- Учителю
- Әліппемен қоштасу мерекесінің жоспары 'Рахмет саған, әліппе!' (1 Сынып)
Әліппемен қоштасу мерекесінің жоспары 'Рахмет саған, әліппе!' (1 Сынып)
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келеді жүгіріп.
Ата:
Балам, балам, жақсы бол,
Міне, сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол, тентегім.
Немере (Диас):
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Музыка жетекшілігімен 1-ші сынып оқушылары ортаға шығады.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Бүгін, міне, 1-ші сынып оқушыларының «Рахмет саған, әліппе!» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Даяна:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
-Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті - Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Даяна:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Диас:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
Зарина:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Есінеп, Жалқаубек сыныпқа кіреді.
Ж: Сәлем, балалар! Сендер не істеп отырсыңдар?
Б: Әліппе үйреткен өнерімізді көрсетпекпіз.
Ж: Не үшін? Бәрібір сендер әліппені толық меңгерген жоқсыңдар. Жүріңдер менімен бірге, мен сендерді нағыз өнерге үйретемін.
Б: Ол қандай өнер?
Ж: Ол сабақты оқымау, үлкенге көмектеспеу, тазалықты сақтамау өнері.
Б: Жоқ! Бармаймыз!
Әліппе:
-
Балалар, ендеше сендер Жалқаубекке бар үйренгендеріңді айтып, ақылды, мәдениетті екендеріңді дәлелдеп беріңдер.
Б: Оны қалай дәлелдейміз?
Ә: Бәрімізге өнерлі, білімді екендеріңді көрсетіңдер. Менің тапсырмаларымды орындаңдар.
Әліппенің әні: «42 әріп»
Даяна
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашан да Ә тұрады қасында
Байқадың ба,
Б тұрады үшінші,
Ал осының
Сыры неде түсінші?
А деген ол -
Аналар ғой ардақты,
Ә деген ол -
Әкелер ғой салмақты.
Б деген ол -
Балалар ғой әдемі...
Алшақ кетпей,
Сондықтан да
Тұрады олар
Алфавиттің басында.
Зарина