7


Қазақтың дара туған данасы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін дамыту. Ақын өмірі мен шығармашылығына қызығушылығын ояту.Ұлт ұстазына құрметсезімдерін тәрбиелеу.Cабақтың көрнекілігі: слайдтарСабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңіАқын өмірінен бейнер
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дара туған данасы.

Сабақтың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы

білімдерін дамыту.

Ақын өмірі мен шығармашылығына қызығушылығын ояту.

Ұлт ұстазына құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Cабақтың көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Ақын өмірінен бейнеролик көрсетіледі.

Туып-өскен Торғайдың даласында,

Қайран елі қазағы санасында.

Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен,

Арысын кім, ойланбай табасың ба?

Ол-ақын-жазушы,ағартушы-ғалым, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы,көсем сөз шебері, бес арыстың бірі - Ахмет Байтұрсынұлы. Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ,ол бас әріппен жазылған Ұстаз,Халық ұстазы.

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған "Қазақтың дара туған данасы" тақырыбындағы жарысқа қош келдіңіздер!

Сайысқа 4 сынып оқушыларынан құрылған екі топ қатысып отыр. Ендеше сол топтарды ортаға шақырайық.

4 "А", "Б" сынып оқушыларынан құрылған "Ынтымақ" тобы

4 "Ә", "В" сынып оқушыларынан құрылған "Достық" тобы.

Құрметті сайысқа қатысушылар! Жарыс барысында сіздердің араларыңыздан "Үздік ахметтанушыны", "Үздік топты", «Үздік мысалшыны» анықтайтын боламыз.

Ол үшін бізге әділ қазылар алқасы керек. Жарысымызға төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Әділ қазылар алқасын сайлап болсақ, сайыс кезеңдерімен таныстырайын.

Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

І кезең. Кім тапқыр.

ІІ кезең. Сөздің көркі мақал.

ІІІ кезең. Шешеннің тілі ортақ.

ІV кезең. Өнерлі өрге жүзер.

І кезең. Кім тапқыр? «Білім-бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» деп Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқандай «Кім тапқыр?» кезеңінде өз білімдеріңді көрсетесіңдер. Берілген сұраққа мақалмен жауап беру керек. Сұрақ кезекпен топтарға қойылады. Сұраққа жауап бере алмаса келесі топқа мүмкіндік беріледі. Бір сұраққа бір ұпай беріледі. Іске сәт!

"Ынтымақ" тобы

1. Бала ата-ананы қашан қадірлей бастайды?

2. Қандай түйе жүндеуге жақсы?

3. Балаға кім сыншы?

4. Кім күледі?

5. Семіздікті не көтереді?

6. Мұратқа қалай жетуге болады?

7. Жаман ұл не істейді?

"Достық" тобы

1. Есі кеткен не істейді?

2. Кім семірмейді?

3. Жас адам аға бола ала ма?

4. Кімнен алғыс алу керек?

5. Жақсыда не жоқ?

6. Атың жаман болса не істеу керек?

7. Шарапат кімнен?

Тамаша ! Өте керемет жауап бердіңдер!

ІІ кезең. Сөздің көркі-мақал.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап бастырумен шұғылданған. Солардың бірі-«Мың бір мақал».Бұл жинаққа қазақтың 1001 мақалын 10 бөлімге топтастырып енгізген. Әр бөлімге тақырып қойған. «Сөздің көркі-мақал» атты екінші кезеңде берілген мақалдың жалғасын тауып мазмұнын, мағынасын ашады. Әр дұрыс жауапқа екі ұпай беріледі.

"Ынтымақ" тобы,

1. Сиыр сипағанды білмейді,

Жаман сыйлағанды білмейді.

2. Емен ағаштың иілгені-сынғаны,

Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені.

3. Адам көркі -шүберек,

Ағаш көркі -жапырақ.

4. Жақсылыққа жақсылық -әр кісінің ісі,

Жамандыққа жақсылық -ер кісінің ісі.

5. Биік төбеге шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

"Достық" тобы.

1. Аз сөз -алтын

Көп сөз- күміс

2. Дос жылатып айтады

Дүшпан күлдіріп айтады

3. Алып анадан туады,

Ат биеден туады.

4. Жылқы құлыннан өседі,

Ақша тиыннан өседі.

5. Ексең егін,

Жерсің тегін.


ІІІ кезең. Шешеннің - тілі ортақ.

Ахмет Байтұрсынұлы-аудармашы. «Замандастарыма» өлеңінде ақын-ағартушы:

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр

Қомсынып, қоңырайма құрбыларым, - деп жырлайды.


Жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен орыс ақыны И.В.Крылов туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарады. Алуан-алуан ойға жетелейтін бұл мысалдарда тәрбиелік мәні зор тағылымды тұжырымдар мол орын алған.

Ақын мысалдарына қатысты алты сұрақ беріледі.Ұяшықты таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

1. Нұрыңды күн секілді көріп тұрмын,

Шыдамай, бойым балқып еріп тұрмын.

Даусыңды тым болмаса бір шығаршы ,

Естуге құмар болып өліп тұрмын.

Мына сөздерді айтқан кейіпкерді ата? Түлкі. "Қарға мен түлкі"

2. "Әлін білмеген әлек" деген нақыл сөз қай мысалдағы кейіпкерге арналып айтылған?

Бақаға "Өгіз бен бақа"

3. Алыпсың астау сұрап, ақылы жоқ,

Айырылған ,ақымақ шал,- деген сөздерді қай мысалдағы кейіпкер айтты?

4. Не болар, айтшы, бақсым құдай сүйген,

Ілгері өтер жасым нендей күйден? деген сөзді қай кейіпкер айтады?

Қай мысалдан үзінді? Данышпан Алик . Данышпан Аликтің ажалы

5. Бұл көтеріп тұр басын көкке

Қарайды шікірейіп өзге көпке. Қай мысалдағы кейіпкер туралы айтылып тұр?

Бидай "Егіннің бастары"

6."Мына-алтын әтешім!

Қондыр сырық басына,

Қой сарайдың басына,

Болар мықты күзетшің!

Бұл сөздерді кім айтты?Қай мысалдан үзінді келтірілген?

Жарайсыңдар!

4-кезең Өнерлі өрге жүзер .

Аудармашы негізгі түпнұсқа мәтініне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын қосып отырады. , «Қырық мысалға» енгізілген аудармаларды ойланып отырып оқисың, оқып отырып ойланасың. Жамандықтан аулақ болуға, жақсылыққа құштар болуға талпынасың.Мұнда мысал аттары жазылған.

Мысалдың қысқаша мазмұнын,қорытынды ойын айтады , қосымша суреттер арқылы суреттейді.Қима қағаздарды таңдайды.

1."Қарға мен түлкі"

2. "Аққу , шортан, һәм шаян"

Топ мүшелері дайын болғанша көрермендерге сұрақтар қойылады.

Мектебіміз Ахмет Байтұрсынұлы атымен аталғандықтан әр бір гимназист ақын өмірі мен шығармашылығын білуі тиіс. Кезекті жанкүйерлерге берейік.

Сіздерге 8 сұрақ беріледі.


1. А.Байтұрсынұлы қай жылы және қай жерде дүниеге келген?

(1873 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.)

2. Ақынның қандай жинақтарын білесің?

(«Маса», «Қырық мысал», «Мың бір мақал» , «Тіл құрал»)

3. Қырық мысал қашан, қайда жарық көрді?

(1909 жылы Петербургте)

4. А.Байтұрсынұлының оқу, білімге шақырған өлеңі қалай аталады?

(«Оқуға шақыру»)

5. «Мың бір мақал» қай жылы жарыққа шықты?

(1923 жылы «Ахмет Баржақсыбаласы» деген атпен)

6. Ахметтану дегеніміз не?

Ахмет Байтұрсынұлының ақындық, ағартушылық,жазушылық бет-бейнесін оқу, танып білу.

7.Қандай мысалдарын білесің?

8.Ахмет Байтұрсынұлының қандай нақыл сөздерін білесің?

Құрметті көрермендер, мінекей жарыс кезеңдері аяқталды. Әділ қазылар алқасының шешімі дайын болғанша Мейрамбек Қарақаттың әсем әнін тыңдаңыздар.


Слайдтан шығады:

Ақын аз Байтұрсынұлы Ахметтей,

Сөзі алтын, мағынасы меруерттей

М.Дулатұлы

Мағынасы меруертпен тең алтын сөздер қалдырған, қазақ халқының дара тұлғасы А.Байтұрсынұлы арналған жарысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды хабарлау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Құрметті сайысқа қатысушы бүлдіршіндер! Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз.

Қорытынды: А.Байтұрсынұлы атамыз айтқан екен. Адамға көз, құлақ, мұрын қандай қажет болса, бастауышта алатын білімде сондай қажет. Ендеше ,сабақты жақсы оқып ,атамыз балаларым білімді болсын, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз-бәрі надандықтың кесапаты деп өткір айтқан ойын дұрыс ұғып, "жұртым" дейтін білімді азамат болыңдар деп тілеймін.

Жазықсыз деп ақталған

Бес арыстың бірісің.

Дана, дара тұлғаңмен

Ахмет ата ірісің

"Әліппенің" атасы ,

Ақын - ұстаз, ойлы адам

Аудармашы, лингвист

Ұлттың қамын ойлаған.

Барлығы: Ағартушы, ғұлама,

Еңбектерің ол -аңыз.

Атамыздан үлгі алып

Алғыр бала боламыз.

Әрдайым гимназия мәртебесін жоғары биіктетуге өз үлестеріңді қоса беріңдер! Біз сендерге сенеміз.Құрметті қонақтар, "Қазақтың дара туған данасы" атты жарысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал