7


  • Учителю
  • Стихотворения о весне и маме.

Стихотворения о весне и маме.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Көктем

Көктем келді: құс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

Наурыз келді, жыл кірді,

Күмбірлі күй шалқыды.

Көктем келді: су ақты,

Күннің көзі шуақты.

Көкек келді, көк шықты.

Жердің тоңы көрсіпті.

Көктем келді: гүл өсті,

Көбелектер гулесті.

Мамыр келді, мап-маңғаз

Жан-жануар болған мәз.

Жасыл әлем, көк аспан

Осы екен ғой арман жаз!

Жамбыл облысы

Шу ауданы

Көктөбе ауылы

Жамбыл атындағы орта мектебі

3 «А» сынып

Молдабай Айым Ернұрқызы




Анама

Ана мен сені сағындым,

Ана сен менің жанымсың.

Айналдым атыңнан жан анам,

Мен сені мәңгілік сағынам.



Анашым қайдасың, қандайсың?

Сен бізді қалайша тастадың?

Тағдырдың жазуы сол шығар,

Анашым көзімде мұңым бар.



Анашым мен кімге сыр айтам,

Анашым мен кімге жыр айтам.

Ана деп жүрегім лүпілдеп,

Соғады мәңгілік дүрсілдеп.

3 «А» сынып

Жамбыл облысы

Шу ауданы

Көктөбе ауылы

Жамбыл атындағы орта мектебі

Қалдыбай Айнұр









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал