7


кітап-білім бұлағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Кітап-білім бұлағы Кітап-біздің рухани сарқылмас қазынамыз , ақылдың кені , бар білімнің , ғылымның бастауы. Өз бетімен кітап оқып ,оның көмегімен үздіксіз білім алғысы келетін оқырман , сөзсіз кітапханаға барады.Кітапхана – рухани нәр алатын керемет жер . Мұнда біз сөз ше
предварительный просмотр материала

Кітап-білім бұлағы


Кітап-біздің рухани сарқылмас қазынамыз , ақылдың кені , бар білімнің , ғылымның бастауы. Өз бетімен кітап оқып ,оның көмегімен үздіксіз білім алғысы келетін оқырман , сөзсіз кітапханаға барады.Кітапхана - рухани нәр алатын керемет жер . Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Мұнда көп оқыған, көп біледі .

Сәуір айының 2-сі Балалар кітабы күні десек , 23 сәуір - Халықаралық кітап күніне орай , №3 мектеп-интернатында «Кітап- білім бұлағы » атты іс-шара бастауыш сыныптар аралығында болып өтті. Ұйымдастырушылары: мектеп кітапханашылары Ильясова Жанар,Есенбекова Гүлжахан және аудандық кітапхана маманы Жиенбаева Мира апай шара барысында «Ертегілер елінде » атты кітап көрмесін жасап ,таныстырды. Кітапханашы Гүлжахан апай слайд түрінде кітаптың шығу тарихы, түркі халықтарының көне жазба ескерткіштері «Білге Қаған», «Тоныкөк» ескерткіштеріне , «Папирус», «Пергамент» кітабына, «Кітап басу цехы», «Түптеу цехын » балаларға кең көлемде таныстыра келіп, алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалған, қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылдан бастап шыға бастады деп түсіндірді. Әрі қарай оқушылар кітап туралы әдеби-монтаж, «Кітаптар мұңы», «Кітаптың киесі» атты көріністер, әлем әдебиетінің туындысынан «Ең қымбат нәрсе» атты қойылым көрсетті. Оқушылар кітап білім туралы мақал -мәтелдер,нақыл сөздер, кітапты күтіп ұстаудың ережелерін айтты.Іс-шара барысында ән айтылып,би биленді. Шара барысында 2- сыныптан : Сейдуллаев А, Өмірзақ Н, Серікбай Д, Алдаберген Ж, Әбдірахман Д , Жеткергенова А,

3-сыныптан: Шайдархан Д, Өмірзақ А, Бахадүр А, Тұрсынбай Е, Идирис Н, Бақытжан Қ , 4-сыныптан : Тасыбай С,Мырзахан М,Бақытжан Ш, Әбсадық Б, Абушахма А, Мұсафирова Д , Тұрғали Н-дар жақсы қатысып көзге түсті.

Іс-шара соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлібекова Г апай : «Білекті бірді,білімді мыңды жығады» демекші, бар білімді біз кітаптан аламыз, кітапты көп оқысаңыз ой-өрісі кең, болашағы зор, қиындықтан қорықпайтын,биік шыңдардан көрінетін азамат боласыңдар. Кітапты қадірлей біліңдер,«Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына- кітаппен» достықтарың үзілмесін деп қорытындылады.


Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

№3 мектеп-интернат кітапханашылары:

Есенбекова Г, Ильясова Ж




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал