7


Тема урока: Наш третий класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ жоспарыПән: қазақ тіліСынып: 3 «В»Күні: 08.04.Сабақтың тақырыбы: Біздің үшінші сыныптаСабақтың мақсаты:•1.Білімділік: Оқушыларға мектеп, сынып тақырыбына байланысты жаңа сөздерді меңгерту,сан есімнің жұрнақтарын қайталау арқылы сөздік қорын молайту. •2.Дамытушылық:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Сынып: 3 «В»

Күні: 08.04.

Сабақтың тақырыбы: Біздің үшінші сыныпта

Сабақтың мақсаты:

  • 1.Білімділік: Оқушыларға мектеп, сынып тақырыбына байланысты жаңа сөздерді меңгерту,сан есімнің жұрнақтарын қайталау арқылы сөздік қорын молайту.

  • 2.Дамытушылық: Сөз тіркестері, сөйлем құру арқыл ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту;

  • 3.Тәрбиелік: Мектеп, сынып мүліктерін таза ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа сабақты игерту.

Сабақтың формасы: ұжымдық, жұппен, жекелей.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Тыңдалым, оқылым, айтылым, тілдесім, жазылым.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, үлестірме қағаз.

Пән аралық байланыс: орыс тілі, математика


Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі; (5-минут)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру; (5-минут)

ІІІ.Негізгі кезең; (25-минут)

ІҮ.Қорытынды; (5-минут)

Ү.Бағалау; (3-минут)

ҮІ.Үй тапсырмасы; (2-минут)


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушыларды тексеру. Кезекшімен сұхбаттасу.

- Бүгін қай күн?

- Аптаның қай күні?

-Жылдың қай мезгілі

- Бүгін сабақта кім жоқ?

- Үй жұмысына не берілді?


ІІ. Үй жұмысын тексеру. а) Оқушылар үйге берілген тапсырманы оқиды.

( № 1, 2 слайд) бойынша сабақтың тақырыбын ашу.

Мектептің, сыныптың суреттерін көрсетіп сұрақтар қоямын

  • Бұл не? (мектеп, сынып)

  • Мектеп неше қабатты? ( үш қабатты)

  • Сыныпта нелер бар? (парта, үлтел, терезе)

  • Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар? ( үшінші сыныпта)

  • Сыныпта қанша оқушы бар? ( 20 оқушы)

  • Сыныптың оқушылары қандай? ( тату, жақсы т.б.)

- Қане қалай ойлайсыңдар неге сынып оқушылары туралы сұрадым?

Дұрыс айтасыңдар «Біздің үшінші сыныпта»


  • Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. ( № 3 слайд)

ІІІ.Негізгі кезең:

Сөздік жұмысы

  • нешінші? - который?

  • жаңа - новый (- ая, - ое)

  • таза - чистый

  • әдемі - красивый

  • үлкен - большой ( - ая, - ое)


Жаңа сөздерді пайдаланып сөз тіркесін және сөйлем құрап айту.

Мысалы: нешінші мектеп?

жаңа кітап, жаңа сынып т.б.


Ой қозғау
(топтастыру сыныпқа байланысты сөздерді жазады, айтады)

( № 4 слайд)


екінші қабатта


Біздің сынып




Деңгейлік тапсырмалар:

ІІ деңгей: ( № 5 слайд)

  1. Мәтінді оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру.

Бұл - біздің сынып. Ол екінші қабатта. Сыныпта 20 оқушы, 12 ұл, 8 қыз бар. Сынып оқушылары өте тату. Сыныпта бір үстел, 14 парта, 2 терезе бар. Терезенің алдында гүл тұр. Қабырғада тақта ілулі тұр. Біздің сынып жарық және таза.


Мәтінге байланысты сұрақтар:

  1. Бұл кімнің сыныбы?

  2. Ол нешінші қабатта?

  3. Сыныпта қанша оқушы бар, олардың нешеуі ұл, нешеуі қыз бала?

  4. Сынып оқушылары қандай?

  5. Сыныпта нелер бар?

  6. Терезенің алдында не тұр?

  7. Қабырғада не ілулі тұр?

  8. Сендердің сыныптарың қандай?


2. Мәтіннен неше? қанша? нешенші ? деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жаз.

Үлгі: нешінші? екінші,

қанша? жиырма.


3.2-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құрап айту.

Мысалы: Бұл оқушылар.


Сергіту сәті.

Мақсаты оқушыларды біраз сергілту.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.


ІІ деңгей: ( № 8 слайд)

1. Сөйлемдерді дұрыс құрап жаз.

1. Мен, сыныпта, оқимын, үшінші.

2. Қабатты, мектеп, үш.

3. Сынып, жарық, біздің, және таза.

4. Сабағы, қазір, тілі, қазақ.


2. Сынып - тәуелдеу.


І деңгей: ( №9 слайд)


1. Қабырға сөзіне дыбыстық талдау жаса.


  1. Слайдта сыныптың суреті көрсетіледі сурет бойынша тапсырма. ( № 9 слайд)

Кім нешінші партада кіммен отырады? деген сұраққа жауап беру.

Үлгі: Никита үшінші партада Каринамен отырады.


  1. Әр топ үш сұраққа жауап береді. ( № 10 слайд)

1 ден 9 дейін сандар берілген. Әр санға қатысты сұрақтар беріледі, егер жауап дұрыс болмаса дұрыс жауап сан, дардың астында берілген.

1 ұяшық - Мектеп неше қабатты?

2 ұяшық - Мектеп қай көшеде орналасқан?

3 ұяшық - Сының сыныбың нешінші қабатта?

4 ұяшық - Асхана нешінші қабатта?

5 ұяшық - Мектепте неше кітапхана бар?

6 ұяшық - Қазақ тілі кабинеті нешінші қабатта?

7 ұяшық - Үлкен спорт зал нешінші қабатта?8 ұяшық - Кітапхана нешінші қабатта?

9 ұяшық - Мектептің алдында не бар?

Сабақты қорыту:

- Не туралы өттік?

- Сыныпта қанша оқушы бар?

- Сынып нешінші қабатта орналасқан?

- Сыныптың оқушылары қандай?


Үй тапсырмасы.

Сөздікті қайталау.

«Біздің сынып» тақырыбында диалог құру.


Оқушыларды бағалау.


Сабақ аяқталды сау болыңдар!

Қазақ тілінен ашық сабақ

тақырыбы:

«Біздің үшінші сыныпта»


Мұғалімі: А.Ә.Салибекова



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал