7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Мектеп МСОМИ

Тақырып: _Өзіңді де өзгені де аяла

Құндылық: Дұрыс әрекет жасау

Қасиеттер: ізгілік, жанашырлық, қамқорлық,

Мұғалiм: Ермекова Алма Темірболатқызы 3 сынып



Сабақ мақсаты:

Дұрыс әрекет жасау құндылығының мәнін ізгілік, жанашырлық, қамқорлық, қасиеттері арқылы ұғындыру.



Міндеттері:



1. Оқушыларға ізгілік,жанашырлық,қамқорлық қасиеттерін ұғындыру.

2.Оқушыларда ізгілік,жанашырлық,қамқорлық қасиеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ізгілікке, жанашырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат». (оқушы ойы)

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін,тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады,қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Гүлдер мен ағаштардың иісі мұрын жарады.Құстардың әсем дауыстары, жәндіктердің ызылы құлаққа жағымды естіледі. Орманға терең енген сайын ағаштар ұзын көрінеді. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіздікте сезінеміз.

Біз енді аяндап алаңға шығамыз, аздап демаламыз. Өзіңізге түбінде отырып,дем алатын ағаш таңдап алыңыз. Оған жақындап, оның қандай мықты екенін аңғарыңыз,өзіңізді осы ағаш секілді мықты, қайратты сезініңіз. Енді арқаңызды ағашқа сүйеп, көзіңізді жұмып, ішкі жан дүниеңіз тыныштыққа бөленгенін назар аударыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын. Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке аяңдаймыз. Міне, мектептің де есігіне келдік,тағы да айналамызға назар аударайық, таза ауамен терең дем алып, мектепке кіріп өз орнымызды табамыз. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап,көзімізді ашамыз,күлімсірейміз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы Т.Айдархановтың «Жанашыр» әңгімесін оқып, талдау.


1.Дастан қандай адамгершілік сезімін танытты?

2.Дастанды балалар не үшін мақтан тұтты деп ойлайсыңдар?

3.Осы әңгіме мазмұны бойынша қандай ой қорытуға болады?

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Аялауды табиғаттан үйрен.

Халық мақал

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте сақтап қалу үшін үш рет қайталаймыз. Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз.

  1. Әңгiмелеу.

Аңыз айту.

Асығыс үкім



Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен.

Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді.

Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді:

- Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін!

Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді.

Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай, оны оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім... Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп - қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!»

Сұрақтар;

1. Осы аңыздағы әкенің әрекетін қалай атауға болады?

2.Баласы неліктен осындай әрекетке барды деп ойлайсыңдар?

3. Мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін не істеу керек?

4.Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?

  1. Шығармашылық жұмыс, жұптық жұмыс.
    1 топқа « аяла» тақырыбына постер құру
    2 топ « Үлкенге ізет,кішіге құрмет » тақырыбында ереже дайындау
    ( 7 бөлімнен тұруы тиіс)



  1. Топпен ән айту.

«Ертегілер» өлеңін айту.

Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!

Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?

Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сыя келіп жатты
Жан біткеннің бәрі маған

7. Үй тапсырмасы.

11 сабақ 48 беттегі « Сүйіспеншілік» оқып, талдау.

Дәптердегі 10 сабақтағы тапсырма берілді.

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Жай музыка қойылады.

Оқушылар жайланып отырып, көздерін жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерін жүрегіне түйіп алады..







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал