- Учителю
- Туған өлкем Әдебиеттік оқу 2 сынып
Туған өлкем Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем. Өтебай Тұрманжанов.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігін паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі болашақтың қолында екенін ұғындыру. ә)Тәрбиелік: Туған жерін, елін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
б)Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой - пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін, сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу, дамыту.
Сабақ әдісі: Сабақ дамытушылық түрде өтіп, ой қозғау, сұрақ - жауап әдістері қолданылады.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал - мәтел, жалаушалар, нақыл сөздер.
I.Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Туған тілім. Дихан Әбілов
Өлеңді жатқа айту. Қосымша сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Үй жұмысын қорытындылау.
-Біздің ана тіліміз қай тіл?
-Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?
-Қазақстан Республикасының іс қағаздары қай тілде жазылады?
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Алдымызда қандай мерекелерді тойлағалы отырмыз?
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қай жылы қабылданды?
-Балалар, біздің тілімізді, елімізді қорғап қалу үшін батырларымыз тер төкті.Олар білектің күшімен, найзаның ұшымен шайқасты.Биыл «Қазақ хандығының -550» жылдығын тойлап отырмыз.(Слайд)
ІҮ. Жаңа сабақ
Туған өлкем. Өтебай Тұрманжанов
Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде
оқып білім алды. Тәшкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі болды. Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Өмірінің сонғы жылдары "Жазушы" баспасында бөлім меңгерушісі кызметін атқарған. Л.Н.Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. "Казақтың мақал-мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө.Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ө.Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.
V. Сергіті сәті
VI.Электронды оқулықпен жұмыс.
Тапсырмалар:
1.Тыңдалған ән мен ақынның өлеңін салыстыр.
2.Өлеңнің ұйқасын анықта.
3.Суреттерді өлең шумақтарына сәйкес орналастыр.
4.Өлең шумақтарын жалғастыр.
VII.Бес жолды өлең құрастыру.
«Қыран» «Тұлпар» «Гүл»
VIII.Ойын: «Мәтін құрастыр»
Ойын шарты: Берілген суреттер бойынша байланыстырып мәтін құрастыру.
IX. Ән: «Көк тудың желбірегені»
X .Қорыту:
XI. Үйге тапсырма:1. «Туған өлкем» жаттау
2. «Менің туған жерім» эссе жазу.