7


Тақырыбы: ҚАЗАҚ ТІЛІ СИЫР

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі. «Сиыр».



Сабақтың мақсаты: Жуан дыбыстылар туралы білімдерін жетілдіру.

Білімділігі: « Сиыр» өлеңінің мазмұнын таныстыру. Сиыр малы туралытүсініктерін кеңейту. Сиырдың ерекше қасиеттері мен пайдасын айту. Жаңылтпаш, мақалдар, ырым-тыйымдар айту, мағынасын ашу.



Дамытушылығы: Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айтуға төселдіру. Оқушылардың сөздік қорларын, танымдық қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелігі: Малды сүюге, малға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Әдемі, таза , сауатты жазуға баулу.



Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру.



Көрнекілігі:Қадыр Мырза Әлидің суреті, сиыр, төлдердің суреті,аққала суреті.



Түрі: Аралас сабақ.



Пән аралық байланыс: Математика.



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

-- Тақпақ айтқызу арқылы оқушылардың сабаққа назарын аудару.

« Қайырлы күн » деп айтамыз,

Түсте үйге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

-- Балалар біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?

- Төрт түлік. Дауысты және дауыссыз әріптері.

- Төрт түлікке нелер жатады?

-Қой, ешкі, түйе, сиыр, жылқы.

« Ақ бұзау» өлеңін оқыту.



3.Үй тапсырмасын қорыту.

1. Дыбыс нешеге бөлінеді?

2.Дауысты дыбыс шегеге бөлінеді?

3.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

4.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

5.Дауысты дыбыс нешеу?

6.Дауыссыз дыбыс нешеу?

7.Сөздер нелерден құралады?

8.Сөйлем нелерден құралады?

9.Жуан дауыстыларды ата?



4. Жаңа сабақ.

Жұмбақ.

Екі найзасы бар,

Екі айнасы бар.

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)

  • Ендеше, біз бүгінгі сабағымызда Қ. Мырза Әлидің « Сиыр» өлеңімен танысамыз.



5.Оқулықпен жұмыс.

Автормен таныстыру.

  • Қадыр Мырза Әли - қазақтың көрнекті ақындарының бірі.

  • Өлеңді оқу, мағынасын ашу.

  • Сиыр туралы не білеміз?

  • - Сиырдың қандай пайдасы бар?

Сиыр - ол бізге сүт береді, сүтінен май, айран, құрт жасалады.Еті тамақ болады.Сиыр құнарлы шөп жеп, су ішеді.Сиырдың түсі қызыл,қара , ала болады. Ал сиырдың төлін бұзау деп атайды.



Сөздік жұмыс

Шүйгін-құнарлы, отты, шөбі көп жер.



6.Сергітусәті.

Аспанға қарап ай көрдік,

Төмен қарап жер көрдік.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.



7.Дәптермен жұмыс.

Дәптерге күннің жады мен тақырыпты жаздыру.

Көркем жазу.

С с С с

Су -тазалық кепілі.

30-жаттығу.

Жаңылтпашты көшіріп жазып, жуан дауысты дыбыстардың астын сыздыру.

Қырды қырау,

Қызыл ала бұзау.

Тауда тарғақ,

Тарғыл ала торпақ.



8.Ойын : « Төлдерін тап»

Үй жануарларының қасына төлдерін апарып,олардың түсін атап, даусын салдыру.



9.Кітаппен жұмыс.

Жаңылтпашты жаңылмай айт!

Оқушыларға оқыту.

а) хормен

б) жеке



10. Сабақты қорытындылау.

«Аққала» құрастыру.

1.Төрт түлікке нелер жатады?

2.Төрт түліктің атасын ата?

3.Төрт түліктің төлдерін ата?

4.Төлдерді қалай шақырады?

5.Малдар жайында тыйым сөздерді айт?

6.Шұбат қай малдың сүтінен жасалады?

7Жұмбақты шеш?

8.Малдың қандай пайдасы бар?

9.Сиырдың сүтінен нелер алынады?



11.Үйге.Сиыр өлеңін жаттау.

31-жаттығуды көшіріп жазу, жуан дауысты дыбыстардың астын сызу.



12.Бағалау.









.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал