- Учителю
- 2 сыныптың әдебиеттік оқу пәніне арналған 'Бесік жыры. Тұсау кесу' тақырыптарына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
2 сыныптың әдебиеттік оқу пәніне арналған 'Бесік жыры. Тұсау кесу' тақырыптарына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры.Тұсау кесу жыры
Сабақтың мақсаты: Өлең мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру. Анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: ноутбук, оқулық, бағдаршам, плакат, бор, маркерлер, қуыршақтар
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс
Күтілетін нәтиже: Оқушы бойында жауапкершілік артады.
Көзқарасын өзгертеді.
Өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады.
Жұмыс кезеңдері
Уақыт
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру түрі
Бағалау
Қолданылатын модуль
Мотивация
Топқа бөліну
2 мин.
Сыныптың сабаққа дайындығы.
Сынып оқушыларын топқа бөлу.Оқушылар қатарға тұрып 1,2-ге саналады.
Амандасады.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
(Оқушылар бір-біріне тілек айтады)
Оқушылар топтарға отырып, бағалау парағымен танысады.
Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады.
жеке
Үй тапсырмасын тексеру
5 мин.
Үй тапсырмасын тексеру «Серпілген сауал»
Әр оқушы өлеңді жатқа айтады.
-Өлеңнің авторы кім?
- Өлеңнің тақырыбын айт.
-Өлеңді қандай көңіл күймен оқу керек?
-Ақын жас ұланға дені сау болып өсу үшін қандай ақыл айтты?
Үй тапсырмасына жауап береді.
Сұрақтарға жауап береді.
жеке
Бас бармақ
Қызығушылығын ояту
3
мин.
Сөзжұмбақ шешу.
І топ: Бесік жыры
ІІ топ: Тұсау кесу жыры.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Слайд көру
жеке
АКТ
Білу
10
мин.
-Балалар, бесік, тұсау кесу сөзін естігенде немесе қағаз бетінен көре қалдық делік, сонда ойымызға қандай сөздер келеді.
(постер жасап, қорғайды)
-Қандай тамаша ! Жарайсыңдар балалар, сендер бұл салт-дәстүрлер туралы біледі екенсіңдер.
Түсініктеме: Ең алғаш сәби дүниеге келгенде анасы сәбиін бесікке бөлейді . Бесікке бөлеу қазақтың салт-дәстүріне жатады.
Постерге топтастыру жұмысын жүргізеді. Әр топтың мүшелері топтастыруларын таныстырады.
Баланы бөлейді
Жылы
Бесік Ыңғайлы
Таза
Тербеледі
Салт-дәстүр
Тұсау кесу Той
Тәй-тәй басады
Құрметті адамға кестіреді
Сюжетті суреттерді тамашалайды
жеке
Стикер арқылы
СТО
БжК
Түсіну
Сергіту сәті
5 мин.
Оқулықпен жұмыс
Автормен таныстыру.
-Бесік жыры мен тұсау кесу жырларының авторы-халық. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, балаға ақ сүтімен бірге сіңген ана әлдиі ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тараған. Ауыз әдебиеті-бұрынғы адамдар жазуды білмеген кезде ән, жыр, күйді балалары естіп, ұғып алған, оны өз балаларына үйреткен, сөйтіп осы дәуірге жеткен.
Оқушылар жырларды мәнерлеп, түсініп оқуға тырысады.
І топ: Бесік жырын оқулықтан оқыту
ІІ топ: Тұсау кесу жыры өлеңін оқыту
Дәптермен сөздік жұмыс.
Күрмеу - баланың аяғына байланған ала жіп.
Тақым - тізенің астыңғы, ішкі жағы.
Жілік - малдың сүйегі.
Байқұтан - құс.
Ұста - темірден түйін түйетін шебер.
Шешен - сөзге шебер адам.
Балуан - күресетін спорт шебері
«Бесік» жырын үнтаспадан тыңдату.
жеке
бағдаршам
АКТ
Қолдану
10мин.
Деңгейлік тапсырмалар беру.
1-топ Өлең жазу (өлең жолдарын толықтыр)
.....................жылама
.....................қинама.
.....................жата ғой,
....................бата ғой.
ІІ .«5 жолды өлең»
Не? Бесік
Қандай? 2 сөз
Не істеді? 3 сөз
Сөйлем.4 сөз
Синоним сөз
жұптық
мадақтау
ТжДБЖ
Талдау
10 мин.
Шығармашылық тапсырма.
І- топқа бесікке салу дәстүрін көрсету.
ІІ -топқа тұсау кесу дәстүрін көрсету.
топтық
Бас бармақ
ЖЕБО,
ОүБ
Жинақтау
3 мин.
- Сабақ ұнады ма?
- «Бесік жырын» кім жазған?
- Бүгінгі сабақтан не алдың?
- Әрбір ана баласының адам болғанын қалайды, сол ананың тілегі орындалсын деп , «Тілек шоғын» жолдайық.
Балалардың тілегі.
жеке
мадақтау
ТжДБЖ
Бағалау
1 мин
Оқушылармен кері байланысқа шығу
Оқушылар сабақ барысында «не ұнады?», «не ұнаған жоқ» сұрақтары арқылы стикерлерге өз ойларын жазып жапсырады.
ОБ
ОЖТ
Үйге тапсырма : 1. Тұсау кесу жыры жаттау
2. Хрестоматиядағы «Әпкесінің әлдиі» деген жырды түсініп оқу.
3. Бесік жырына әңгіме, өлең құрастыру.