7


  • Учителю
  • 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары 'Жетім'

4 сыныпқа арналған сабақ жоспары 'Жетім'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Сөз таптары Зат есім.

Мақсаты:

  1. Сөз таптарының түрлерін, оларға сұрақ қоюға, сөйлемдегі сөз таптарына талдау жасауға үйрету;

2.Таным қабілетін дамыту, сөздік қорларын, дүниетанымын дамыту;

3.Ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, ішін-ара іздену, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

38-жаттығудағы Ребустың шешуін таптық па?Дәптерлерінен тексеріп шығамын.

ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру


Сызбаға сүйене отырып 40-жаттығудағы сөздерді талдау.Сөздерді мағыналарына қарай топтап айтып, оларға сұрақ қой?Әр топтағы сөздерге қойылатын сұрақтың әр басқа болуы неліктен деп ойлайсың?Сызба бойынша сөз таптары туралы білетініңді айт. Анықтаманы еске түсіру.

Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Сын есім дегеніміз - заттың сынын білдіреді. Сұрақтары: Қандай? Қай?

Сан есім - заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіреді. Сұрақтары: Неше? Қанша?

Етістік - заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: Не істеді? Қайтті? Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Сонымен қатар, жер-су аттары, адамдардың аттары, жануарлардың аттары барлығы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы, Алатау, Балқаш.

Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Жалпы есімдер кіші әріптерден басталып жазылады. Мысалы, қыз, қала, құс.

Ү Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс

41-жаттығудағы Кестені толықтыр.

Зат есім

Жалқы есім


...


Баянауыл

...

Жалпы есім

Адам

...

өзен

Негізгі зат есім


Көл

...

орын

Туынды

Зат есім

...

Достық

...


42-жаттығу Жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап, өзінің алдындағы сөзбен байланыстырып жаз. Мысалы: Кітаптың беті, жаңбырдың суы, қуыршақтың көйлегі, бөлменің ауасы.43-жаттығуды Өлеңді мәнрлеп оқы.Тәуелдеулі зат есмідерді тап.

ҮІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІ Үйге тапсырма: 44-жаттығу Ребусты дәптерлеріңе жазып шешімін тап?Ребустың шешуіндегі сөзді жекеше, көпше түрде үш жақта тәуелдеп жаз.

ҮІІІ Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Мәтін.мәтінге ат қою.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;

2.Байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту;

3.Тазалыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба, жұмбақтар


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 8-жаттығу тексеру, оқу

ІІІ Мақсат қою кезеңі:

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру


Мәтін дегеніміз не?

Тірек сызбаға сүйене отырып мәтіннің мағынасын ашу.

Ү Жаңа материалмен жұмыс:

а) Оқулықпен жұмыс

1-жаттығудағы әр бөлікті салыстыр.Қай бөлік мәтін. Неліктен. Мәтінге тән белгілерді есіңе түсір

2-жаттығу. Берілген сөйлемдерден «Ормандағы оқиға» мәтіні құрастыр. Ол үшін сөйлемдердің өзара мағыналық байланыста болуын басшылыққа ал.

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу

Нн нан ана намыс

3- жаттығуды көшіріп жаз. Сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып тұрған сөздердің астын сыз.

Мәтінде не туралы айтылған?

Кестені пайдаланып, дәлелдей білуге үйрен.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.


4- жаттығуда мәтінді оқы, ат қой. Мұның мәтін екенін дәлелде. Қай сөйлем сөздердің қайталануы, есімдік, мәндес сөздер арқылы байланысқанын көрсет.


Жұмбақтар шешу.


5- жаттығуда байланысу тәсілдерін пайдаланып, мәтінді көшіріп жаз. Мәтінге ат қой. Мәтіндегі негізгі ойды анықта.

ҮІІ Қорытындылау

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ Үйге тапсырма: 6- жаттығу. тақырыбына мәтін құрастыру.

ІХ Оқушыларды бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал