7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку для 7 класса «Хайуанаттар әлімінде. Болымсыз етістік»

Урок по казахскому языку для 7 класса «Хайуанаттар әлімінде. Болымсыз етістік»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Хайуанаттар  әлемінде. Болымсызетістік. Сабақтың мақсаты: Білімділік:оқушылардың біімдерін ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстары арқылы бекіту.Сөздік қорларын тексеру және тақырып бойынша алған білімдерінтиянақтау,практика жүзінде пайдалана білу,дәрежесін қалыпт
предварительный просмотр материала


Хайуанаттар әлемінде. Болымсыз етістік.


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: оқушылардың біімдерін ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстары арқылы бекіту. Сөздік қорларын тексеру және тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау,практика жүзінде пайдалана білу,дәрежесін қалыптастыру. Етістік,болымды,болымсыз етістік тақырыптарын пысықтау.


Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін тереңдете отырып,ойлау,сын тұрғысынан сөйлеу және жазба қабілеттерін дамыту,оқушылардың таным мүмкіндіктерін талдау,бақылау,салыстыру,жинақтау арқылы анықтау.


Тәрбиелік: тақырыптың сырына қызықтыру арқылы жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға

қамқорлық жасауға ұмтылдыру.


Көрнекілік: эпиграф,суреттер,кесте,мәтін жазылған парақтар.


Сабақта қолданылатын әдістер: сұхбат,шығармашылық жұмыс,топпен жұмыс,іздендіру,әңгімелесу


Пәнаралық байланыс: биология,география,табиғаттану.

Сабақтың эпиграфы:

Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйкімді,жанға жақын бір нәрсе бар.

Шоқан Уәлиханов.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.

Менің аты-жөнім: Осипова М.У.

Бүгін біз сабақта сіздермен грамматикалық тақырып етістік,болымды,болымсыз етістікті қайталаймыз. Хайуанаттар әлеміне шолу жасаймыз.

Сұрақтар:

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Қандай сұраққа жауап береді?

  3. Қандай түрлері бар?

  4. Болымсыз етістік қалай жасалады?


  1. Тақтада слайд «Жануарлар әлемінде». Жануарлар атауларын естеріңізге түсіріңіз,қандай жануар атап шық.

  2. Осы жануарлардың ішінде қандай жануарлар біздің ауданымызда мекендейді? Түлкі,қасқыр,қоян,елік.

  3. Физика-географиялық картосызба бойынша қай жерде жануарлар қорығы бар екенін көрейік.

Афанасьевка селосында ботаникалық шағын қорығы ,


Жалтыр ауылында хайуанаттар шағын қорығы бар.Дәптерлеріңе жазып алыңдар.

  1. Слайдтағы Шал ақын ауданындағы сиреп және құрып бара жатқан хайуанаттарды көреміз.

Елік - косуля

Күреңкүзен-норка

Кәмшат-выдра

Құндыз-ондатра

  1. Суретті сөзжұмбақты шешеміз:

  1. түлкі

  2. қоян

  3. қасқыр

  4. жолбарыс

  5. арыстан

  6. аю


  1. Мен білгірмін. Жұмбақтарды шешеміз. Жауабы : түлкі,қоян,қасқыр.

Өзі айлакер,өзі бір қу,

Жүрген жері айқай да шу (Түлкі)


Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)

9.Мен корректормын мәтінді түзету,қатесін көрсету. 3 топқа мәтін беріледі:

1 топ- «Қасқыр»

2 топ- «Түлкі»

3 топ- «Қоян»


10.Мен аудармашымын. Осы мәтінді қысқаша орыс тіліне аудар.

11.Мен жазушымын. Берілген етістіктермен сөз тіркестерін құрастыр.

12.Әр топқа плакаттар беріледі, хайуанаттарды қалай қорғаймыз деген сұраққа жауап бере отырып ,өз тілектерін жазып қалдырады.


13.Инсерт әдісін пайдаланып оқушылардың сабақта алған әсерін тексереміз.

Не білемін?

Не білгің келіп еді?

Не білдім?

Сабақ соңында оқушыларды бағалау. Назарларыңа көп рахмет! Сау болыңыздар!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал