- Учителю
- Сабақ жоспары Өзін-өзі тану 4-сынып
Сабақ жоспары Өзін-өзі тану 4-сынып
Бекітемін:
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары:
Алимова.Р.М_______
Мектеп Харьков ОМ Мерзімі 27.09.2016 Мұғалім Съез .Ж
Cынып: 4 Оқушылар саны 9
Тақырып: Менің сыныбым - менің ұжымым
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: ізгілік, жомарттық, қайырымдылық, мейірімділік, жақсылық жасау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұжым, достық туралы түсіктерін
кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын аша отырып, ізгілік, жомарттық, мейірімділік қасиеттері жөнінде түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларға өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыта отырып, жақсылық жасау, ізгілік, жомарттық таныту қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларға жақсылық жасау, ізгілік, жомарттық, мейірімділік білдіру қасиеттеріне тәрбиелеу.
Ресурстар
-
Мелодиялар
-
Маркер
-
фигуралар
Сабақ барысы
Ескерту
-
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме балалар! Көңіл күйлеріңіз қалай, бүгін сабақта кім жоқ? Сабаққа дайындығымыз қалай, оқу құралдарымыз: оқулық, дәптер, күнделік, қалам және түрлі-түсті қарындаштарымызды түгендейік.
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге н/е парта үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сізлдің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте, бірте қарқын және щұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын....Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын»
Осындай НҰР, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Сұрақтар:
-Жаттығу барысында қандай сезімге
бөлендіңіздер?
-
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқулытың 17-бетіндегі Ы.Алтынсариннің « Асан мен Үсен» мәтінін оқып келу.
-
Сендер қай баланы ойлы бала деп ойлайсыңдар? Неліктен?
-
Ойлы баланың бойында қандай қасиеттер болуы тиіс деп ойлайсыңдар?
-
Сендердің де ойлылық танытқан сәттерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер?
-
Дәйексөз.
Ұжымда болу - бақыт
Ә.Табылдиев
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіз?
Дәйексөзді дәптерге көшіртіп жазғызу.
Бірінші ұлдар, содан соң қыздар және хормен қайталатып айтқызу.
4.Мұғалімнің сыйы:
Достар
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, үш баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған дос ішінен: "Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады" деп ойлайды, "Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ". Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады.
Отбасылы досы да ішінен: "Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар, қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды" дейді.
Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған-біткенді түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығыалдында көз жастарын тия алмады.
-
Достардың бір-бірне көрсеткен қамқорлықтарын немен түсіндіруге болады?
-
Достар бір-біріне неліктен жасырын түрде жақсылық жасады?
-
Шынайы достың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болады?
-
Өздерің достарыңнан шынайы қамқорлық сезінгенде қандай күйде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.
-
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлемін.
1-топ .Жағдаятты шешу
-
Сыныптасың «Білімінің биік шыңы» атты сайысқа қатысып жеңіліп қалды. Ол қатты ренжулі.
-
Оған қалай көмектесер едіңдер?
2-топ. Достар арасындағы сүйіспеншілік өлең шумақтарын шығару.
3-топ. Барлық сыныптастарыңа тілектер жазылған ашық хаттар жасау .
Топпен ән айту. Дос болайық бәріміз!
Сөзі: Х.Талғаровтікі
Әні: И.Нүсіпбаевтікі
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті!
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық, бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Қайраттанып қарышта,
Озып шыққан жарыста.
Батыл бас,жас ұлан!
Самға биік,алысқа,
Жұлдыздарға,ғарышқа,
Бойда күш тасыған.
-
Үй тапсырмасы: оқулықтағы 23 бет.
М.Гумеров «Күмән» әңгімесін мазмұндау
-
Соңғы тыныштық сәті:
(Жайлы, баяу музыка ойнап тұрады) пианино-мои
чувства
Мұғалім: Шеңбер құрып отырыңыздар, қолдарыңызды тізелеріңе немесе
үстел үстіне қойыңыздар, аяқтарыңызды айқастырмаңыздар.
Арқаларыңызды тік ұстаңыздар... Көздеріңізді жұмыңыздар. Терең
тыныс алыңыздар. Менің айтқанымды іштей қайталаңыздар.
Мен елімді, жерімді шексіз сүйемін, туған
жерімнің сұлулығы мені ерекше сезімге бөлейді, сондықтан да
құдіретті мекенімді аялаймын, сүйемін. Ата-анама, ұстаздарыма,
достарым, сыныптастарыма сүйіспеншілік сезімін сыйлаймын.
-Бүгінгі сабақта қандай қасиеттер туралы айтылды? Жақсы көру және
кішіпейілдік, жомарттық, аянбай қызмет ету, ізгілік. Ал бұл
қасиеттерді біз жүрегіміздегі риясыз сүйіспеншіліктен аламыз.