7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілінен сабақ жоспары 'Дауыссыз к мен г'

ҚАзақ тілінен сабақ жоспары 'Дауыссыз к мен г'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: дауыссыз к мен г - нің жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қалай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей алуға үйрету, сөз ішінен қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды ажыратып табуға дағдыландыру, ұлы адамдар өмірін үлгі ету.
Дамытушылық: пәнаралық байланысты, ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: ұлттық тәлім - тәрбиенің асыл нәрін сіңіру, бауырмалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: бесік, қазақ үй, Абай, Мұхтар, Тазша бала суреттері слайды, үлестірмелі
парақ, қоржын, аквариум, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игерту, аралас сабақ.
Әдісі: оқу мен жазуда сын тұрғысынан ойлау техникасы, ой қозғау
стратегиясы, кубизм әдісі, тірек сөздер арқылы болжам жасау.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін тексеру.

-Дауысты дыбыстар қанша түрге бөлінеді?

-Дауыссыз дыбыстар қанша түрге бөлінеді?

Жұмбақтарды шешу.слайд

Иесі оның сәби,

Әрі төсек,

Әрі үй.(Бесік)

Күндіз төбеңе шығады,

Түнде шегеге шығады.(Бөрік)

Қалпағы бар,

Жиегі жоқ,

Аузы бар иегі жоқ.(Шәйнек)


К мен г дыбысы қандай дауыссыздарға жатады


Слайдпен жұмыс

Суретттің атын атап, оған ы, і әріптерін қосу керек. Шығған сөздерден сөйлем құру керек.

Ребусты шеш. Сөйлем құра. Жүйрік ат.


Дәптермен жұмыс.

109-жаттығуды жеке жұмыспен орындау. Жұмбақты жатқа жазып, шешуін табу.

110 - жаттығу.
Сөздерді і дыбысын қосып, өзгертіп жазу.
Өрік - өрігі, белдік - белдігі, күрек - күрегі, серік - серігі, көк - көгі.
К дыбысының өзгеру себебін түсіндір.

Ой толғанысАнаграмма К
Ұя салмайтын құс.
Жер қазатын құрал.
Жәрдем жасау.
Машина,автобус,трамвайдың жалпы атауы.
Жауабы: көкек, ,күрек ,көмек,көлік.

Тақтамен жұмыс. 112 - жаттығу. Алдымен бір оқушы оқыйды, 4 оқушы төрт жолын тақтаға жазып шығу.
Шыңғыстау
Бәріне ашық есігі,
Өнер сырын ұққанның.
Шыңғыс - алтын бесігі,
Абай менен Мұхтардың.
(Несіпбек Айтов)
- Есік, бесік сөздері қандай өзгеріске ұшырады?
- Абай, Мұхтар туралы не білесіңдер?
- Қандай шығармаларын атай аласыңдар?

Есік, бесік деген сөздерге дыбыстық талдау жаса.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал