- Учителю
- Конспекты по познание мира на тему Шөл жануарлары
Конспекты по познание мира на тему Шөл жануарлары
</<font face="Times New Roman, serif">Пәні: Дүниетану.
Мұғалім: Мирхалдарова Камола.
Сыныбы: 4Сабақтың тақырыбы:
Шөл жануарлары.
Сабақтың мақсаты:
Шөл жануарлары және олардың өмірі жайлы мәлімет беру.Жануарларды аяуға, оларға қамқор болуға баулу. Топпен жұмыс істеуді үйрету, еркін ойлап, өзінің білгендерін еркін айтып үйренулеріне ықпал жасау.
Күтілетін нәтижелер:
Шөл жануарлары және олардың өмірі жайлы мәлімет алады.Жануарларды аяуға,оларға қамқор болуға үйренеді.Топпен жұмыс істеуді үйренеді.Тақырып бойынша жаңа білім алады.
Табыс критерийлері:
Топпен жұмыс дағдылары қалыптасады, сын тұрғысынан ойлайды, өзін-өзі бағалайды, шығармашылығы артады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Топқа бөлу" Миға шабуыл» « Бәрі менің қолымда» стратегиясы.
Уа
қыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Ресурстар
2 мин
I.Кіріспе:Оқушылар мен амандасу. Шаттық шеңберін үйымдастыру.Оқушыларды түрлі түсті стикерлер бойынша 4топқа бөлу.
Бір- бірлеріне ізгі тілектер айтады, топтасады.Күз тобы-эксперт яғни бағалайды.
Стикерлер
13 мин
II.Өтілген тақырыпты пысықтау: Миға шабуыл әдісінен пайдаланіп,әр бір топқа бөлек сұрақ қою.Шөлейт жерлерді қандай жануарлар мен құстар мекендейді? Көртышқан ұясы қандай болады? Қорықшы көртышқан қандай жұмыс атқарады? Борсық қалай және немен қоректенеді?
Топтар бірлесе отырып сұрақтарға жауап табады.Топ көшбасшылары топтың жауаптарын жинақтап жауап береді.
Интерактивті тақта.
7мин
III.Сабақтың тақырыбын ашу: Тақырыпты әліпбидегі әріптердің орналасу тәртібі бойынша яғни сандарды сөйлету арқылы келтіріп шығарамыз.34, 21, 16, 10, 1, 18, 26, 1, 23, 16, 1, 23, 37.
Әліпбидегі әріптердің орналасу тәртібін айтады.Жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Интерактивті тақта.Слайд.
7 мин
IV.Негізгі бөлім:Барлық топтарға жаңа тақырыпты оқып түсінулері үшін уақыт беру.
Барлық топтағы оқушылар жаңа тақырыпты іштен оқиды.
Оқулық
2 мин
V.Сергіту сәті: Интерактивті тақтада ән естіру.
Интерактивті тақтада көрсетілген қыз бен баланың қимыл-әрекетіне қарап Қызыл өрік әніне билеу.
Интерактивті тақта.
10 мин
VI.Пысықтау: Топтарға шөл және оны мекендейтін жануарлар сипаттамасын тапсырма етіп беру. Бейнебаян арқылы жылан, ақбөкен, шөл, кірпі туралы мәлімет беру.
Қыс тобы-жылан. Жаз тобы-ақ бөкен. Көктем тобы-шөл.Күз тобы-кірпі туралы есіткендерін парақтарына жазады.Жазғандарын оқып береді. Күз тобының мүшелері яғни бағалау тобындағы оқушылар басқа топ мүшелеріне сұрақтар қойып бағалап отырады.
Бейнебаян жануарлардың суреттері.
3 мин
VII. Қорытынды: Жаңа тақырып бойынша қысқа сұрақ-жауап өткізу.Рефлексия көрсетілген парақшаларды тарату. "Бәрі менің қолымда» стратегиясынан пайдалану.Сабақта белсенді қатысқан оқушыларды смайлик пен мадақтау.
"Бәрі менің қолымда» стратегиясынан пайдаланып рефлексия жасайды.Берілген сұрақтарға жауап жазады.
А4қағазы
1 мин
VIII. Үй тапсырмасы:Тасбақа мен сарышаян жайлы біліп келу.
Тапсырманы біліп алады.
Жұмыс дәптері