен.

Енді бізге саяхатқа шығу үшін, көлік керек.

Қандай көлікпен барамыз? Автобуспен.

Келе жатсақ алдымыздан кедергі шықты.

Ол жол полициясы. Ол сендерді жолда жүру ережесін біледі ме? дейді.

Бағдаршам туралы сұрау.

Қызыл жанса тоқтаймыз, сары жанса дайындаламыз,жасыл жанғанда жүреміз.

-Өте жақсы балалар.

Егерде біз жануарлардың тапсырмаларын жақсы орындап шықсақ, бізге жануарлар өз өнерлерін көрсетеді екен.

4. Жаңа сабақты хабарлау.

Пілдің тапсырмасы

а) Балалар жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

Қыс,көктем,жаз,күз,

ә) Үй жануарлары нешеге бөлінеді?

Түйе, сиыр, жылқы,қой.

б) Жиһаздарға қарап не айтуға болады?

Әр жиһаздың төрт аяғы бар.

-Дұрыс барлығы 4 санынан тұрады екен.

Ендеше бүгін біз 4 санын қосу және азайту тақырыбын өтеміз.


Аюдың тапсырмасы

Олай болса дәптерді ашып бүгінгі күнді жазып қоямыз.

№1 а) «Кел ойнайық!»
Балықтарды аквариумға орналастыр.
8 4 10 6

6+2 8-4 7+3 10-4

3+5 1+9 2+4

10-2 5+5


№1 ә) Кім жылдам? ойыны

Бұл не? -Жұлдызқұрт. Ол қай кезде шығады? Жаз мезгілінде жауын жауғаннан кейін шығады.

Енді жұлдызқұрттың денесіндегі есепті тез есептеп көрейік.

5+4-1+2-6=4

10-4+3-2+1-5=3


Маймылдың тапсырмасы

№2 есеп. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Түсіндіру: Сан сәулесінен 4 санын белгілеп алып, оңға қарай 4 рет (өлшем) аттасақ, 8 шығады,

яғни 4 4 - ке артады 4+4. Сан сәулесінен 8 - ді белгілеп солға қарай 4 өлшем аттасақ, 4 шығады, яғни 8 4 - ке кемиді 8 - 4

Ә) Өрнек құр және есепте:
4 - тің қосу және азайту кестесін құрайық:
□ + 4 = -------□- 4= ------ - Бұл өрнектерге қарап не айтуға болады?
1+4=5 -------- 5 - 4=1 ------ - Бұлар санға 4 - ті қосу және азайту кестесі
2+4=6 ------- 6 - 4=2 ------ - Санға 4 - ті қосқанда сан 4 - ке артты, саннан
3+4=7 ------- 7 - 4=3 ------- 4 - ті азайтқанда 4 - ке кеміді.
4+4=8 ------- 8 - 4=4 ------ - Бұлар өзара кері амалдар
5+4=9 ------- 9 - 4=5
6+4=10 ----- 10 - 4=6

5. Сергіту сәті: "Көңілді күн"

Жолбарыстың тапсырмасы;

№3 Үш сан аттай отырып, алдымен сандарды өсу ретімен ата, содан соң кему ретімен атаңдар.
0 ----- 4 ------ 8
10 ---- 6 ------ 2
«Сан сәулесімен жұмыс»
Яғни, сан сәулесіндегі сандардан аттау: Сан сәулесі бойындағы 0 - ден 4 - ті қалай шығарып аламын?
0 мен 4 арасында неше сан бар? 1, 2, 3 яғни 0 - ден кейін (оңға қарай) үш сан аттасақ 4 шығады.
10 - нан 6 - ны қалай шығарып алуға болады?
(Кері санау) 10 мен 6 арасында неше сан бар? 9, 8, 7, үш сан бар. Яғни, 10 - нан кері (солға қарай) үш

саннан аттаса 6 шығады.

№ 5 Есепті шығарту.

Оқушылар 3 түп өрік ағашын және 4 түп шие ағашын отырғызды.

Оқушылар барлығы неше түп ағаш отырғызды?



Ш Өрік - 3 түп. Ш: 3+4=7
Шие - 4 түп Жауабы: 7 түп ағаш.

6. Сабақты қорытындылау.

Біз не істеуді үйрендік?

7. Үйге тапсырма: Дәптер тапсырмасы
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Цирктегі жануарлардың қойылымын көрсету. (видео ролик)

Сайқымазақ балаларға сыйлығын таратады.


"Приозерск қаласының №2 МББК "КММ

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

"4санын қосу және азайту"



Өткізген: Ауесбаева А.С

1"в" сыныбы

2014-2015 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал