7


  • Учителю
  • Математика пәнінен сабақ үлгісі 'Қашықтық. Жылдамдық. Уақыт. '

Математика пәнінен сабақ үлгісі 'Қашықтық. Жылдамдық. Уақыт. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Қашықтық. Жылдамдық. Уақыт.


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: қозғалысқа байланысты есеп шығару дағдыларын жетілдіре түсу. Оқушылар білімін тиянақтау, ойлау қабілетін дамыту.

2.Дамытушылығы:оқушылардың ой өрісін, логикалық шығармашылығын, қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелілігі: оқушы бойына адамгершілік, достық, ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастыру, жол ережесін сақтай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, тапсырма беру.

Түрі: пысықтау сабағы.

Пәнаралықбайланыс: дене шынықтыру, өзін өзі тану.

Сабақтыңкөрнекілігі: суреттер, кесте, тапсырмалар.


Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Тыныштық сәті

Білімнің тұңғиығы болмайтұғын,

Тоқысақ жалықтыра қоймайтұғын.

«Ғылымдар патшасы» деп дараланып,

Математика- қызыққа тоймайтұғын, -

деп қызыққа толы математика сабағын бастаймыз


II Үй жұмысын тексеру


Ауызша санау есептері.№1

Ал енді тез есептеп, мына сұрақтарға жауап берейік

1. Ең кіші төрт таңбалы сан.

2. Қосуға қарсы амал.

3. Бестен кейінгі сан.

4. Бірдей екі санның арасына қойылатын таңба.

5. Ұзындық өлшем бірлігі.

6. 100 жыл неге тең?

7. Тоғыз ондық неге тең?

8. Фигураның барлық қабырғасының қосындысы неге тең?

9. 79,..., 81 жоғалғансанды тап.

10. 30 бен 2-ніңкөбейтіндісінешегетең?


III Мағынаны тану

Енді бүгінгі сабақтың тақырыбы мен міндеттерін анықтайық. Суретте қандай заттар көріп тұрсыңдар?

Олар қандай іс-әрекет жасайды? Қозғалады? Дұрыс ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен? Қозғалыс . Қозғалыс жайлы не білеміз?

Қозғалысқа қандай шамалар қатысады? (қашықтық, жылдамдық, уақыт)

Жылдамдық деген не? Уақыт бірлігінде жүріп өткен қашықтық.

Қашықтықты қалай табамыз? S = V×t

Жылдамдықты қалай табамыз? V = S:t

Уақытты қалай табамыз? t = S:V

Жылдамдықтың қандай түрлерін білесіңдер? (жақындау, алыстау)

Ұлуды, адамды, машинаны алсақ жылдамдықтары бірдей болады ма? Қайсысы тез қозғалады? Қайсысы баяу қозғалады? Олардың уақытқа жүріп өткен қашықтықтары да әртүрлі болады.


IVПысықтау


Тапсырма №2 (жалпы жұмыс)


Екі ауылдан бір мезгілде бір біріне қарама -қарсы шыққан екі салт атты 4 сағаттан соң кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 11км/сағ, ал екіншісінікі - 13 км/сағ.Екі ауылдың арақашықтығын тап.


Тапсырма №3(топпен жұмыс)

1 топ 2 топ 3 топ 4 топ

Бір ауылдан бір мезгілде екі шаңғышы бір-бірінен қарама-қарсы екі бағытта жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісінікі 14 км/сағ. 3 сағаттан соң олардың арақашықтығы неше километр болады?

Ара қашықтығы 78 км екі ауылдан бір мезгілде екі шаңғышы бір-біріне қарама-қарсы шығып, 3 сағаттан кейін кездесті.Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ. Екінші шаңғышының жылдамдығын тап.

Ара қашықтығы 78 км екі ауылдан бір мезгілде екі шаңғышы бір-біріне қарама-қарсы шықты. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, екіншісінікі 14 км/сағ. Олар неше сағаттан кейінкездеседі?

Салт атты 30 км/сағ жылдамдықпен , ал жаяу адам 12 км/сағ жылдамдықпен қозғалып 3 сағат жолда болды . Екеуінің жүрген жолы қанша?


Сергіту сәті


Тапсырма №4 (топпен жұмыс)

Оқулықпен жұмыс.


1 топ. 68 × 300= 97 × 400 =

2 топ. 20400 : 300 = 38 800 : 400 =

3 топ 74 × 60 = 3200 × 60 =

4 топ 444000 : 60 = 256 000 : 80 =


IV Рефлексия


№5.«Иә-жоқ» ойыны


  1. топ 2 топ 3 топ 4 топ

1. 35×10 көбейткенде 350 болады.

2.Қашықтықты табу үшін жылдамдықты уақытқа бөлеміз.

3.Қабырғаларының ұзындығы 9 см болатын шаршының ауданы 81 см2

4. Бір тәулікте12 сағат бар.

5. 24 оқушыны екі-екіден отырғызу үшін 12 парта керек.

6. 4 аптада 30 күн бар

7. Ең үлкен төрт таңбалы сан 1000

1. 1000 : 2 бөлгенде 500 болады.

2. Жылдамдықты табу үшін қашықтықты уақытқа бөлеміз.

3. Тіктөртбұрыштың ауданың табу үшін ұзындығын еніне көбейтеміз.

4. 1тонна 1000 кг тең.

5. бір жылда 12 ай бар.

6. 3 қатарға 10 теректен отырғызылды.

Барлығы 33 терек болды.

7. Бір аптада 6 күн бар.

1. 87×100 көбейткенде 870 болады.

2.Уақытты табу үшін қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз.

3. Шаршының периметрін табу үшін қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейту керек.

4. Бір жылда 355 күн бар.

5. Сантиметр, метр, километр - масса бірліктері.

6. 2 аптада 20 күн бар.

7. Ең үлкен үш таңбалы сан 999

1. 2300 : 100 бөлгенде 23 болады.

2. Бүркіт 15 километрді 5 минутта ұшып өтті. Оның жылдамдығы 3 км/мин

3. 92 =18.

4. 1 центнерде 1000 кг бар.

5. 2 тәулікте 48 сағат бар.

6. Жолаушы жолда 1 тәулік 6 сағат болды. Жолаушы жолда 25 сағат болды.

7. Бір тәуліктің үштен бір бөлігі 8 сағат болады.

VI Бағалау


VII Үйге тапсырма беру133 бет, № 9 шамаларды салыстыру.

Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал