7


  • Учителю
  • Ашық сабақ: 'Табиғатты аялайық'

Ашық сабақ: 'Табиғатты аялайық'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аялайықСабақтың мақсаты: Білімділік: қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. Дамытушылық: Ойлау есте сақтау және зерделеуін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтау және
предварительный просмотр материала






Тақырыбы: Табиғатты аялайық

Өткізген: Жансейтова Лаззат

2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аялайық

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту.

Дамытушылық: Ойлау есте сақтау және зерделеуін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жаратылыстың әрбір заты мен мүшесін құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту.
Көрнекілік: бөлме гүлдері, табиғаттың суреті.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер:
Армысың қайырымды Жер - Ана,
Армысың, мөлдір таза су
Армысың шұғылалы Алтын - Күн
Армысың мейірімді Аспан - Ата
Мұғалім:- Біз қазір неге ұқсап тұрмыз?
Оқушылар: - Күнге
Мұғалім:- Иә балалар жер бетіндегі тіршілік атауының қайнар көзі - күн.
Ол бізге не үшін керек?
Оқушылар: Күн бізге жарық, жылу береді
Мұғалім: Бәріміз күнге қолымызды созайық!
Күннен не алдық?
Оқушылар: Жылу алдық
Мұғалім: Осы күннен алған жылуымызды бір - бірімізге таратайық
- Балалар жылдың қай мезгілі?
Оқушылар: Қыс
Мұғалім: Қыс айларында күн қандай болды?
Оқушылар: Қыс айында күн суық, аяз, боран және қар жауды
Мұғалім: Табиғат дегеніміз не?
Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта, оған (аспан, су, ағаш, гүлдер, өсімдіктер, күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық. Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатқа - ағаш, гүл, шөп, т. б олар өздігінен өседі. Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.
Табиғат - біздің ортақ үйіміз. Біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Бау - бақшада және өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек.

ІІ. Мұғалім: - Балалар, алдарыңдағы қағазға табиғат, оның түрлерін сызба түрінде көрсетіңдерші.

Тапсырманың орындалу тәртібі.
1.Қажет сөздерді сызықпен белгілеу керек екенін ескерту.
2.Жауап берерде топ ішінен бір бала ғана айтуға болатынын ескерту.
3.Қосымша жұмбақ, мақал айтуға болатынын ескерту.
Топтың жұмысына баға беріп сәтті орындалғанын айтып немесе қателескен жері болса, басқа топтармен ақылдасып, дұрыс шешімін айтқызуға тырысамын.

Адам. Жануар. Өсімдік

Су

Ауа

Өсімдік

Білім

Баспана

Тамақ

Киім

Еңбек

Жылу

Қорек



Табиғат жайлы мақал-мәтелдер:
1.Екпей егін шықпас, оқымай білім жұқпас.
2.Жер адамды асырайды, ана баласын асырайды.
3.Алтын жерден алынады.
Ал, білім кітаптан алынады.
4.Гүл - жердің көркі, қыз - елдің көркі.
5.Жаңбыр жауса - жер ырысы.


ІІІ. Күн, су, ауа, гүл, адам айтысы.
Күн:
Мен шуақты күнмін! Мен бәріне жылуымды, нұрымды, беремін. Егер мен болмасам табиғатта болмас еді. Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін!
Су:
Мен мөп - мөлдір, тап - таза, сыңғырлаған сумын. Мен болмасам осындай сұлу табиғат болар ма еді? Табиғатқа көрік беріп тұрған менмін
Гүл:
Мен әсем гүлмін! Егер мен болмасам жер үсті жайнайтын ба еді? Менің арқамда табиғат әсем болып тұр. Табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана.
Ауа:
Мен таза ауамын! Табиғаттағы барлығы мен арқылы демалады Егер мен болмасам ешкім тіршілік ете алмас еді. Табиғатқа ең керекті менмін.
Адам:
Мен дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын. Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда. Сондықтан да бұл өмірдің иесі де киесі де менмін.
Мұғалім: - Дұрыс айтасыңдар!
Күн болмаса жарық жылуды қайдан аламыз.
Су болмаса өсімдіктерді, қалай суарамыз
Ауа болмаса қалай тыныс аламыз
Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды
Адам осы қоршаған ортадағы талдарға өсімдіктерге пайдасын тигізеді, күтіп баптайды.

Мұғалім: Енді гүлді қалай отырғызу керектігін үйренеміз. Барлығымыз мұқият қарап отырыңдар. Бөлме гүлін отырғызамыз
Құнарлы қара топырақ толтырылған гүлдің құтысын алып, ортасын кішкене тереңірек етіп қазып гүлдің құтысын алып, ортасын кішкене тереңірек етіп қазып гүлдің көшетін тамырын үзіп алмай кішкене шұңқырға саламыз
Түбіне су құямыз
Түбін жақсылап топырақпен нығыздап басамыз, үстіне тағы су құямыз
Міне, гүлімізді отырғыздық гүліміз әдемі болып өсу үшін тағы су құямыз

ІҮ. Сергіту сәті.


Ү .Ой толғау.
Оқушыларға ақ парақ таратылып беріледі.
Берілген тапсырмаларды топтар бойынша орындау.

Табиғатты ақындар жырға қосса, суретшілер қылқаламмен бейнелеген.


1 - топ: Суретшілер
2 - топ: Ақындар
3 - топ: Жазушылар

Мұғалім: - Табиғат қандай?
Оқушылар: - Әдемі, көркем, сұлу, қызықты..

Сабақты қортындылау кезеңі: «Жүректегі лебіздар»

Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын!т.б.


Хормен :
Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!


ҮІ. Бағалау.

Хор: «Атамекен»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал