- Учителю
- Сынып сағаты: 'Жеті атаны білу'
Сынып сағаты: 'Жеті атаны білу'
Сынып сағаты
Тақырыбы: « Жеті атаңды білу-тегіңді білу
Мақсаты: маңызы мен қасиетін ашу, жеті саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктер мен қағидаларды дәріптеу, жеті атасын білуге, халық дәстүрін сүюге, Отанын сүюге тәрбиелеу
Көрнекілігі: «7» санына байланысты қанатты сөздер, сөзжұмбақ
Түрі: сайыс сабақ
Ұйымдастыру: Оқушылар 2 топқа бөлініп отырғызылады.
1топ: «Жеті жарғы»
Ұраны: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»
2 топ: «Жеті қазына»
Ұраны: «Жетелі елдің баласы, жеті жаста баспын дейді,
Жетесіз елдің баласы, жеті жаста жаспын дейді»
Кіріспе сөз: Армысыздар, ардақты көрермендерім,
Көрсетеді өнерін өрендерім,
Біз сайысқа кетеміз қадам басып,
Алдымен алайық аиандасып.
Жүргізушілер: « Жеті атасын білмейтін ер жетесіз,
Жеті ғасыр тарихын білмейтін ел-тексіз» демекші, «жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, жеті қасиеттісан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша бір аптада жеті күн бар демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Ежелгі Вавилон жұртында жеті күн өткен соң бір меренке күні болып отырады. Аспан әлеміндегі жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн,Марс, Юпитер, Шолпан.
Құрметті сайысқа қатысушылар, сіздерді сайыс басталмас бұрын сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстыра өтейін.
(таныстырылды)
Жоспары: 1. Топтардың таныстырылуы.
2.Сұрақ-жауап кезеңі.
3.Жеті ата
4.Жеті ғашық.
5.Әлемнің жеті кереметі.
6.Сөз жұмбақ.
7.Топбасшылар сайысы.
Топтар өздерін таныстырады.
ІІ. Кезеңі. Сұрақ-жауап кезеңі. Мұнда топтың шапшаңдылығымен біліктілігін аңғарамыз.
Екі топқа сұрақтар қойылады.
1-сұрақ. Жеті атаны атаңдар
2-сұрақ. Ұрпақ сабақтастығы деген не?
3-сұрақ .Мақалды толықтыр «Жеті атасын білмеген .... (жетімдіктің белгісі)
4-сұрақ. Жеті атаны атаңыздар?(әке, бала, немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)
5-сұрақ. Н.Ә.Назарбаев жеті жыл мерзімге ҚР-ның Президенті болып екінші рет қашан сайланды? (1998 жылы 10 қаңтар)
6-сұрақ. Орта ғасырлардағы жеті түрлі металды ата? (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын)
7-сұрақ. Жеті ғаламды атаңыз? (Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс, Аспан, Жер, Жер асты)
8-сұрақ. Жеті күнді атаңыздар? (бүгін, ертең,бірсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына)
9-сұрақ.Қазақтың ер- жігітіне қоятын жеті талабы? (кескіні,келбет, қадір-қасиеті,қабілет икемі, жігер-күші, білімі, адалдығы, әділеттілігі)
10-сұрақ. Абайдың жетінші қара сөзінде не жазылған? (жан-тән)
ІҮ. Сөзжұмбақ кезеңі.
Балалар, бір аптада неше күн бар санайық:
Дүйсенді, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
- Неше күн екен?
- Яғни, жеті күн бар екен.
Біздің ата - бабаларымыз "Жеті атасын білу - міндет!" деген. Қане кім біледі екен?
- Жеті атамыз: 1. Ата 2. Әке 3. Бала 4. Немере 5. Шөбере 6. Шөпшек 7. Немене. Барлық жерде "жеті саны" жиі кездеседі ия балалар?
- Олай болса тыңдаңдар:
1.Жеті асасын білмеген - жетесіз
2. Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.
Қорытындылау