- Учителю
- Дүниетану ашық сабақ. 'Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі'
Дүниетану ашық сабақ. 'Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі'
Тақырыбы: Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі.
Мақсаты:
1.Білімділігі:Бунақденелілер туралы түсінік беріп,олардың жануарға жататынын ұғындыру.
2.Дамытушылығы:Оқушылардың дүниетанымын дамыту.
3.Тәрбиелігі:Табиғаттағы жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:дамыта оқыту технологиясы.
Көрнекілігі:суреттер,оқулық,плакаттар,кесте,буклеттер.
Сабақтың басқа пәнмен байланысы:бейнелеу,ана тілі.
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
"Балықтар,қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі"
1.Көктемде су бетінің мұзы ериді.Балықтар,қосмекенділер және жорғалаушылар жұмыртқа салып көбейеді.Қосмекенділердің 4500-ден астам түрі бар.Жорғалаушылар өте ертеден келе жатқан жануарлар.Алғашқы жорғалаушылар 300 млн.жыл бұрын пайда болды.Балықтардың тіршілік ететін суы таза болуы тиіс.Адам өмірінде балықтардың маңызы зор.
2.Сұрақ-жауап. -Балық пен бақаның балалары қалай аталады?
-Балық пен бақа тіршілігінде қандай ұқсастық бар?
-Балық,шабақ,итшабақ немен қоректенеді?
-Кесіртке мен жыланның қалай көбейетінін әңгімеле.Олар немен қоректенеді?
-Олардың пайдасы мен зияны.
3.Ойын:"Өз орнына орналастыр "
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Суретпен жұмыс.Ой қозғау.
- Суреттердің атын ата.
-Бұларды не деп атайды?Неге?
2.Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі, олардың көбеюі туралы түсінік беру.
Көктемде бунақденелілер қыстап жатқан жерінен шығады. Олар алуан түрлі. Бунақденелілер жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқадан дернәсіл шығады.
3. Қанқыз бен шаншар - өсімдікке пайдалы жәндіктер екенін айту.
IV. Оқулықпен жұмыс.
1. Оқыту 2. Талдау
V. Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмыс
Дернәсіл - жәндіктер мен жануарлардың белгілі кезеңде жұмыртқадан жарып
шыққан, әлі есейіп өспеген баласы.
ҮІ.Сергіту сәті.
ҮІІ. Топтық жұмыс. 1.Кім суретші?
2. Не қалай дыбыстайды?
3. Жұмбақтар шешу.
-
Көктемде шығып, күзде тығылады.
Ол не? (бунақденелілер)
-
Алты аяғы бар, белі қылдай,
Еңбекқор жәндік, ол қандай? (құмырсқа)
ҮІІІ.Сабақты бекіту.1. Кестемен жұмыс.
Бунақденелі-лердің түрі.
Олардың кездесетін жерлері.
Келтіретін пайдасы.
Келтіретін зияны.
Ара
Қанқыз
Шаншар
Көбелек
Құмырсқа
Қоңыз
Шөп сабағы, ағаш, бұта жапырағы, топырақ арасы, су іші.
Бал береді, гүлді тозаңдандырады, құстардың паразиттерін тазартады, зиянды жәндіктерді жояды.
Жапырақты теседі, түсін өзгертеді, сабағын кеміреді, шағады.
VIII. Бағалау. Мадақтау.
IX. Үйге тапсырма беру. 2, 3 - тапсырма. 104, 105 - бет