7


ҒЫлыми жоба 'Кактус' 3-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мазмұны

І.Кіріспе-------------------------------------------------------------------------- 1 бет

ІІ.Негізгі бөлім

Алғы сөз ----------------------------------------------------------------------- 2 бет

Тікенекті,жуан және ерекше өсімдік

1.1.Кактустың түрлері, оған сипаттама ------------------------------------- 3-4 бет

1.2.Америкалық селекционер Лютер Бербанктің еңбегі -------------- 5-6 бет

1.3.Кактусты күту әдістері --------------------------------------------------- 7- бет

Қорытынды ------------------------------------------------------------------- 8 бет

Әдебиеттер --------------------------------------------------------------------- 9 бет


Кіріспе

Мәселе

Кактус өсімдігі тұрмыста қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.

Мақсаты:

Бөлме өсімдіктерінің бірі кактустың түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену.

Міндеттері:

  • Кактус өсімдігіне қатысты кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;

  • Кактустың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;

  • Америкалық селекционер Лютер Бербанктің еңбегімен танысу .

Нысаны: кактус

Пәні: биология

Болжам: егер біз кактус жайлы оқып білсек, онда бұл өсімдіктің көптеген сырларын ашар едік.

Нәтижесі: іздену нәтижесінде кактус шырынын пайдаланып жараны тазарту,қан тоқтату,жараға таңуға қолдану.

Қандай өсімдікті жақсы көресің?- десе, көп адам гүлді атайды. Ал мен кактусты ұнатамын.

Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді.

СССР Мемлекетт сыйлығының

лауреаты, белгілі ақын Самуил

Яковлевич Маршак:

Болса да данасы дананың,

Өсімдік-шын тегі адамның .

Арланып жүрмеңдер ағаш деп,

Алғашқы тегіміз-ағаш, шөп.

Біз содан төзім, күш, нәр алдық,

Өміршең адам боп жаралдық.

Алғы сөз


Өсімдіктер-тірі организм, олардың сан алуан түрлері түрлі ортада тіршілік етеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша жербетінде тек гүлді өсімдіктердің ғана 300 мыңға жуық түрі өседі.

Кейінгі кездері мектеп, балабақша, салтанат сарайында, әсем ғимарат орындарында гүл өсіру мәселесіне аса мән берілетінін көріп жүрміз. Түрлері де көп. Ендеше гүлді тек жердің көркі деп түсінбей, үй жайларда өсіріп, шұғылданумен айналыссақ еш артықтық етпейді. Оларды аялап,күтсең оның да саған деген пайдасы болмақ.

Адам баласының өсімдік өсіруге ерте кезден-ақ әуестенгені бізге мәлім. Өсімдіктерді бірнеше мақсатпен өсіреді, соның бірі-бөлме өсімдіктерінің сәндік мақсатта өсірілуі. Бөлме жағдайында өсірілетін өсімдіктердің басым көпшілігі Еуропадан, Африкадан, Азиядан, Австралиядан, Американың тропиктік және сутропиктік аймақтарынан әкелінген .

Сондықтан да бөлме өсімдіктерінің алатын орны ерекше. Соның ішінен ине тектес кірпіге ұқсап қалған кактустарды алайық.

Тікенекті, жуан және ерекше өсімдік

1.1. Кактустың түрлері, оған сипаттама

Толық әрі инелі кактус басқа өсімдікке ұқсамайды. Америка ашылғаннан кейін, осы жабайы өсімдікті Еуропадан әкеле бастады, Петербургте бірінші ботаникалық бақ ашылды.

Бұл инелі жабайы өсімдіктер құрғақ, ашық, суы аз жерде өмір сүреді. Кактустың инелері жерге түссе, сол жерге кактус өсіп шығады. Оның бойы толған су. Бұл өсімдік суды бойында ұстайды. Өсімдік тамырлары арқылы маңайындағы суды өзіне тартып алады. Жерге түскенде жылдам тамырланады. Кактус ауаға ылғал жібермес үшін жуан қабықпен қапталған. Ең үлкен кактустың іші 2000 литр суға толы болады. Жануарлар үшін жақсы азық болып табылады.

Инелері көлемі жағынан әр түрлі болады: дөңгелек, түзу, жалпақ, имек әрі жұмсақ . Олардың ұзындығы 1 мм-ден 25 см-ге дейін. Инелердің қорғанудан басқа тағы бір белгісі-ауадағы ылғалды жұту.

Кактустың мынадай түрлері бар:

1.Перескии кактусы

2. Опунций кактусы

3. Нотокактус

4. Дөңгелек қабырғалы кактус

5. Алып карнегия кактусы

6. Көпқабырғалы кактус

7. Селеноцерус кактусы

8. Карезон кактусы

Мексиканы кактустар мекені деуге болады.

Перескии кактусы Мексикада, Индияда өседі. Оның тұқымы ішінде өседі. Перескии кактусының ағаш тәрізді сабағы, жапырағы және инелері болады. Опунциидің жапырағы ұсақ 2-5 мм. Олар өте шырынды. Көктемде өте қысқа мерзімге пайда болады., одан кейін солып жерге түседі Опунциидің тұқымы ішінде өседі. Кактусты өте ертеде медицинада пайдаланады. Ол-ревматизм, жүрек ауруына ем. Кактус гүлдері өте әдемі, ал кактустың өзі әр түрлі әрі қызық. Көбінесе бұл өсімдікті үйде өсіреді.

Осы қызық өсімдік біздің үйімізде гүл ыдыстарына қатып қалған сияқты. Олар өте баяу өседі, сирек гүлдейді. Оларды тіпті суармай-ақ қоюға болады. Бұл жасыл дөңгелек тікенекшелер өмірге бейімсіз түр танытады. Бірақ осы сүйкімсіз өсімдіктер кенеттен, күтпеген жағдайда гүлдейді.

Опунция Мексиканың гербін әрлдендіреді.

Нотокактустың өне бойына бір мезетте бір немесе көп жұлдызға ұқсаған гүлдер шығады. Көп жылдық жаңғақ тәрізді дөңесқабырғалы кактусты әдемі, бірнеше ашық әрі нәзік гүлдер шығып әшекелейді.

Кактустар түсіне, көлеміне қарай әртүрлі. Ең ірі кактус-селеноцерус, оның ұзындығы-24 см. Оны кактустардың ішінде ең әдемесі деп «Түн патшасы» деп атайды. Оның ақ гүлдері түнде ашылып, күн шығысымен қайта жабылады. Кактустар баяу, жылына 2-3 см-ге өседі.

Кактустың көптеген түрі Перу, Чили; Аргентина шөлді далаларында өседі. Кактустың көбінде хлорофил болады. Тікенектерінің ұзындығы

25 см-ге дейін жетеді. Ол өсімдікті күннің көзінен сақтайды, жоғарғы жағына ылғал жинайды.

Кактустың ерекше жері: тікенегі, сабағы, гүлінің іші шырынға толы болады. Олардың ареолдар дейді. Ареолдар кактустарда ғана болады. Олардың ерекшелігі осында. Олар ауаның ылғалын жұтып, одан жерге түсіп бекиді және осылайша көбейеді.

Кейбір кактустың инелерін кей жерлерде тарақ, щётка ретінде пайдаланады. Карезон кактусы қан тоқтатуға көмектеседі,өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактустың кішкене бөлігін таза пышақпен кесіп ал да, оны жараның бетіне салып, қатты қысып тұрыңыз. Қан тоқтаған кезде кактусты жараның бетіне салып, жалпақ матамен қысып таңып тастаңыз. 2-3 сағаттан соң таңуды алып, жараны қайнаған сумен және сабынмен жуып тазартыңыз.Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.


  1. Америкалық селекционер Лютер Бербанктің еңбегі.

Кактус өсімдігі бізде тек оранжереяларда әсемдік және үй өсімдігі ретінде ғана өсіріліп келеді. Алайда, кейінгі жылдары бұл өсімдікке халықтың қызығушылығының артқаны сондай, бұған арналып толып жатқан кітаптар шықты. Кактус өсіретін мекемелерге әуесқойлардан күніне ондаған хаттар келіп түсіп жатады. Халықты соншалықты қызықтыратын мұның қандай қасиеті бар? - дейсіз ғой. Мұның адам қызығатын қасиеті көп.

Бәрі ретімен ...

Кактустың бірінші қасиеті - пішінінің құбылмалылығы және түрінің көптігі. Біз көріп жүрген оранжереяларда өсетін кактустардың өзінен-ақ мың құбылған түрлері мен формаларын кездестіруге болады.

Ұшы - қиыры жоқ түстік Американың бұл сахарасының қай түпкіріне барсаңыз да денесін тік көтеріп, маңғаздана өсіп тұрған өсімдікті көруге болады. Бұл - цереус деген кактус. Биіктігі жиырма метрге жететін бұл кактустың жерді жарып шыққан етжеңді бөлігі орта шеніне барып, қайтадан жуандап кетеді.

Америкалық селекционер Лютер Бербанк бес жылдан аса уақытын жер жүзінен кактустың көптеген түрлерін жинап, оның биологиясын зерттеп, будандастырудың әдісін ойлап табуға жіберді. Бірақ, ғалымды жұмыстың ең қиыны алда күтіп тұр еді. Бұл жөнінде ғалым кейін былай деп естелік жазды: « Бес жылдан аса уақыт бойы кактустың гүлдеу кезін зерттеу мен үшін күні - түні бірдей азап болды. Әлденеше рет енді кактуспен жұмыс істемеспін деп шын жүрегіммен бекіндім. Сол кездегі өз жағдайымды еске түсіріп отырып, сол жұмыстарды қайталап шық десе, ешуақытта келісім бермес едім ».

Ғалым он мыңнан аса кактус өсімдігімен күні - түні жұмыс істеді. Толып жатқан қиындықтар ғалымның жолын кес - кестей берді. Мысалға, кактустың тозаңдануы күннің ең ыстық кезінде жүреді және бұл кезде гүлі

15 минут қана ашық тұрады. Ал, аптап ыстықта әр гүлдің ашылуын аңдып тұрып, мыңдаған гүлді қолдан тозаңдандыру керек. Бұл ғалымның қанша уақытын алып, жүйкесін жұқартқандығы өзінен - өзі түсінікті.

Ақырында, ол тікенексіз кактустың өте құнды буданын алды.

Кактустың мал азығындық сапасына келсек, ол өте жұғымды. Шөл, шөлейт жерде бұл қуатты кактуспен тамақтанған ірі қара, шошқа және үй құстары ешуақытта су іздемейді, тез салмақ қосады. Себебі суы да, жемі де сол кактустың ішінде. Бір қызығы, бұл жануарлардың еті де айрықша дәмді болады. Бербанк қарусыздандырған Опунция кактусы басқа туыстарына қарағанда, өте ыстық кезде отырғызғанды жақсы көреді. Мамыр мен қыркүйек айларының арасындағы ыстық және құрғақ кезде олар жақсы көбейе алады.

Өсімдіктің денесінің қай жері болсын: мейлі ол сабағының бір түйірі, гүлі, тіпті жетілмеген жемісінің өзі жаңа жерге отырғызылғанда өсіп кете береді. Бербанк тіпті оның еденде, асханадағы пештің үстінде де өсіп тұра бергенін байқаған.

Опунцияның бір түйірін салқындау кезде отырғызу керек болса, оны аздап кептіріп алса болды өсе береді. Ал отырғызатын өсімдікті қалай болса солай: қырынан да, жатқызып та, тігінен де, көлденеңінен де отырғыза беруге болады.

Бұл кезде топырақтың тереңдік тәртібін сақтаудың түкке қжеті жоқ. Кактустан жиналатын жасыл массаның жартысына жуығы - оның жемісі.

Ашық қызыл түсті өте әдемі жемісінің дәмі инжирдің дәміне ұқсайды. Оны жастай да, консервілеп те жейді, джем және варенье жасайды.

Алынатын пигменті құнды бояу заты ретінде кондитер және балмұздақ өндірісінде пайдаланылады.

Опунцияның денесінде тіршілік ететін өте кішкентай кошенин құрты да іске жарайды. Оларды кептіріп қойса, ашық қызыл түсті, өте құнды - кармин деген бояу зат алуға табылмайтын шикізат көрінеді

Міне, тентек кактустың сыры осындай екен.


  1. Кактусты күту әдістері.

Ине түктес кірпіге ұқсап қалған кактустар өзінің әсем гүлдерімен әрі төзімділігімен ерекшеленеді. Кактустар әр түрлілігімен адамды өзіне баурап тұрады. Бұл өсімдіктерге аса күтім қажет. Формасының түзу сақталуы үшін жарық көп түспей, топырағы қалыпты температурада тұрғаны жөн.

Кактустар күздің соңына дейін жүйелі түрде өседі. Қысқа қарай оларды жақсылап суарып көлеңке жерге қояды, сөйткенде ерте көктеммен бірге көктейді. Қыс бойы өсімдік көлеңкеде тұрғандықтан оны күн сәулесі көп түсетін жарық жерге бірден қоймау керек. Кактустарды сәуірдің басына дейін сусыз ұстаған жөн. Ара - тұра дымқылдандырып отырғанымыз болмаса, наурыздың ортасынан бастап қана жақсылап бір суарып алып, содан соң бірте - бірте суды азайту керек. Бұл өсімдікті тұқым сеуіп отырғызуға да болады

Негізінде кактустарды ақпан мен наурыздың аралығында отырғызған жөн. Терең, кең ыдысқа отырғызу дұрыс емес, мұндай ыдыстан ыстық леп шығып, буланып тұрады. Қыш ыдыстан гөрі пластик ыдысқа отырғызған жөн.

ҚОРЫТЫНДЫ « БӨЛМЕ ЖӘНЕ ОРАНЖЕРЕЯ ӨСІМДІГІ РЕТІНДЕ

ҚҰРМЕТКЕ ИЕ БОЛҒАН ӨСІМДІК »


Бөлмеде өсетін өсімдіктерге жақсы күтім керек. Бұларды дұрыс суару, топырағын қопсыту, таза ұстау, үстеп қоректендіру, берілетін тыңайтқыштардың мөлшерін, түрлерін білу - әрбір оқушының міндеті.

Жасыл өсімдіктер және солар арқылы табиғаттағы зат алмасуы жер бетінде тіршіліктің болуын қамтамасыз етеді. Жасыл өсімдіксіз жерде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Қазақта « Бір тал сындырсаң, он тал ек » деген өсиет бар.

Қоршаған ортаны ластанудан сақтау үшін техникалық құралдарды жетілдірумен бірге өсімдіктерді кеңінен пайдаланудың тиімді екені келтірілген мысалдардан айқын көрінеді. Өсімдіктердің адамға тигізер пайдасы сан алуан. Олар тамақ та, киім де, құрылыс материалы да, мал азығы да болып табылады.

Әсіресе, өсімдіктердің денсаулық сақтаудағы ролі ерекше, олар көптеген ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады, сондықтан өсімдіктердің әрқайсысын бағалап, оларды қорғай білуіміз керек. Мысалы, кактус өсімдігіне тоқталсақ: мал азығы да, су да, джем және варенье де, табылмайтын шикізат та бола алады. Кактус қан тоқтатуға көмектеседі,

өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.Өзіміз мекендейтін аймақты көгалдандыру арқылы өсімдік байлығын көбейтіп, өз денсаулығымызды сақтауға да үлес қосамыз. Кактусты компьютердің қасына қояды.Өйткені кактус электр қуатын өзіне тартып алып біздің денсаулығымызға зиян келтіруден қорғайды.Сондықтан әрбір мектеп оқушысы жасыл желектердің досы болуды өзінің адамгершілік борышы деп қарауы керек.

Сөзімнің соңында кактустың осыншама қызықты жайлары мен пайдасын білгеннен кейін сіздерді де кактусты жақсы көруге, оны күтіп баптауға шақырамын.

Қолданылған әдебиеттер


1.Әбілев Д.Өсімдіктер тіршілігінің кейбір сырлары «Мектеп»Алматы-1978


2.П.С. Массагетов «Өсімдік әлеміне саяхат».


3. С.Турдиев,Р:Седых,В.Эрихман Кактусы «Қайнар»Алма-Ата 1974

4. Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы Алматы -1989


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Тақырыбы:

Кактус

гүлі


Орындаған:

сынып оқушысы.

Жетекшісі:

Бастауыш сынып мұғалімі,

Бірлік негізгі мектебі, Шал акын ауданы.


Қарағанды - 2010


Опунций кактусы








Опунцийдің жапырағы ұсақ 2-5 мм. Олар өте шырынды. Көктемде өте қысқа мерзімге пайда болады, одан кейін солып жерге түседі. Опунцийдің тұқымы ішінде өседі. Кактусты өте ертеден медицинада пайдаланады. Ол - ревматизм, жүрек ауруына, тері ауруына, қант ауруларына ем.

Мысалы: 100 г опунцияның құрамында 1 г - белок, 0,2 г - май, 22 г - көміртегі,

40 мг - кальций, 56 мг - фосфор, 0,6 мг - темір, 4 мг - натрий, 331 мг - калий,

130 МЕ - А витамині(каротин), 0,02 мг - тиамин (витамин Е), 0,06 мг- балық майы (витамин В 2), 0,7 мг - ниацин, 45 мг - аскорбин қышқылы.

Опунцияның каллорилығы - 84 килокаллорий. Кактус гүлдері өте әдемі,

ал кактустың өзі әр түрлі, әрі қызық. Көбінесе бұл өсімдікті үйде өсіреді.

Осы қызық өсімдік біздің үйімізде гүл ыдыстарына қатып қалған сияқты. Олар өте баяу өседі, сирек гүлдейді. Оларды тіпті суармай-ақ қоюға болады. Бұл жасыл дөңгелек тікенекшелер өмірге бейімсіз түр танытады. Бірақ осы сүйкімсіз өсімдіктер кенеттен, күтпеген жағдайда гүлдейді.

Нотокактус




Нотокактустың өне бойына бір мезетте бір немесе көп жұлдызға ұқсаған гүлдер шығады. Көп жылдық жаңғақ тәрізді дөңесқабырғалы кактусты бірнеше әдемі ашық, әрі нәзік гүлдер шығып әшекейлейді.

Олар жай өседі, 3-5 жылда ғана гүлдейді. Ашылған гүлдері 5 күнге

дейін немесе одан ұзақ тұрады.

Нотокактус жаз мезгілінде гүлдейді.


Селеноцереус кактусы



Ең ірі кактус - селеноцереус, оның ұзындығы - 24 см. Селеноцереус кактустардың ішінде ең әдемісі болғандықтан оны «Түн патшасы» деп те атайды. Оның ақ гүлдері түнде ашылып, күн шығысымен қайта жабылады. Оның хош иісі әтірге ұқсас. Кактустар баяу, жылына 2-3 см-ге өседі. Бұл кактустан жүрекке қажетті емдік дәрі жасалынады. Ол дәрі «Патшаның алтын емі» деп аталады. Кактустың емдік қасиеті жоғары.

Карезон кактусы





Карезон кактусы қан тоқтатуға көмектеседі, өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Карезон кактусын қан тоқтатуға қолдану тәсілі: кактустың кішкене бөлігін таза пышақпен кесіп алып, оны жараның бетіне салып, қатты қысып тұрыңыз. Қан тоқтаған кезде кактусты жараның бетіне салып, жалпақ матамен қысып таңып тастаңыз. 2-3 сағаттан соң таңуды алып, жараны қайнаған сумен және сабынмен жуып тазартыңыз. Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.









Опунция Мексиканың гербін әрлендіреді.

Лютер Бёрбанк


Американдық селекционер, бағбан



Американдық селекционер Лютер Бербанк бес жылдан аса уақытын жер жүзінен кактустың көптеген түрлерін жинап, оның биологиясын зерттеп, будандастырудың әдісін ойлап табуға жіберді. Бірақ, ғалымды жұмыстың ең қиыны алда күтіп тұр еді. Бұл жөнінде ғалым кейін былай деп естелік жазды:«Бес жылдан аса уақыт бойы кактустың гүлдеу кезін зерттеу мен үшін күні-түні бірдей азап болды. Әлденеше рет енді кактуспен жұмыс істемеспін деп шын жүрегіммен бекіндім. Сол кездегі өз жағдайымды еске түсіріп отырып, сол жұмыстарды қайталап шық десе, ешуақытта келісім бермес едім».

Ғалым он мыңнан аса кактус өсімдігімен күні-түні жұмыс істеді. Толып жатқан қиындықтар ғалымның жолын кес-кестей берді. Мысалға, кактустың тозаңдануы күннің ең ыстық кезінде жүреді және бұл кезде гүлі 15 минут қана ашық тұрады. Ал, аптап ыстықта әр гүлдің ашылуын аңдып тұрып, мыңдаған гүлді қолдан тозаңдандыру керек. Бұл ғалымның қанша уақытын алып, жүйкесін жұқартқандығы өзінен-өзі түсінікті.

Ақырында, ол тікенексіз кактустың өте құнды буданын алды.















Биология пәнінің мұғалімі Кушкенова Айгүлден мәліметтер жинау үстінде
































Интернет жүйесінен мағлұматтар іздестіруде





























Мектептің шағын гүлбағындағы кактустерді бақылау



Кактусты күту





























Кактустың емдік қасиеті

















Мектеп гүлбағына саяхат

Жас зерттеуші Ахметова Акжан

ғылыми жетекшісі Кузембаева Ляззатпен бірге












 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал