7


  • Учителю
  • Урок по математике на тему'Сандарды жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау'

Урок по математике на тему'Сандарды жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Математика 3 сынып


Тақырыбы: Сандарды жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау

Мақсаты: 1.Білімдік

Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау арқылы оқушылардың

білімін,біліктілік дағдыларын тиянақтау және бекіту;

2.Дамытушылық

Оқушылардың ақыл-ойын,ой-өрісін дамыту,логикалық ойлау қабілеттерін,

шығармашылық ізденістерін дамыту;

3.Тәрбиелік

Балаларды бірлікке,ынтымақтастыққа,әдептілікке тәрбиелеу


Көрнекілік: жұлдызшалар,үлестірімділік карточкалар,суреттер,математика пәні

туралы нақыл сөздер.

Түрі: топтық сайыс

Әдісі: көрнекілік,сұрақ-жауап,ізденіс


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу;

ә) Оқушыларды түгендеу;

б) Сабақтың мақсатын хабарлау

Бүгінгі сабаққа екі топ қатысқалы отыр. І топ- "Алғырлар"

Ұраны:" Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім", түсі- қызыл жұлдызшалар

ІІ топ - " Ойшылдар"

Ұраны: " Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ",түсі- көк жұлдызшалар


Қызығушылығын ояту.

Уа,жараңдар,жараңдар! Сабағымызды бастаймыз

Мына бізге қараңдаңдар Құрметті жас достарым,

Мінекей сыныпта тыныштық Мұны жақсы ұғайық

Естілмейді дыбыс түк. Математика пәні

Ғылымдардың атасы Құрметтеуге лайық

Математика пәнінен


Математикалық домино:

"Алғырлар"тобы бірінші қатардағы есептерді,ал " Ойшылдар"тобы екінші қатардағы

есептерді шығарады

300·4 250:5

720:8 70·4

60·6 320:8

40·5 800:2

900:3 30·9


  • Жұлдызшамен бағалау

Ойын " Кім жылдам?"

  • Амалдарды орындау

Әр топтан бір оқушыдан тақтаға шығады.

234·2+143·2= ( 986-653)+56:28=

( 915:3+50):5= ( 265+467)- 54:18=

-Олар оындағанша,қалған топ мүшелері қысқаша жазылуы бойынша есептер

құрастыру


  1. 95кг-нан 3қап 2. 57кг-нан 4 жәшік

75кг-нан 5 қап 68кг-нан 2 жәшік

-Жұлдызшамен бағалау


Өлшем бірліктеріне өрнекте:

875см=мдмсм 890см=мдмсм

608см=мдмсм 401см=мдмсм

2м5дм0см=см 5дм1см=см

7м3дм2см=см 6дм8см=см

- Қай топ тез және дұрыс жазады

- Жұлдызша жинау


Сергіту сәті

Логикалық есептер

1.Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр.Қанша қоян тығылып

отыр? (5)

2.Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды.Бір аяғымен тұрса,

оның массасы қандай болады? ( 2кг)

3.Ауылда 4 күн,4түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты? ( 4)

4.Бір адам қалаға бара жатыр еді.Жолда оған танысы қарсы келді.Қанша адам

қалаға барды? (1)


Теңдеулерді шеш:

1 топ орындайды 2 топ

65: х= 39:3 490:х= 700:100

96+у= 20·50 10· у= 600-470


  • Орында отырып,қалған оқушылар санның квадраты мен кубын санның көбей-

тіндісімен алмастырып,есептейді

8² = 8·8=64 10³ =10·10·10=1000

0² =0·0=0 9² =9·9=81

3³ =3·3·3=27 4³ =4·4·4=64

1³ =1·1·1=1 2² =2·2=4


  • Бағалау


"Бәйге" қорытынды кезең,бұл капитандар сайысы.Берілген сұраққа 1 минут

ішінде қай топ басшысы көбірек жауап береді:

"Алғырлар"

1.Ұзындық бірліктерін ата ( мм,м,дм,км,см)

2.Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады? (кесінді)

3.Тоғызға қандай санды көбейткенде,81 саны шығады? (9)

4.Қосу амалының компоненттерін ата.(қосылғыш,қосылғыш,қосындының мәні)

5.а=2см,в=4см S-? (8см²)

6. 350-150 айырмасы нешеге тең ? (300)

7. 1дм -де неше см бар? (10см)

8. х+30= 60 х-тің мәні нешеге тең? ( 30)

9.Қуат бір күнде кітаптың 5 бетін оқыды.3 күнде неше бет оқиды? (15)

10. 64 қай санның квадраты? (8)

11.Жеңіс қай күн?(9-мамыр)

12.Ғасырда неше жыл? (100жыл)

13.Ең үздік баға?(2)

14.Қай жылы тудың?

15.Сабақ нешеде басталады?(9-да)

16.Отбасында қанша адам бар?

17.Бастауышты неше жыл оқисын?(4)


Ойшылдар:

1.Уақыт бірліктерін ата(cағ,мин,секунд,жыл,ғасыр)

2.Мыңда неше 0?(3)

3.10·=100(10)

4.Азайтудын комп-н ата

5.а=6см,в=3см,S-?(18см²)

6.750-350нің айырмасы(400)

7.1т неше кг болат? (1000)

8.х+40=80(40)

9.Алмас 1сағ-та 4км жол жүрді,3сағ неше км жол жүреді?(12)

10.81қай санның квадраты?(9)

11.тәуелсіздік күні?(16желтоқсан)

12.бір жылда неше ай?(12)

13.Ең нашар баға?(2)

14.Туған кунын қай күн?()

15.Жалпы мектепте неше жыл оқисын?(11)

16.5-сыныпта жасын нешеде болады?()

17.таңертенгілік жаттығу нешеде басталады?(8.50)

Математика-толған тәртіп

Мағына мен мән

Матем-ка-толған тамаша заңдылық пен сән

Матем-ка толып жатқан сыр

Шетсіз,шексіз дариядай бейне бір дей отырып бүгінгі сабақ аяқтаймыз.

Қорытынды:қай топ жеңді?жұлдызшаларды санаймыз-келген қонақтарға келесі кездескенше сау болыңыздар,бізге жиі келіп тұрыныздар.қадамдарыныз әрдайым ақ болсын демекшіміз

Әліппе сабағы

С.Махамбетова

Жарқын орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Тақырыбы:Ф дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

1.Білімділік:Ф дыбысы мен әрпін таныту,сөз ішінен таптыру;

2.Дамытушылық:Оқушылардың тіл байлығын арттыру,ой-өрісін дамыту;

3.Тәрбиелік:Ата-баба салтын сақтауға тәрбиелеу

Түрі: саяхат сабақ

Әдістер: сұрақ-жауап,әңгімелесу,түсіндіру

Көрнекілік:кеспе әріптер,буындар,суреттер

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру

Бүгін,балалар,ерекше сабақ өтпек.Сыныбымызға қонақтар келіп отыр.Сендер-

дің білім деңгейлердің және әдептіліктердің қаншалық дамығанын байқап,

сынап көреді.

Ал,біз енді «Білім» ауылына келдік деп есептеңдер.Мына бір шеткі үйге

жақындайық.

-Үйдің қасында кім тұр?

- Ата

-Иә,бұл кісі осы үлкен үйдің ақсақалы.

-Балалар,үлкен кісімен қалай сәлемдесу керек?

-Ұлдар қол беріп,амандасады,қыздар иіліп сәлемдеседі

1 - оқушы:Біз білім жасына түсіп келе жатқанымызға да 3 ай болды.

II.Ойын«Сақ бол»

Тәртібі:қазір мен сөздерді айтамын,ал сендер сөздің бірінші дыбысы қандай

дыбыс екенін көрсетіңдер(керісінше)

Өзен,көже,қасық,үкі,дүрбі,ұршық,ит,тай,шай,ыдыс

Сұрақтар:

А) дыбыс дегеніміз не?

Ә) әріп дегеніміз не?

Б)дыбыстар неше топқа бөлінеді?

В)буын неден құралады?

Г)сөз неден құралады?

III.Ойын «Кім зерек?»(тақтадан сөздерді оқу)

-Балалар,үлкен үйдің ақсақалы сендердің білім жолымен келе жатып не біліп,

не көргендеріңді мұқият тыңдап риза болып тұр.Білім сырын ұғу үшін көптеген әдіс-тәсілдер.Солардың бірі жұмбақ шешу.Оны өлең жолдарымен

бастайық.

Сергіту сәті(билеп тұрып)

Кел,балалар,ойнайық

Ойнайық та ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық

Жұмбақ шешу:

1.Бір құлағы сөйлесе

Бір құлағы тыңдайды

Білсең айтшы ендеше

Жұрт не дейді мұндайды (телефон)

2.Судан шашақ шашылды

Су тоқтаса басылар (фонтан)

IV.Жаңа сабақ

Фонтан сөзінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? -Ф-хормен дыбыстау

Орыс алфавитінен келген дыбыс.Бұл дыбысты белгілейтін әріптерді көріңдер

(баспасын,жазбасын,үлкенін,кішісін)

-Мынау не?

-Футбол добы

-Ф дыбысы сөздің қай жерінде тұр?

V.Дәптермен жұмыс

Ф әрпін жазу

VI.Оқулықпен жұмыс

А ) бұл не? -Фонар

Ә) сөздерді оқыту (баспа,жазба)

Б)сурет бойынша әңгіме(фонтан)

Ойын«Көрші-көрші»

Шарты:кеспе буындардан сөз құру.Мысалы:фо-то

-Балалар,аталарың сендердің білімдеріңе өте риза.Дұрыс жолмен келесіңдер деп,өзінің батасын береді:

Жортқанда жолың болсын,

Жолдасың қыдыр болсын,

Білімдерің әрқашан мықты болсын(әумин)

VII.Қорытынды :

-Не істедік?

-Сабақ ұнады ма?

- Сабақта белсенділік көрсеткен үшін сендерге үлкен рахмет.Сау болыңдар.



Қазақ тілі 2 сынып

С.Махамбетова

Жарқын орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Тақырыбы:Сөйлем.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыда сөйлем,сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері

туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау;

Дамытушылық:Оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру

арқылы оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру;

оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;

Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа,бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу;алған білімде-

рін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,талдау,жинақтау,өз бетінше жұмыс

Көрнекілігі:суреттер,тірек-сызба,қима қағаздар

Пәнаралық байланыс:өзін-өзі тану

Барысы:

I.Психологиялық тренинг

Шаттық шеңбер

Хормен:

«5» болсын алар бағамыз

Біліммен бақыт табамыз

Өнерменен өрістеп

Өсе берсін санамыз

II.Қызығушылығын ояту

Жұмбақ шешу

1.Жылт-жылт еткен

Жырадан өткен (су)

2.Тәтті,тәттінің іші қатты

Қаттының іші тәтті (өрік)

3.Төрт тесіктен өткен

Қадап оны кеткен (ине)

4.Тастан-тасқа секірген

Ұзын,салпақ құлақты

Қойдан маза кеткен

Кім білмейді... (лақты)

5.Ти десем,тимейді

Тиме десем,тиеді (ерін)

6.Отқа жанбас

Суға батпас (мұз)

-Балалар,қандай сөз шықты? (сөйлем).Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай деп

ойлайсыңдар?

-Иә,сөйлем туралы ,оның түрлерімен танысамыз.

III.Жаңа сабақ

Балалар,тақтаға қараңдар.Қайсысы сөздер,қайсысы сөйлем деп ойлайсыңдар?


Шекара,ел,қорғайды Шекарашылар күзетте тұрады.

-Сөйлем неден тұрады?

- Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады

-Бас әріптен басталып жазылады

-Сөйлем нені білдіреді?

-Белгілі бір аяқталған ойды білдіреді

Балалар,мына үйде сөйлемнің Тыныс белгісі деген ақылғой шешесі бар екен.

Қасындағы 3 қызының біреуі тиянақты сөйлесе,екіншісі тек сұрайда,ал үшіншісі

бірде ренжіп,бірде қуанып,бірде бұйырып сөйлейді екен.Соған қарамастан,ол

қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты.Қалай ойлайсыңдар, бұлар нелер?

-Дұрыс,олар ? - сұрау белгісі

! - леп белгісі

. - нүкте

IV.Сергіту сәті

Достығы жарасқан

Сыйлы біз баламыз

Келісіп бәрімен

Татулық табамыз

Бәріміз бір болсақ

Бәрін де жеңеміз

Күндей боп күлімдеп

Таудай боп өсеміз

V.Тақтада

-Ал енді тақтаға қараймыз.Сөйлемдерді оқимыз.

1.Ауылдан әжем келді.

2.Жапырақтар қандайәдемі болып сарғаяды!

3.Сенде қарындаш бар ма?

-Сөйлемнің соңына қойылған тыныс белгісіне сай дауыс ырғағымен оқимыз және бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әртүрлі.Ойланып көрейік.

-Дұрыс,балалар,бұл сөйлемдер айтылу мақсатына және сазына қарай біреуі

жай ғана хабарлап тұрса,екіншісі сұраулық мағынаны білдіреді,үшіншісі -

ренжуді,таңдану,сүйсінуді білдіреді.

Ойын«Орныңды тап»(топпен жұмыс)

Сендерге бөліктерге бөлінген бінеше сөз жазылған қима қағаздар жатыр.Сол

сөздерден сөйлем құрастыру қажет.

А) Абзал жылы киінді.

Ә) Нұрай нешінші сыныпта оқиды?

Б) Алақай,анам келе жатыр!

-Сөйлем қандай әріптен басталып жазылған?

- Не үшін тыныс белгісі қойылды?

Шығармашылық жұмыс

Топтарға тапсырма

Тыныс белгілеріне сай сөйлемдер құрастыру

Ойын «Адасқан сөйлемдер»

-Берілген сөйлемдерді апарып өз орнына қою

Астана-Отанымыздың жүрегі

Ыстық қой,шіркін,туған жер

Бәйтеректің басына шықтың ба

VI.Қорытынды

Сөйлем


Бірінші сөзі аяқталған бір-бірінен

бас әріптен кейін тыныс бөлек жазылатын

басталып белгісі сөздерден

жазылады қойылады құралады


нүкте сұрақ белгісі леп белгісі


хабарлы сұраулы лепті

сөйлем сөйлем сөйлем


VII.Үйге тапсырма

VIII. Бағалау




Бастауышым- бастамам

1 - жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата - аналар. Құрметті қонақтар.
Бүгін мектепте үлкен қуаныш. Білім нәрімен сусындатқан бастауыш сыныбымызбен қоштасқалы отырмыз.
1 - жүргізуші. Бүгінгі салтанатты кешіміздің балғындарын қошеметпен қарсы алайық.
Ортаға 4 сынып оқушыларын шақырамыз
Мұғалімі: Махамбетова Сандуғаш Советқызы

1 - жүргізуші: Мейірімді, жүрегінде күн нұры
Нағыз мықты ұстаздардың шын бірі
Сөзімен де, ісімен де өнеге
Білім беру саласының үздігі,- дей келе сөз кезегін құрметті мектеп директоры К.И.Хамзинаға береміз.
1 - жүргізуші: Ендігі сөз бойлары да, өздері де, ойлары да өскен балғын шәкірттерге беріледі.
- Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достасып
Бастауышпен қоштастық
-Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Бастауышқа бар бала алғыс айтып жүреді
Хормен: Көлге айналып бұлақтың
Том - том болған кітпатың
Басы болған бастауыш
-Маған қымбат саяңда өскен әр күнім
Шат күлкісі дос - жаранның, құрбының
Ақыл беріп, аялайтын анамдай
Бастауышпен қоштасатын күн бүгін

Хор: «Достарым»
1 - жүргізуші: Жүзің жылы құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен Биіктерге шығамын мен,- дей отыра номинация беру рәсімін бастаймыз.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте дей отыра орыс тілінің қыр - сырына қанық қылғаны үшін....

- Есік ашып, күлім қағып кіргенде Жайнағандай сынып іші нұрланып
Садись - отыр деген сөз ғой деп,
Бас шайқайды түсінбедің неге деп,
Ердің күші білекте дей отыра ептілікке, жылдамдыққа баулығаны үшін
-Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде
Секір, жүгір шымыр болар денең деп
Салауатты өмір салтын уағыздап
Денемізді шынықтырған бар күш сап «Ер жігіт» номинациясы Мырзатай Мұқанайұлына беріледі.
Би:
Еркегүл: Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
- Көңіліңнің хошын - ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті, кең пейіл
Гүлнәр апай осындай
-Баулыған әрбір өнерді
Ақмарал өнерлі
Әсем әннің шебері
Әрбір сөзі мәнерлі
Қызықтырып ән - күйге
Бізді үйретіп келеді
1 - жүргізушу: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төкен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

-Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен
Ұстаз жайлы әсем ән айтып тұрып.
Хор: «Ұстазым»
-Жанымды менің жайнатып
Баураған өзің мұғалім
Өзіңмен бірге таң атып
Өзіңмен бірге шығар күн.
-Оқу - білім, тәрбиеңіз
Санамызда сақталады
Есебі жоқ еңбегіңіз
Аман болсақ ақталады.

1 - жүргізуші: Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың,- деп әр баласының қуанышын ұстазбен, мектеппен бірге бөлісетін - бұл ата - аналарымыз. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, ата - ананың арманы орындалады деген сол емес пе?

Алғашқы қоңырау үнімен
Келіп ем мектебің өзіңе
Жетелеп әкелген анашым
Мен үшін қуанып тұрып ең.
-Әкешім тілеуіңді тілеп жүрген
Аумайсың жарығы мол ашық күннен
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген
Би:
1 - жүргізуші: Жақсы шәкірт азамзат атанады
Халқынан, ата - анадан бата алады
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
Ортаға шақырайық ата - ананы.
- Мектебім алтын ұя нұрың жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
1 - жүргізуші: Мектеп, мектеп - ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп - әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп - жан анам боп көріндің.
Қоштасамыз біз бүгін балалықпен
Әсем әнін жаңғыртып айтып тұрып.
ән « Балдаурен»
1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар. Білім теңізіне сәт сапар тілейміз.
Вальс:







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал