7


  • Учителю
  • Мінез құлық тәрбие сағаты ( 1Сынып)

Мінез құлық тәрбие сағаты ( 1Сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 28.01.2016ж

Тақырыбы: Мінез-құлық мәдениеті

Мақсаты:

Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету. Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мінез - құлық туралы нақыл сөздер т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбері:

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

Арайлым:

Мінез -адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Осы қасиеттер мен ерекшеліктер әр кезде әртүрлі қатынастарға байланысты байқалады. Мінез грекше-характер деген мағынаны білдіреді.Өзіне деген қатынас: өзімшіл, сыншыл,заттарға ұқыпты, қызметіне адал болуы мүмкін.

Аягөз:

Ата-ананың тілегі-

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі-

Адам болып өскенің.

Аслан:

Әдептілік дегенің-

Әрқашан де керегің.

Әсемпаздық дегенің-

Әуре-сарсаң әлегің.

Назым:

Атам менің әманда

«Ынтымақшы бол» дейтін.

«Бірлік болса» адамда

«Шын бақыт қой» ол дейтін.

Ойланайық:

1.Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?

2.Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

3.Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

4.Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп, ойлайсыз?

Осы берілген сұрақтарға оқушылар шынайы түрде жауаптарын айтып, мінездің жақсы-жаман түрлерін, жаман мінездің адамның іс-әрекетіне кедергі келтіретінін, жақсы мінездің әрдайым жақсылыққа апаратынын айтып өтеді.



Тағам арқылы мінез-құлықты анықтау

1.Тәттіні ұнататындар - стресті игере алатын іскер, мақсат-мүддесі айқын адамдар. Олардың милары ақаусыз жұмыс істейді.

2. Ет жегіштер - резоноперлер, мейірімсіздер деп те есептеледі. Олар өз мақсаттарына жету үшін неден болса да тайынбайды. Отбасында мазасыз, күдікшіл.

3. Ұн тағамдары мен ұннан дайындалған әшекейлі оны - мұныларды сүйсініп жейтіндер өзгеге жамандық жасамайды. Құлшынысы кем, болбырлау келеді. Жұрттың әрекеттерін талқылап отыруға бейім. Жұмыс орнын көп өзгертеді. Отбасында момақан, үйдегілердің айтып жатқан сын-ескертпелерін жүре тыңдайды.

4. Ащы тұздықтар, дәмдеуіштерге әуестер - ақылсыз, ұшқалақ, кірпияз, өтірікке бейім келеді. Сын көтермейді, өкпешіл, фантастикалық кітаптар оқиды, саяхатшыл. Достыққа өнімсіз. Жақсы басшы емес. Оған қаншама ақша құйылып жатқанымен сусып қолында тұрмайды.

5. Картоп жегіштер - флегматиктер, жатып ішерлер, бірақ қолға алған істері өнімді. Бірден шешім қабылдамайды. Бір мәселені шешсе, ол тиянақты. Салиқалы мәнді кітаптар оқиды.

6. Бәрін де жей беретіндер жан-жақты келеді. Олар еңбекқор. Ұзақ өмір сүреді, ауырса тез жазылып кетеді.



Сергіту сәті.

Оқушылар кесте толтырып, ол туралы өз ойларын айтады.

Қорытынды

«Жақсы мінез бітпес байлығың, жаман мінез-өмірлік азабың» деген қанатты сөздермен бүгінгі «Мінез - құлық мәдениеті» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал