7


  • Учителю
  • 'Табиғатым-тал бесігім' тақырыбындағы кіріктірілген сабақ (3-сынып)

'Табиғатым-тал бесігім' тақырыбындағы кіріктірілген сабақ (3-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Табиғатым-тал бесігім»

Мақсаты:1. Әр орталықта жұмыс түрлерін жүргізе отырып, табиғат туралы және әр

пәннен алған білім деңгейлерін пысықтау, толықтыру

2. Таным, зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа

баулу, логикалық ой-өрістерін кеңейту, өз еріктерімен жұмыс жасауға

машықтандыру, тілдерін дамыту.

3. Табиғатты сүюге, құрметтеуге, қорғауға, ұйымшылдыққа, ұқыптылық пен

ұстамдылық, шыдамдылық қасиеттеріне тәрбиелеу

Көрнекілігі: Суретті жұмбақ, алтын қақпа, қарлар, логикалық тапсырмалар (№1,2,3), оқушылар шығармашылығынан көрме, шырша, ойыншықтары, С.Сейфуллин, С.Шаймерденов портреттері

Сабақ түрі: «Тәй-тәй» технологиясы бойынша кіріктірілген сабақ

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру

1. Таңғы жиын

1. Бір-бірімен амандасып, тілек тілейді, алтын ережені еске саламын

2. Суреттіжұмбақ шешіледі

«Жас достар, табиғатты сүйіңдер! Табиғат-Отан байлығы»

3. Бүгінгі сабақтың жалпы тақырыбы анықталып, табиғат туралы, онсыз адамның күні жоқ екені әңгімеленеді. С.Сейфулиннің «Қызыл щұнақ» өлеңі жатқа сұралады

4. Әр сабақты бастамас бұрын қақпаларды ашып отыратынымыз түсіндіріледі. 1-сабақ- Тас қақпа

Тапсырма: Мына сөздер мағынасын толық ашып түсіндіріңдер: қызыл шұнақ аяз, шидем

(үскірік аяз, қой жүнінен тоқылған сырт киім)

5. Орталықтарға топтау

Өздеріне ұнаған қар түрлерін таңдайды және бірдей түрлері топталып, үш орталыққа орналасады

ІІ Жаңа сабақ

Әр орталық жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмаларды орындайды

«Тіл орталығы»

1. «Қар» әңгімесін түсініп мәнерлеп оқы

2. Сөздік жұмысы

Мағынасы түсініксіз сөздерді кітаптан қарындашпен белгілеп отыр

3. Мына сөз тіркестеріне қатысты сөздерді мәтіннен тауып жаз:

Қар ұлпалары-

Қар жапалақтары-

4. Өз ойыңнан қарды бейнелеп көр


5. Ақ параққа әңгімедегі қыс бейнесін көз алдыңа елестете отырып бейнеле де, аққаланы жапсырмала

«Математика орталығы»

1. Оқулықпен жұмыс

№1 а) Шарты:

Шешуі:

Жауабы:

ә) Шарты:

Шешуі:

Жауабы:

2. Логикалық тапсырма:

Жыл басына таласқан хайуандарды ретімен орындарына мысалдардың жауабына сәйкес орналастыр

3. Қалдықпен бөлуді орында: №3

4. Өрнектерді пайдаланып тура теңдіктер құр: №4

5. Ойлан, тап!

Су туралы нақыл сөз, ырым-тыйым сөз жаз:

6. №2 мысалдың жауаптарын ғана жаз:

7. Теңдеулерді шеш:

Х:6=6 36:Х=6 Х*6=36 6*Х=36

«Ғылым орталығы» (көмекші мұғалім отырады)

1. «Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігі» түсініп оқып, мына сызбаларды толтыр:



Өсімдікке қажетті жағдайлар




өсімдік қандай жерлерде, ауа райы жағдайларында өсе алады?

Өсімдік топтарын жаз

2. Өсімдіктер пайдасын жапырақтарға жазып, ағашқа жапсырмалаңдар

3. Суретжұмбақтарды шешіп жауаптарын жаз

«Өсімдіктер мен жануарлар»




2. Жиын

«Шатасқан суретші» тақырыбындағы суретті сипаттап әңгімелейді және алмалардағы 6-ға көбейту нәтижесі болып табылмайтын сандарды сызып тастайды

(«Күміс қақпа» ашылады)

3. Жиын

«Сөз тапқыр» ойыны

Сызбаны к-дан басталып к-мен аяқталатын сөздер тауып толықтырулары қажет


к




к



*




*


*




*



к




к


ІІІ Бекіту

1. Әдебиеттік оқу пәнінен салған суреттерінен көрме ұйымдастырады, ең әдемісі анықталады

2. С.Шаймерденов туралы қысқаша ғана айтып өтіп, портретімен таныстырамын және мәтіннен қар, қысқа байланысты үйренген сөз тіркестерін ататамын

3. Математикадан жапсырмалаған жыл атаулары тапсырмаларын тақтаға ілгізіп, қай топтікі дұрыс екеніне тоқталамын

4. «Ғылым орталығындағы» жұмыстарына ауызша тоқталып өтеміз, суретті жұмбақ жауаптары айтылады

ІҮ Қорытындылау

1.Адамзат табиғатсыз тіршілік ете алмайды, табиғатты сүйіп, қорғауымыз керектігін айтып, «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп қорытындылаймыз

2. Алда келе жатқан жаңа жыл мерекесіне арнап жасаған шыршаны көбейту кестесі тапсырмаларын орындай отырып, ойыншықтармен безендіріп, «Зырлайды шанамыз» әнінің 1 шумағын айтамыз

ІҮ Үйге

«Қар» әңгімесін мазмұндау, автор туралы қосымша іздену

№ 5,6 86-бет

«Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігі» мәтінін мазмұндау

Ү Бағалау

Жұмыс дәптерлері жиналып тексеріліп, әр пән бағаланады



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал