7


  • Учителю
  • Қайнекей Жармағамбетов 'Ормандағы оқиға' (4 сынып)

Қайнекей Жармағамбетов 'Ормандағы оқиға' (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Қайнекей Жармағамбетов Ормандағы оқиға

Міндеттері:

- Достық, бірлік қарым-қатынастарының құндылықтары жайлы әңгімелесу;

- Ойын толық жеткізе білу шеберлігін дамыту;

- Адалдыққа, әділеттілікке тәрбиелеу.

Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сын тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану», «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау», «Талантты және дарынды балаларды оқыту».

Стратегиялық іс-әрекеттер: «Шаттық шеңбер», «Автор орындығы», «Болжау», «Постер құру», Сергіту сәті «Қызыл өрік», Рефлексия.

1.Оқушылармен сәлемдесемін, шеңбер бойына тұрғызып, «Шаттық шеңбер» стратегиясын өткізу

«Автор орындығы» арқылы үй тапсырмасын тексеру

2. Оқушыларды суреттерді таңдау арқылы үш топқа бөлу.

1-топ - қайың, 2-топ - тобылғы, 3-топ - қараағаш.

Нақты тақырыпты меңгерту үшін ақпарат көзін пайдалана отырып, оқушылардың түсінік алуына бағыт беру.

Слайдтан ағаштардың суреттерін көрсету.

- Қайың,қараағаш, тобылғы жайлы не білесіздер?

- Орман дегеніміз не?
-Қазір сіздер алдарыңыздағы плакатқа осы ағаштарды суреттеп жазасыздар.

1- топ: Қайың
2-топ: Тобылығы
3-топ: Қараағаш
Топ жұмысын тыңдау
Б) мағынаны тану.
1. «Болжау» стратегиясы. Оқулықпен жұмыс
- Қазір сіздер «Ормандағы оқиға» мәтінін оқисыздар. Бұл әңгімеде сіздерге таныс, осыған дейін қолданылған барлық сөздер кездеседі. Сіздер бұл ертегіні бірнеше үзіліспен оқисыздар. Яғни мен тоқтатқанға дейін оқисыздар. Содан кейін сол оқылған бөлік бойынша талқылау жүргіземіз. Сондықтан әр сөйлемді зер салып оқу керек. Сонымен бірінші бөлікті бастаймыз (бір оқушы оқиды, қалғандары қол жүгіртіп қарап отырады) Тоқтатамын, талқылау:
- Бұл бөліктен не түсіндіңіздер?
- Ертегі немен жалғасуы мүмкін?
- Тобылғының сөзі қайыңға қалай әсер етеді деп ойлайсыздар?
-Ал,енді екінші бөлікті оқимыз. Тоқтатамын, талқылау:
- Бұл бөлікте не делінген?
-Алдыңғы сіздердің айтқан болжамдарыңызбен сәйкес келді ме?
- Енді не болады деп ойлайсыздар? Бұл ертегі немен аяқталуы мүмкін?
-Ал,енді үшінші бөлікті оқимыз. Тоқтатамын, талқылау:
- Бұл бөлікте не делінген?
-Алдыңғы сіздердің айтқан болжамдарыңызбен сәйкес келді ме?
-Екі ағаштың бір бірімен ренжісуіне не себеп болды?
-Қайың мен Қараағаштың қатты ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті деп ойлайсың?
-Қараағаштың қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетті?
-Әңгіменің қай жері сіздерге әсер етті?
-Қандай сөздер қиын болды?
-Осы ертегіден көкейімізге не түйдік?
2.Сөздік жұмыс: Қосақ -сауу үшін ұзын арқанмен мойындарынан бір біріне тақап қосақтай байланған қой немесе ешкілер тобы.

Сергіту сәті

-Сабақтың басында сіздер плакатқа табиғаттағы осы ертегідегі қайың,қараағаш, тобылғыны суреттедіңіздер. Енді сіздер ертегіге сүйене отырып осы үш ағаштың кейіпіндегі адамдарды қалай суреттейсіздер соны айтып берсеңіздер және әр топ осы ертегідегі өздеріңізге ұнаған ағаштың суретін көз алдарыңызға елестете отырып , әр ағашқа «Бес жолды» өлең шығарсаныздар

Рефлексия





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал