7


  • Учителю
  • Жаңғақ жемісінің қасиеттері ғылыми жоба

Жаңғақ жемісінің қасиеттері ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





МАЗМҰНЫ





І. Кіріспе ….....................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Жаңғақтың өзіндік ерекшеліктері.........................................4

2. 2 Жаңғақтың адам өміріндегі пайдасы....................................6

2. 3 Жаңғақ жемісінің шипасы......................................................9



ІІІ. Қорытынды .........................................................................16

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер...............................................18



















































Аннотация





№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының 4 «Ә» сынып оқушысы Мыңбаев Қайсардың «Жаңғақ жемісінің қасиеттері» атты ғылыми жобасы жаңғақ ағашының қыр-сырын танытуға, оның жемісінің адам өмірі үшін пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін ашуға арналған.

Зерттеудің мақсаты: Әлемдегі жаңғақ түрлерінің алуан түрлілігін, олардың жалпы сипаттамасын танып-білу. Жаңғақтың аса шипалы және ақылды өнім екенін меңгеру және бұл жемістің емдік қасиетін зерттеп, анықтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, жаңғақ ағашының өзіндік ерекшеліктері жан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе, өз дәрежесінде танытылса, онда жастарымыздың, болашақ ұрпағымыздың жаңғақтың қыр-сырын ұғына отырып, они жиі пайдаланған жағдайында денсаулығы мықты болып, ақылды, данышпан болып өсеріне септігі тиер еді.

Зерттеу барысында

1. Жаңғақтың алуан түрлілігі анықталды;

2. Жаңғақтардың адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;

3. Жаңғақтан түрлі бұйымдар және түрлі тағамдар жасауға болатындығы зерттелінді;

4. Жаңғақтың дәрілік өсімдік екендігі, оның шипалық қасиеттері жан-жақты жүйелі түрде анықталды.

Жұмыстың орындалу әдістері. Жаңғақ туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.





































№45 "Ақ Орда" мектеп-гимназиясының

4 «Ә» сынып оқушысы Мыңбаев Қайсардың

«Жаңғақ жемісінің қасиеттері» атты

ғылыми жұмысына



Пікір



Оқушы Мыңбаев Қайсардың «Жаңғақ жемісінің қасиеттері» атты ғылыми жобасы жаңғақ ағашының өзіндік ерекшеліктерін ашуға, оның жемісінің адам өміріндегі пайдалы жақтары мен шипалық қасиеттерін танытуға арналған.

Зерттеу жұмысында Қайсар жаңғақ ағашының әлемде өсіп-өнген көптүрлілігін танытуға, оның Қазақстан жерінде де кеңінен тарала отырып, адамзат өмірінде алып отырған орнын көрсетуге, адам өмірінің денсаулығын жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерінің қыр-сырын ашуға тырысқан.

Жаңғақ ағашының құрамында адам денсаулығына қажетті және пайдалы ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Осы заттардың пайдалы жақтарын көрсете отырып, олардың қандай ауруларға шипасы бар екендігін жүйелеп, талдап көрсеткен.

Зерттеуші жаңғақтың пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін танытуда көптеген еңбектермен, интернет материалдарымен таныса отырып, оның барлық қырын ашуға тырысқан.

Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.















№45 "Ақ Орда" мектеп-гимназия-

сының бастауыш сынып мұғалімі: Қойшыбаева Қырмызы



















№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының 4 «Ә» сынып оқушысы

Мыңбаев Қайсардың ғылыми зерттеу жұмысы жайлы

К Ү Н Д Е Л І Г І

(2013 жыл)



Атқаратын жұмыс тізімі

Мерзімі

Жетек-ші қолы

Нәтижесі

1

Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу

Қыркүйек -желтоқсан,

2014 ж



«Жаңғақ жемісінің қасиеттері» зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.

2

Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Қаңтар-ақпан 2015 ж.



Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді.

3

Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу



Наурыз

2015 ж.



Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.

4

Ғылыми жетекшіден кеңес алу

Сәуір

2015 ж.



Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім.

























Кіріспе



Грек жаңғақтарын өндіруден әлемде Қытай мен АҚШ көш бастайды. Әлемдік өндіріс жылына 1,5 млн тоннаны құраса, оның 46%-ы - аталған екі елдің үлесінде. Жаңғақтың басқа түрлері бойынша Иран, АҚШ, Түркия, Сирия, Қытай, Грекия, Ау­ғанстан және Тунис елдері алда. Нарықта жаңғақтардың ең қымбат түрі - мака­дамия. Бір кездері Австралияның байыр­ғы тұрғындарының негізгі асының бірі болған бұл өнімді ғылым ағзаға аса пай­далы деп танып отыр. Қымбат жаңғақ Австралия, Бразилия, ОАР, Гавай арал­дары мен АҚШ-та өседі. Қазақстанда жаңғақ түрлерін дайын өнім ретінде өн­діретін бірнеше компания қызмет етеді.

Грек жаңғағы ағашының сүрегі жиһаз дайындауда, жапырағы, дәнінің қабығы медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Дәні тағам ретінде пайдаланылады, ал жемісінен жаңғақ майы алынады.

Зерттеудің мақсаты:

Әлемдегі жаңғақ түрлерінің алуан түрлілігін, олардың жалпы сипаттамасын танып-білу;

  • Жаңғақтың аса шипалы және ақылды өнім екенін меңгеру және бұл жемістің емдік қасиетін зерттеу.



Міндеттері:



1. Жаңғақтың алуан түрлілігін анықтау;

2. Жаңғақтардың адамзат өміріндегі алатын орнын айқындау, маңыздылығын ашу;

3. Жаңғақтан түрлі бұйымдар және түрлі тағамдар жасауға болатынын зерттеп білу;

4. Жаңғақ дәрілік өсімдік екендігін, оның шипалық қасиеттерін анықтау.



ІІ Негізгі бөлім



2. 1 Жаңғақтың өзіндік ерекшеліктері



Жаңғақ - жаңғақ тұқымдасына жататын қос жарнақты көп жылдық ағаш. Дүние жүзінде 20 (кейбір мәліметтер бойынша 40-қа жуық) түрі бар. Қазақстанда екі түрі кездеседі: грек жаңғағы және қара жаңғақ. Жабайы түрлері Орталық Азияда, Қытайда, Жапонияда кездеседі. Ағаштары өте биік (20 - 30 м), діңінің жуандығы 1,5 - 2 м. Ағашбөркі қалың, аумақты, жапырақтары ірі (5 - 11 жапырақшалардан тұрады, ұзындығы 20 - 40 см), хош иісті. Гүлі дара жынысты, бір үйлі. Аталық гүлдері салбыраған сырға тәрізді, аналық гүлдері жеке-жеке не бірнеше гүлден өркеннің ұшында орналасқан. Грек жаңғағы жемісінің жеуге жарамды бөлігі - дәні. Қатты жеміс қабы (қауызы) мен қалың жарғақ ұяшығы (қабығы) жеуге жарамсыз. Грек жаңғағы ағашының аталық және аналық гүлдері әр мезгілде гүлдейді (7 - 12 күннен кейін), жел арқылы тозаңданады. Жылу және жарық сүйгіш, қуаңшылыққа өте төзімді дақыл. Суыққа төзімсіз мүшелері - аталық генеративті бүршіктері, сондай-ақ, бір-екі және көп жылдық өркендері. Грек жаңғағын дәнімен және вегетативтік жолмен көбейтеді. Бір га-ға 2 т тұқым 7 - 8 см тереңдікте егіледі. Дәннен өсірілген көшеттер 10 - 15 жылда, ал ұластыру арқылы алынған екпе көшеттер 4 - 6 жылда өнім береді. 150 - 200 жылға дейін өнім бере алады. Ағаштың орташа биіктігі-25-30 метрге дейін жетеді. Максималды - 50 метр болу мүмкін. Ұшар басының диаметрі 1,5-2 метрлік үлкен шар тәрізді дөңгелектеніп келеді. Грек жаңғағы 200-300 жылға дейін «өмір сүреді». Бір ағаштан жылына 65 - 100, кейде 200 - 300 кг жеміс алынады. Жемісінің салмағы 3 - 23 г, көбінесе, жұмыртқа не шар тәрізді болады. Дәнінің жеміс салмағындағы үлесі 30 - 75%. Дәнінің құрамында 55 - 77% май, 18 - 21% белок, 5 - 6% көмірсу, В1 витамині, А провитамині бар. Піскен дәндерінде 30 - 85 мг, ал толығымен піспеген дәндерінде 1500 - 2000 мг, кейде 3000 мг-ға дейін С витамині болады. Грек жаңғағының сорттары жеміс салуы, өркендерінің өсу қабілеті, жемістерінің салмағы, пішіні, гүлдеу уақыты, сондай-ақ, қабықтарының қаттылығы жағынан 7 топқа бөлінеді: ірі жемісті - өндірістік маңызы жоқ, себебі, дәні жетілмегендіктен нашар өнеді; жұқақабықты - қабықтары жұқа, дәндері майлы, бірақ өнімі аз; салбыраған сырға тәрізді - өнімі мол; бадам тәрізді; кеш гүлдейтін; қатты қабықты - дәні қабығынан өте нашар ажыратылады; шырышты (бумажный, троновой). Соңғы топқа жататын сорттар шырышты сүректерімен бағаланады, олар жылтыр, әдемі келеді. Олардан құнды көркем бұйымдар мен жиһаздар жасалады.

Бұл жаңғақтың отаны - кейбір авторлардың дерегіне сүйенсек, Кіші Азия, оның ішінде - Иран. Осы жерден ол Грекия, Италия және Батыс Еуропа елдеріне таралған. Грек жаңғағын диқаншылықпен айналысатын халықтар жоғары бағалаған. Біздің елге (әсіресе Орта Азия, Күнгей Кавказда көп) бұрын осы жаңғақ тұқымдары Грекиядан әкелінетін де, оның аты содан қалыптасқан. Түйе жаңғағы волох елдерінің (румын, молдаван) құрметіне волош деп те аталған. Ал қазақ жерінде де бұл жаңғақтық ана тілімізде түйе жаңғақ деген аты бар. Демек, біздің Республикада да ол кең тарап, шаруашылығымыз бен тұрмыс-салтымызға молынан енген өсімдік түрі болып табылады. Республикамыздағы Піскем және Өгем өзендерінің жағаларында, Дарваз, Гиссар және Қара теңіз (Памир - Алтайда) жоталарының баурайларынан бастап, 900-2000 м биіктікке дейін осы жаңғақтық 2 түрі өседі. Грек жаңғағы 10 жылдан кейін мол өнім бере бастайды. Жаңғағының сыртқы түрі - шар тәрізді. Түрі мен диаметрі бір сағаттың өзінде әр түрлі болып өзгеріп отырады. Жаңғақ қабығына байланысты қалың және жұқа болып келеді. Жемісін әбден пісіп толғанда, яғни сыртқы қатты сүректенген қабығы кепкенде жинайды. Осы кезде оның қатты қауыз жапқан ішкі дәні төртке бөлінеді. Жиналған жаңғақ дәндерін ұзақ сақтау үшін, күн көзінде не арнайы кептіргіште кептіреді. Ашық және күңгірт қауызды ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай алынады, содан кейін дәнді ағынды суға шайып алып, кептіру керек.

2. 2 Жаңғақтың адам өміріндегі пайдасы



Грек жаңғағының адам миына ұқсастығының өзі көп нәрседен хабар берердей. Біріншіден, грек жаңғағы миға өте пайдалы антиоксидант есебінде қажетті. Және бұл жаңғақ түрі басқа жаңғақ түрлерін көш ілестірмей кетеді. Мәселен, жақында ғана зерттеушілер осы бір жаңғақтың құрамындағы заттар адам миының тез шешім қабылдауы мен ақпарттарды жылдам қағып алуында елеулі орын алатынын дәлелдеп шықты. Ол аз десеңіз, тағы бір ғалымдар грек жаңғағының ағзадағы екі пайызының өзі (қалыпты табылып тұратын болса) мидың қартаюы мен жоғары бөлік қызметінің ұдайы қызмет үстінде болуын, когнитивтік жүйені (тану қасиеті) реттеп отырады деп сендіреді.

Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Ол адам денесіне өте қажетті, пайдалы азықтық ретінде қарастырылады.

  1. Миды қуаттандырады. Жаңғақтың құрамындағы белоктализин мен фосфатид ми жасушаларын жандандырып, жүйке қуатын жоғарлатады.

  2. Холестеринді төмендетеді. Жаңғақ дәнінің құрамында 65% май бар. Ол адам денесіндегі қан айналысын жақсартады.

  3. Өтке байланған тасты ерітеді. Дұрыс тамақтанбауға байланысты өтке байланған тасты ерітіп, сыртқа ығыстырады. Дәрігерлердің айтуынша, өтіне тас байланған адамдар жаңғақты үнемі жесе, операция төсегіне жатуының қажеті жоқ екен.

  4. Теріні ажарландырады. Жаңғақтың құрамындағы мол кальций, фосфор, темір сияқты микро элементтер адам денесін түрлі ферменттермен қамдайды. Мұның ішіндегі Е витамині жасуша босауының алдын алады. Жаңғақты лайықты мөлшерде жесе, бет терісін ажарландырып, ағартып, майдалылығын, жылтырлығын арттырады. Босануға жақындаған жүкті әйелдер көбінесе жаңғақ дәнін жеу арқылы өз келбеттерін сақтайды.

Жаңғақтар - дәмді, жоғары калориялы жемістер. Олардың неғұрлым көп тараған түрлері: грек жаңғағы, манчжур жаңғағы, физалис жаңғағы, жебір шөп жаңғағы, базельник жаңғағы, талшын жаңғағы, кешью жаңғағы, самырсын жаңғағы, орман жаңғағы, бадам, пісте, су жаңғағы</</font>. Кондитер өнеркәсібінде жаңғақтар көп қолданылады. Олардан көптеген кәмпиттік





Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!







11



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал