- Учителю
- Әдебиеттік оқу.Ашық сабақ. Наурыз
Әдебиеттік оқу.Ашық сабақ. Наурыз
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфулин «Наурыз»
Сабақтың мақсаты: 1. С.Сейфуллиннің өмірі туралы мағлұмат беру, өлең мазмұны арқылы кең байтақ туған жеріміздегі көктем маусымы әртүрлі аймақта қалай басталатыны туралы мағлұмат алу.
</<font face="Times New Roman, serif"> 2. Оқушының өзіндік пікірлерін айта білуге қабілеттерін біліп, ой -өрісін дамытуға ықпал ету.
3. Халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту, мәнерлеп оқуға тәрбиелеу, табиғатты сүюге баулу.
Қолданылған әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақ түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Қолданылған материалдар: 1. интерактивті тақта
2. үнтаспа
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Өз тіліңдей тіл қайда еркін басар
Тілім барда еркіме кім таласар
Туған тілім күрмеліп әлсіресе
Ыстық қаным суынып сиқым қашар
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
1. М.Дулатов - кім?
2. «Наурыз» өлеңін жатқа сұрау.
3. Галереяға саяхат. (суреттер көрсету)
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Әр айдың өзінің ерекшелігі бар.Наурыз айымен бірге
жер бетіне не келеді? (көктем, жылылық , т.б(сұрақ-жауап)
2.. Сендер зерттеуші ғалымдарсыңдар!
О.Қ. С.Қ. Б.Қ. Ш.Қ. (әр бала өз ойымен көктемді сипаттауға дайындалады)
3. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы С.Сейфулин
атамыздың «Наурыз» өлеңін өтеміз(қысқаша шолу).
-
Бұл қандай шығарма? Проза ма поэзия ма/..
-
Поэзия.
4.Мұғалімнің оқып беруі .
5. Мазмұнына тоқталу.
6.Оқушылардың кезектесіп оқуы.
7. Түртіп алу стратегиясы сөз тіркестерін сызып алу.
8.Дәптермен жұмыс:
Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылысын жаз!
Жаз- құшақтайды, беттен сүйеді.
Су - ағады, былдырлайды.
Құстар - сұңқылдайды, келеді.
Мал - жадырайды , төлдейді.
9.Наурыз өлеңін с.к талдау.
Авторы - С.Сейфуллин
Тақырыбы - Наурыз
Жанры - поэзия
Идеясы - ұлттық дүние , көктемнің келуі.
Шумағы - 5
10. - қазақша жыл санау өлеңін еске түсіру.( сергіту жаттығулары)
11. Бүгінгі тақырып бойынша қорытындылау.
І.(Наурыз) эссе жазу
12. «Біз болашақ ақынбыз» - поэзия минуты
- келгенде,
- гулдерге,
- біреуін,
- анама,
- қыздарға .
ІV. Қорытындылау сұрақтары:
1.Туған жердің табиғатын қалай куту керек?
2. Қазір адамдар нені көбірек ойлайды?
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру.