7


  • Учителю
  • 'отбасы мүшелері' сабақ жоспары 4-сынып

'отбасы мүшелері' сабақ жоспары 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: . Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері 2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу, оқыту, тақырыпқа байланысты жазбаша, ауызша жұмыстар орындау арқылы білімді нығайту. Дамытушылық: Тақырып бойынша, оқыту, жазу арқылы олардың сөйлеу әрекетіне жол ашу.
предварительный просмотр материала

1. Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері
2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу, оқыту, тақырыпқа байланысты жазбаша, ауызша жұмыстар орындау арқылы білімді нығайту.
Дамытушылық: Тақырып бойынша, оқыту, жазу арқылы олардың сөйлеу әрекетіне жол ашу.
Тәрбиелік: Оларды татулыққа, ойға жүйрік болуға, ізденімпаз болуға баулу.
3. Сабақтың түрі: аралас
4. Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап
5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.
6. Көрнекілігі: сөйлем құрау, слайдтар, үлістірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу ауа- райы, күз туралы аздап әңгімеге шақыра отырып ойларын сабаққа аудару.
II Үй жұмысын тексеру: Ереже, Үндестік заңына байланысты, жаңа сөздерді сұрау.
III Ой шақыру, сабақтың мақсатымен таныстыру: Осы тақырып бойынша білімдерін молайту, есте сақтау қабілетін арттыру, отбасында тату болуға үйрету. Суреттер арқылы отбасы мүшелерді атау.
IV Жаңа сабақты түсіндіру: Мақалды талдау
Мәтінмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
Тірек сызбадағы сөздер
Сергіту
V Сабақты түсіндіру: А)Балалар отбасын әдетте үш тұлға құрайды: әке, ана, бала.
Ендеше мына мақалға назар аударайық:
Әке- асқар тау,
Ана-бұлақ,
Бала-құрақ.
Осы мақалдың мағынасын қалай түсінеміз? Әке тау сияқты мықты, биік қорған. Ана су тәрізді өмірдің нәрі. Бала- тауда ағып жатқан су жағасындағы құрақ (шөп ) сияқты, яғни бала ананың қамқорлығымен өседі.
Б)Тренинг арқылы оқушыларды үш топқа бөлемін.
Ітоп Әке ІІ топ Ана ІҮтоп Бала
Осы топтар әр отбасы мүшенің үйде қандай жұмыс жүргізетінің көрсетеді, постер бойынша. Сосын өз постерлерін қорғайды. Бір топ өз жұмысын қорғағанда, екінші топ оларды бағалайды.
В) Мәтінмен жұмыс.
Мәтін сөйлемдері жазылған, қасындағы екі қатарға, дұрыс, бұрыс емес деген жазуға белгі қойылады + деген, яғни мәтіндегі сөйлемдердің дұрыс, _бұрыс еместігін анықтау.
Мәтін.
Менің отбасында бес адам бар. +
Олар анам, әкем, сіңілім, мысығым және мен. _
Cіңлім, інім бар. +
Менің әкем дәмді тамақ пісіреді. _
Менің анам ағаш жарады. _
Г) «Кім тез?» ойыны әр топтын командиры шығып, тақтадағы жапырақтарды орына қояды. Мысалы: Ер кісіге арналған сөздер- ата, әке, ұл, аға, іні. Әйел кісіге арналған сөздер- әже, ана, шеше, қыз, апа, қарындас, сіңілі.
Д) Дәптермен жұмыс.
6 тапсырма 15 бет. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу.
Дарынды оқушымен жұмыс қысқаша монолог айтту «Менің отбасым туралы».
Е) Суреттерге қарап өз отбасының мүшелері кім болып істегендері туралы айту.
Қорытынды: Бір _біріне тақырып бойынша сұрақ қою.
Рефлексия: сабақ бойынша пікірлерін смайлектер арқылы көрсетеді.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: сөздерді жаттау, 7 бет 9 тапсырма.
1. Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым
2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Отбасы мүшелерімен таныстыру, оларды атай білу және жаңа сөздер арқылы сөйлем құрай білу.Үндестік заңы мен танысу.
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты тіл байлықтарын сөйлеу әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: Туған туысты, үлкенді сыйлауға кішіні құрметтеуге баулу.
3. Сабақтың түрі: жаңа сабақ
4. Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап.
5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.
6. Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреті, сөздер, тақта.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа ыңғайлау, сабаққа дайындықтарын сұрау.
II Ой шақыру. Суреттерге қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу.
Сабақтың мақсатымен таныстыру: Отбасы мүшелерін білу, олармен сөйлем құра білу, үлкенді сыйлап кішіні құрметтей білу.
III а) «Ыстық үстел» арқылы үй тапсырманы тексеру. Сөздерді жаттау. (критическое мышление)
б) Оқушыларды шаңырақтың бөлшектері арқылы топтарға бөлу. Топпен жұмыс. (сурет салу, талдау) (групповая работа, диалоговое обучение).
І топ(шаңырақ) ІІ (кереге) ІІІ (уық)
Ата - әже Әке- шенің ұлдың- қыздың туралы айту туралы айту туралы айту
Оқушылар өз суреттерін талдағаннан кейін. Киіз үйді жинайды.
в)Үндестік заңы мен танысу. Ата,әже, апа, іні, аға, қарындас, әпке деген сөздерді жуан, жіңішке ретінде бөлу.
Мысалы: жуан- ата, жіңішке- әже. Тапсырманы істегеннен кейін ережені түсіндіру.
Сергіту сәті: «Күздік масаны» ұстау.
г) Киіз үйге қонақтар келе жатыр. «Мен отбасымда қонақты қалай қарсы аламын» -- деген тақырыпқа қысқаша көрме көрсету.
д) дарынды балалармен жұмыс- (5 сөйлем Отбасы туралы құрайды, оқиды )
е) Оқушыларды «қыз- ұл» деген екеуден бөліп- диалог құру төрт, бес сөйлемнен , сөйлесу. Бөтен оқушылар бағалайды.
Қорытынды: 6 тапсырма 15 бет.
Ережені үш оқушыдан тағы сұрап шығу.
Үйге тапсырма; 5- ші тапсырма . Сөздерді жаттау, ережені жатқа айту.
Бағалау.
Рефлексия: стикер арқылы сабақтың өткен көңілдерін жазу, айту.
1. Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы дәстүрлер.
2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Отбасының мүшелерінің тұрмыс тіршілігі, дәстүрі туралы тереңірек білу, ұғындыру .
Дамытушылық: Отбасы дәстүріне байланысты сөйлемдер, диалог және басқа амал тәсілдер арқылы, тіл байлығын молайту.
Тәрбиелік: Отбасы дәстүрлерін сақтау, татулықты, бейбітшілікті сақтауға баулу.
3. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
4. Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқыту, қызықтыру.
5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.
6. Көрнекілігі: Олардың тұрмыс тіршілігі суреті, оқулық.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын сұрау, олармен ауа райы, жыл мезгілдері туралы аздаған 5 мин әңгіме жүргізу.
II Сабақтың мақсатымен таныстыру, ой шақыру: «Дәстүр» деген сөзді түсіндіру. Мақсат: дәстүрлер туралы әңгіме ете білу, ол үшін сөйлемдерді аудару, диалог оқу, сөздер, бізге көмегін тигізеді.
III Үй тапсырмасын тексеру:Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап шығу.
IV Жаңа сабақ. А)Пазл ретінде оқушыларды топқа бөлу.
І- пазл Мерекелерді қарсы алу.
ІІ-пазл Үлкендерді сыйлау.
ІІІ- пазл Қонақ күту.
Б) Жеке жұмыс «Өз отбасымдағы дәстүрлер» - слайд, сурет, көрме ретінде көрсету. Жұмыстарды бағалайды бір парта да отырған оқушы.
В) Жазба жұмысы- фонетикалық талдау: отбасы, дәстүр, қамқор сөздеріне.
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі.
Г) Оқулықпен жұмыс- 20 бет 2 тапсырма. Мәтін бойынша диалог құру.
Д) Пазлдың жанына отбасының дәстүрлерін жазу. Мысалы: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді қарсы алу.
Қорытынды: Сөздік дәптерді қолдана отырып сөздер жарысы, мұғалім орысша сөздерді атайды оқушылар жауабын береді, өткен тақырыптағы сөздерді естеріне түсіру.
Сөздер: здравствуйте, сіңлі(сестренка ей), қарындас сестренка (ему), жақын(близкий) , бауырмал(сердечный), тату (дружно), құрмет көрсету (уважать), қамқор болу (заботиться), бірге (вместе), қарсы алу (встречать), тұру (жить).
Үй тапсырмасы: сөздерді жаттау 21бет, 4тапсырма І деңгей.
Бағалау.
Рефлексия: оқушылар сабақ бойынша өз пікірлерін айта кетеді.
Тренинг өткізу: менің атым....

1. Сабақтың тақырыбы: Біздің үй
2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер,мәтін, көрнекіліктерді қолдана отырып, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Өз пәтерлері туралы айтуға, тілдерін жаттықтыру, ой- өрісін қозғау,сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оларды тазалыққа, сұлулыққа баулу.
3. Сабақтың түрі: дәстүрлі
4. Сабақтың әдіс- тәсілі: әңгімелеу, сөйлемдер құрау, сұрақ- жауап.
5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.
6. Көрнекілігі: Бөлме ,үй суреті.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті, оқушыларды сабаққа дайындау. Олармен сабақ төңірегінде пікір алысу, 5-7 мин.
II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Өз пәтерің туралы айта білуге үйрену, сөйлеу әрекетіңді дамыту, бөлмеңді таза ұстау, ұқыптылық әдеттерін сақтау.
III Үй тапсырмасын сұрау: сөздерді жаттау 21бет, 4тапсырма І деңгей,
монолог айту.
IV Жаңа сабақты түсіндіру Мәтін оқу, суретпен жұмыс жүргізу, жаңа сөздер, сөздік диктант, оқулықпен жұмыс, сергіту.
V Сабақты пысықтау. Жаңа сөздерді оқу, әр оқушыға оқыту, осы сөздермен сөз тіркестерін құру. Сөз тіркестерінен сөйлем құрау.Сөйлемді , сөздерді дәптерлеріне жазып алу .
А)Сурет бойынша: Балалар мына суретте үйдің суреті және ондағы бөлмелер.
Қәне бөлмелерді атаймыз мына қонақ бөлме, мынау жататын бөлме, ал мынау ас бөлмесі , мынау менің бөлмем, яғнй бұл біздің үй. Біздің үй - наш дом.
Б) Балалар қәне жаңағы айтылғанға ұқсас кім өз үйі туралы не айталады? Мысалы: Мынау менің үйім, осы сөйлемді тақтаға жазамыз.Әрі қарай оқушылар сөздіктің көмегімен суретке байланысты сөйлемдер айтады. Дәптерлеріне жаза отырады.
В)Ойын бойынша оқушыларды екеуден бөлу. Ойын «Мен бүгін саған ... тілеймін».
Г) «Менің үйім» деген тақырыпқа оқушылар сұхбат құрайды. Бір- бірін бағалайды.
Д) Дәптермен жұмыс. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазу.
Менің үйім .... ауданында орналасқан. Менің үйім .... көшесінде тұр. Үйім ... бөлмелі. Үйде қонақ, жататың, менің , .... бөлмелері бар. Керекті сөздер: ас, Пролетарская, Қарабалық, төрт.
Сергіту сәті: 17 бет, өлеңді айту.
Е) «Менің үйім» туралы тақырыпқа дарынды оқушылар презентацияларын көрсетеді немесе суреттерін қорғайды
Қорытынды: Тест тапсырмалары.1. Әсем-Нұрболдың....
А)Қарындасы
Б)Ағасы
В)інісі
2.Балам, ата-.....сыйла.
А)Анаңды
Б)әжеңді
В)бауырларыңды
3.Өркенің........, балам
А)өссін
Б)ашылсын
В)көктесін
4. Келіңіз......шығыңыз
А)Төрге
Б)Оңға
В)Ас бөлмеге
5. Атам дастарханға .........берді.
А)Тамақ
Б)Ақша
В)Бата.
Таныс емес сөздердің аудармасын тақтаға жазып қою, соның көмегімен тесті орындау.
Үй тапсырмасы: «Менің үйім» монолог, 2тапсырма 23бет.
Бағалау.
Рефлексия: оқушылар сабақтың жақсы, жаман жерлерін стикерге жазып оқиды.








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал