- Учителю
- Бастауыш сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыс
Бастауыш сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыс
Қарашоқат орта мектебі
« Білім жәрмеңкесі »
(сайыс)
Сыныбы: 2-сынып
Дайындаған: П. Тәңірбергенова- бастауыш сынып мұғалімі
2012-2013 оқу жылы
6.12.2012 ж 2-сынып
Тақырыбы: Білім жәрмеңкесі
Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін жинақтап жүйелеу, танымдылығын, әр пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өз ойын жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, тәжірибеге қажетті құралдар, топ аттары жазылған парақшалар
Барысы: І. Зеректік
ІІ. Терең білім
ІІІ. Ғажайып үштік
ІҮ. Жүйрік ой
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті мұғалімдер мен оқушылар. Бүгінгі 2-сыныпта өткелі отырған «Білім жәрмеңкесі» сайысына қош келіпсіздер.
Мубаракова Назерке Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін оқиды.
Бүгінгі сайыста 2-сынып оқушыларынан құралған үш топ сынға түседі.
І топ - «Бірлік»
ІІ топ - «Татулық»
ІІІ топ - «Достық»
Әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та,
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та.
І бөлім - «Зеректік»
1-топқа сұрақтар:
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? (қазақ тілі)
-
«Күз» өлеңінің авторы кім? (Абай Құнанбаев)
-
Басты байлық не? (денсаулық)
-
1 жылда неше ай бар? (12)
-
Күйді орындаушы адам (күйші)
-
Ұя салмайтын құс (көкек)
-
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы (етістік)
2-топқа сұрақтар:
-
Қазақстан мемлекеттік рәміздері (гимн, елтаңба, ту)
-
Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Т. Әубәкіров)
-
Көру мүшесі (көз)
-
Бір ғасырда неше жыл бар? (100)
-
Екі ақынның өлең жарысы (айтыс)
-
Күндіз көрмейтін құс (жапалақ)
-
Үш биді ата (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
3-топқа сұрақтар:
-
Есту мүшесі не? (құлақ)
-
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (А.Құнанбаев)
-
ҚР-ның гимнінің сөзін жазғандар (Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)
-
«Көлдің сәні» деп қай құсты айтамыз? (аққу)
-
1 тәулікте неше сағат бар? (24)
-
Заттың атын білдіретін сөз табы. (зат есім)
-
Төрт түлікті ата. (түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі)
«Оқулық» Н.Айтов.
ІІ бөлім - «Терең білім»
Бұл бөлімде негізгі төрт пән бойынша сұрақтар беріледі.
Білімді тұрады жарасып,
Болашақ әлемге жол ашып.
Өзінің білімін танытар,
Келесі кезеңге жол ашық.
Математика
-
1метрде неше сантиметр бар?
-
47 санында неше бірлік бар?
-
Азайтудың компоненттерін ата: 40-20=20
-
Тиісті амал таңбалары мен санды қой: (60 ○3) ○ 30=33
Дүниетану
-
Адамға қажетті бес жағдайды ата.
-
Ауаның қасиеттерін ата.
-
Көкжиек дегеніміз не?
-
Су - еріткіш. Осыны тәжірибе арқылы дәлелде.
Қазақ тілі
-
Дұрыс буынға бөлінген сөзді көрсет. Жаң - ал -ық; Жа-ңа-лық; Жа-ңал-ық
-
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді. Ата.
-
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді. Ата.
-
Мәтін дегеніміз не? Оның түрлерін айт. Төменде мәтіннің қай түрі берілген?
Шіл - үй кептерінен сәл үлкендеу сұр түсті құс. Үсті басында қара, қоңыр, қызғылт, ақшыл дақтар мен жолақтары көп. Құйрығы қысқа әрі дөңгелене біткен.
Ана тілі
-
Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?
-
Ертегінің қандай түрлері бар?
-
Абай Құнанбаев туралы не білесің?
-
«Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе зердесіз сүймес. Жүрегі шерсіз, тілеуі бөлек, жетесіз сүймес…». Шығарманың аты қалай, авторы кім?
«Білім керек бәріне» Ф.Оңғарсынова. Оқитын 2-сынып оқушысы Түймебаев Р.
ІІІ бөлім - «Ғажайып үштік»
Үш тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
-
Есімдер
-
Табиғат ғажайыбы
-
Суреттер сөйлейді
-
Есімдер:
-
Қазақ балаларына арнап мектеп ашып, «Қазақ хрестоматиясы» атты оқу құралын жазған кім? (Ы.Алтынсарин)
-
Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған ғалым, әрі ақын. (А.Байтұрсынов)
-
Ш.Уәлихановтың өмірі жайлы көп жазған, Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген белгілі балалар жазушысы (С.Бегалин)
-
Табиғат ғажайыбы
-
Бұл еңбекқор жәндіктің ұясына қарап, көкжиек тұсын анықтауға болады. (құмырсқа)
-
Бұл жәндік сағатына 6 км-дей жерді шарлап, 7000 гүлге қонып үлгереді екен. (бал арасы)
-
Өсімдіктің бұл мүшесі «Шебер аспазшы» деп аталады. Себебі ол күн көзінің жарығы мен жылуы арқылы ауа мен судан қант пен крахмал жасайды. (жапырақ)
-
Суреттер сөйлейді
Суретте не бейнеленген? Ол туралы не білесің?
-
2.
3.
«Ғылым таппай мақтанба» А.Құнанбаев. Оқитын 2-сынып оқушысы Мергенов А.
ІV бөлім - «Жүйрік ой»
Бір кезде білімнен от алған,
Көрінер ізденген топ алдан.
Келесі кезең де басталар,
«Жүйрік ой» деп аталған.
Бұл бөлімде берілген жұмбақтар мен өлең жолдарының ұйқасын табу.
-Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса ... /өледі/ (балық)
-Жасыл болып жапырлап өседі,
Сары болып үзіліп ... /түседі/ (жапырақ)
-Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі ... /тауы/ бар (түйе)
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері ... /айқай-шу/ (түлкі)
Мысықтан қорқады,
Түнде ... /жортады/ (тышқан)
-Қарындашты қолға аламын
Әдемі етіп сурет ... /саламын/
-Арба сықырлап жүрді,
Ит арсылдап ... /үрді/
-Жүсіп!
Асырайсың ба ... /күшік/
Қорытынды:
Ән «Есеп сабағы». Орындайтын 2-сынып оқушылары.
Білімнің қырларын жүйелеп,
Ғылымның сырын біз ұғайық,
"Білімді оқушы" атанып,
Жеңістің шыңына шығайық
Жеңімпаз топты марапаттау үшін сөз әділ қазы алқасына беріледі.