- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку на тему 'Баяндауыш' 3 класс
Открытый урок по казахскому языку на тему 'Баяндауыш' 3 класс
3 сынып. 2013жыл Ашық сабақ
І.Тақырыбы: Баяндауыш.
ІІ. Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі:оқушылардың сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін бекіту, жаңа сабақ баяндауыш,оның сөйлемде атқарылатын қызметі туралы түсінік беру және бастауыш пен баяндауыштың бай ланысын меңгерту.
Дамытушылығы:оқушылардың сөз,сөйлем мүшелері,баяндауыш туралы білімдерін кеңейте
түсу,оқушылардыңойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,тіл байлықтарын жетілдіру,сөздік
қор-ларын молайту,сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелігі: :ұқыптылыққа,жинақылыққа және сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі:жаңа сабақты меңгеру.
ІV. Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,сөзжұмбақтар,с.т.о. элементтері, топпен жұмыс,ой қозғау.
V. Көрнекілігі:суреттер,плакаттар,оқулық. мультимедия
VI .Сабақтың жүру барысы:
І..Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз-білім алу,
Міндетіміз-еңбектену.
Еңбек ете жұмыла ,
«5»ке қолды жеткізу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
32-жаттығу. Мәтінді оқы.Әр сөйлемдегі бастауышты тап.
Бүгін Сәкен ерлеп тұр.Шиырып жіберген сақасы мүлт кетпейді.Қалтасы асыққа толды. Айтбек ойыннан әлдеқашан шығып қалған. Ол тек қызыға қарап тұр.
ІІІ.Ой қозғау.
- Балалар желтоқсанның 16-сы күні қандай күн екенін білеміз бе?
-16-желтоқсан Тәуелсіздік күні. Дұрыс, бұл еліміздің Тәуелсіздігі оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік жолында көптеген аға- апаларымыз құрбан болды.Сол желтоқсан құрбандарына арнап мына гүлді жинаймыз. Бұл гүлдерде тапсырмалар жазылған. Сол тапсырманы орындап, гүлді ескерткіш алдына қоямыз
1.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2.Сөйлем мүшелерін қалай табамыз?
3.Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? Қандай болып?
4.Бастауыш дегеніміз не?
5.Қандай сұрақтарға жауап береді?
IV Жаңа сабақ.Қызығушылығын ояту.
Сөзжұмбақ «Баяндауыш» 8.Жаңбыр...(жауады)
Сұрақтары: 1.Түйе....( боздайды) 9.Оқушылар...( шулады)
2.Су....(ағады)
3.Мысық ...( мияулайды)
4.Жылқы...( кісінейді)
5.Ит...(үреді)
6.Қой ...(маңырайды)
7.Құс, ұшақ ...(ұшады)
-
Б
о
з
д
а
й
д
ы
а
ғ
А
д
ы
м
и
Я
у
л
а
й
д
ы
к
і
с
і
Н
е
й
д
і
ү
р
е
Д
І
м
а
ң
ы
р
А
й
д
ы
ж
а
У
а
д
ы
ұ
ш
а
д
Ы
Ш
у
л
а
д
ы
V Мағынаны тану
Баяндауыш ----сөйлем мүшесі- тұрлаулы мүше---іс-әрекет,қимылды --- не істеді? Неғылды? Қайтті?
Бастауыштың ісін,қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауыштарға не істеді? неғылды?қайтті? деген сұрақтар қойылады. Баяндауыштың асты екі сызықпен сызылады.
Әсем биледі. Найзағай жарқылдады.
VI Оқулықпен жұмыс.
35-жаттығу(ауызша).
Маусымдар.
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді.
Жаз баптап өсірсе.
Күз жинап -тереді.
5. Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
36-жатығу.
Тырс-тырс! Тырс-тырс!
Жаңбыр кеп жауады, Жапырақ жылайды,
Тамшылар тамады. Жардан су құлайды.
6.Шығармашылық тапсырма. Сурет бойынша жұмыс.
Берілген сурет бойынша бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем құрайды. Баяндауышын тауып, астын сызу.
7. Сергіту сәті.
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім,
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдім.
8. Тақтамен жұмыс.
37- жаттығу.
Аңдар: жүреді,дыбыстайды,қоректенеді.
Оқушы: оқиды,жазады,сөйлейді.
Құстар: ұшады,қонады,ұя салады.
Су: ағады,қатады,ериді.
39-жаттығу. Сөзжұмбақты шеш.Ол үшін мал мен хайуанаттардың қалай дыбыстайтынын торкөзге орналастыр.
М
а
ң
ы
р
а
й
д
ы
М
и
я
у
л
а
й
д
ы
Ү
р
е
д
і
VII.Семантикалық карта
-
Сұраулы сөйлем
Лепті сөйлем
9 дыбыстан тұратын сөз
Бастауыш
Баяндауыш
Күркіреді
+
Қыс мезгілі қандай керемет!
+
Ақын
+
Құрылысшы
+
Күзде не жауады?
+
VIII.Сабақты қорыту.
Бастауыштың қимылын білдіреді. Не істеді? Неғылады? Қайтті? Жарқылдады, биледі
Қимыл,іс-әрекет иесін білдіреді.кімдер? нелер? Кім?не?кімі?несі? Әсем,жазушыБАСТАУЫШ БАЯНДАУЫШ
Сөйлем мүшесі. Тұрлаулы
мүше
IX.Үйге тапсырма:38-жаттығу.83-бет. Ережені оқу
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Баяндауыштан алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
X.Бағалау: