7


  • Учителю
  • ӘДебиеттік оқу. 3 сынып Ә. Табылды. Күздiң кереметi

ӘДебиеттік оқу. 3 сынып Ә. Табылды. Күздiң кереметi

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ә. Табылды. Күздiң кереметi

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты мен міндеттер: мәтіндерді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: мәтіндерді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; кәсіпкерлікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: күз суреттері

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау

Топқа бөлу

3 - топқа бөлу. Жемістер арқылы

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Қазір жылдың қай мезгілі? Күз айларын ата.Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді? Жануарлардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

.Оқулық бойынша жұмыс Әдібай Табылдиев «Күздің кереметі».

үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

  • -тізбек бойынша оқу

  • тұтас оқу

  • мәтіндерде не туралы айтылған?

  • мәтіндегі сары түспен ерекшеленген сөздерді дауыстап оқы.

  • Бұл сөздер неліктен сары түспен ерекшеленген деп ойлайсың?

Үлгі: Күз .............- осы сөздердер неге күз мезгіліне қатысты екенін дәлелде.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс



Сергіту сәті.

Жұмбақтар шешу.



Дәптермен жұмыс

Қорытынды.

Жаңа білімді бекіту: Сурет бойынша жұмыс:

Осы сурет бойынша қандай сұрақтар қоюға болады?

Жемістер:

Көкөністер:

Мәтінге сүйеніп сипатта

-Күзгі орманда не көрдіңдер?

-Ағаштар қандай?

-Жануар тіршілігі қандай?

-Неге орман қызу еңбекте?

Мәтіндерді бір неше рет оқып шығу, әңгімелеуге дайындық жасау.

Тапсырмалар орындау.
1 - топ. Омар атайдың сөзін тауып оқу.
2 - топ. Омар атайдың немерелеріне жайған дастарханын суреттеп айту.
3 - топ. Омар атайдың күз дегеніміз не екнін түсіндірген әңгімесінен мәтіннен тауып оқу.

Қабат - қабат тоны бар, Бір тон емес оны бар. Оранғанда он тонға, Тоңбайтындай жөні бар. ( Пияз )

Күн көргенде пісем дейді, Піскен бойдан түсем дейді. ( Алма )

Жүздеген қозы көгенде, Салбырар жазда төбеңде. ( Жүзім )

Түймедей қыз, Түймедей қызды жылатар. ( Пияз )

Асыл болмаса да жасыл. Қып - қызыл қаны асыл. Қыз болмаса да шырайлы, Өседі жерге шұрайлы. ( Қызылша )

Құйрығы жасыл, қызыл қораз, Інге тығылып ұзын қораз. ( Сәбіз )

Титтей қазанның түбі тәтті. ( Жаңғақ )

Жартысын ектім, бүтінін алдым. ( Картоп )

Жетпіс қабат жейдесі, Тамақ бізге кейде осы. ( Орамжапырақ )

Өзі іште, шашбауы тыста. ( Сәбіз )

Көмген жалғыз, қазғанда сан қыз. ( Картоп )

Бар қаны, жоқ жаны. ( Қызылша )

Ағаш басында құлыптаулы сандық. ( Жаңғақ )

Шырайлы қызың, мұрыны ұзын. ( Сәбіз )

40 қабат шекпені, Шешкен жанға өкпелі. Соның бәрін шешкен соң Көздің жасын төккенің. ( Пияз )

Дөп - дөңгелек доптай, Іші қызыл шоқтай. Дәмін татып көрсең, Одан дәмді жоқтай. ( Қарбыз )

Осыдан кейін «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының» топпен жұмыс технологиясын қолдандым.
1 - топ. «Күз - байлық, молшылық» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
2 - топ. Осы мәтінге байланысты бақшадағы жемістер жайлы сурет салу.
3 - топ. Күз туралы өлең шығару.
Әрбір топтың жұмысын тексеру.


1. Күз - байлық, молшылық
2. Күз ет пен май
3. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды»



Қорыта айтқанда, күзде аянбай еңбек етсек, қыста қысылмайды екенбіз.
Мақалдар.
1. Еңбегің қатты болса
Жегенің тәтті болады.
2. Еңбек етсең емесің.
3. Еңбек етпеген ішіп - жемейді

Үйге тапсырма

Күз туралы шығарма

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал