7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: Нан қандай дәмді. 4 сынып

Сабақ жоспары: Нан қандай дәмді. 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: "Нан қандай дәмді"

Сынып:4в,д

Күні: 28.11.16

Мақсаты 1.Оқушыларға қасиетті тағамның бірі - нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру

"Ас атасы - нан"екенін түсіндіру,

2.Дүниетанымын, ой-өрісін, еңбекқорлығын, адамгершілігін ояту және дамыту.

3.Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс

Көрнекіліктер нақыл сөздер сөзжұмбақ тірек сөздер кесте

Сынып сағатының барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық тренинг. "Жаңа күн" 1слайд

Оқушыларды топқа бөлу.

2.Сынып сағатының тақырыбы, мақсатын таныстыру.

"Нан - қасиетті тағам" 2-слайд

Тыңда ерлер түлетті

Тың адамды үйретті

Нан үшін олар тер төкті

Кім? Не істейді?

1. Тракторшы

2. Диқаншы

3. Комбаиншы

4. Жүргізуші

5. Диірменші

6. Наубайшы

7. Дүкенші.

- Нанды дайындаудың жұмыс тәртіптері қандай? 6-слайд

- дән себу

- астық жинау

- диірменге әкелу

- нан пісіру

- егістікті күту

- ұн тарту

- дүкенге әкелу

- жер жырту

- элеваторға әкелу

- нан илеу, ашыту.

Тағамға байланысты ырым-тыйымдар. (Оқушылар өз пікірлерін айтады)

"Нанды аяқ астына тастама" 6-слайд

"Сүтті төкпе, баспа"

"Жерде жатқан нанды еңкейіп ал"

"Тамақ ішкен кезде сөйлеме"

"Тамақты төкпей-шашпай іш"

(Оқушылар өз ойларын білдіреді)

- Біздің халқымыз кез келген затқа, кез келген іс-әрекетке дана ойларын, нақыл сөздерін айтып отыратын халық.

--Обал-сөзіне түсінік беру.

Кез келген дүние, жақсылық атауы бізге еңбек арқылы келеді.

- Еңбекке қатысты мақал-мәтелдер айтайық.

1.Ас атасы - нан.

2. Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың жаны тәтті.

3.Нан - қасиет, Нан -береке, Нан - мереке.

4.Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.

Қорытынды. "Нан қасиетті тағам"- деп бекер айтылмаған.Нанның қасиеті бізге тоқшылық, байлық, тыныштықты әкеледі.Нансыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Нан - тіршілік тірегі.Нанды қастерлеуіміз керек.Ысырап етпей үнемдей білуіміз керек.Нан бізге адал тынымсыз еңбектің арқасында келетінін естен шығармауымыз тиіс.

-О, адамдар! Кең пейілділер!

Бір дән жолда жатса

Ұлылықпен еңкейіңдер!

Үйге тапсырма . 111 бет, 4тапсырма







































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал