7


  • Учителю
  • Сауаташу пәнінен сабақ жоспары 'Х дыбысы мен әріпі'

Сауаташу пәнінен сабақ жоспары 'Х дыбысы мен әріпі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қостанай облысы

Арқалық қаласы

М.Әуезов атындағы №5 жалпы

білім беретін орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Нүркенова М.М.





Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

а) Х дыбысы бар сөздерді дұрыс айту. Х әрпімен танысу.Сауатты жазуға төселдіру.

ә) Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлықтарын тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

б) Қызықты ойын арқылы қызығушылықтарымен ынтасын арттыру және зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, кеспе әріптер, суреттер, тапсырмалар.

Сабақ түрі: ойын сабақ.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Жұманың сәті

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын!

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

Мұғалім:

  • Балалар, бізде қазір сауаташу сабағы. Бүгінгі өтілетін сабақ ерекше сабақ. Ендеше бәріміз өтілетін жаңа сабаққа бірдей қатысып, сұрақтарға толық жауап беріп, берілген тапсырмаларды жақсы орындауымыз керек. Ал, балалар сендер өз оқу құралдарыңды қалай ұстайсыңдар?

  • Таза, ұқыпты.

  • Бүгін бізге сол оқу құралдарымыздың бірі Қалам қонаққа келіп отыр. Ол жай қалам емес. Сиқырлы қалам. (Сиқырлы қаламды тақтадан көрсету)

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сиқырлы қаламмын!Сендерге қонаққа келдім! Мен сендердің әріптерді қаншалықты меңгергендіктеріңді көрейін деп әдейілеп ғажайып елден келдім.

(Балалалар амандасады.)

  • Сиқырлы қалам, Қош келдің. Бізге қонаққа келгеніңе қуаныштымыз.Ал балалар, сендер өздеріңнің қандай оқушы екендіктеріңді көрсетіңдер.



Үй тапсырмасын тексеру.

А) «Жарыс» мәтінін сұрақтар арқылы тексеру.

  • Қасқыр аңдарға не деді?

  • Аңдар неғылды?

  • Жүгіріңдер деп бұйрық айтылғанда аңдар жүгіре жөнелді?

  • Қорбаңдаған аю неғылды?

  • Аралар неғылды?

  • Кім бірінші болып мәреге жетті?

Ә) Мәтін мазмұнын бір оқушыға айтқызу.

Б) «түлкі, қоян, қасқыр, аю» сөздерін, қызыл, көк фишкадан(дауысты, дауыссыз) схемасын құрастыру.

Кіріспе.

- Балалар, сиқырлы қаламның жанында бүгінгі біз өтетін әріп жүр. Ол қандай әріп екен. Табайық.

Жұмбақ шешу.

Атам сүйіп тыңдайды,

Әкем сүйіп тыңдайды.

Отбасы болып жиналып,

Жаңалықты тыңдайды.

Ол не? Бәрі: Хабар телеарнасы

«Хабар» сөзінде қандай әріп бізге таныс емес?

  • Х дыбысы.

  • Ендеше балалар, біз бүгін Х әріпін және дыбысын өтеміз.

Х х баспа түрі. Х Х жазу түрі.

Х дауыссыз дыбыс.

Х дыбысы бар сөздерді айту.

Жаңа сабақ. Суретпен жұмыс.

- Суреттен кімді көрдіңдер?

- Ол не істеді?

- Сендер ата-әжелеріңе, туыстарыңа хат жазғандарың бар ма?

- Келесі сабақта хат жазуды үйренеміз.

Оқулықпен жұмыс.

1.Бағанда берілген сөздерді тізбектей оқу.

2.«Кітапхана» мәтінін оқып беру, мазмұнын түсіндіру.

3. Мәтінді тізбектей оқу, өздері дауыстап оқиды.

Сергіту сәті. «Балықшы»

Дәптермен жұмыс.

  1. Х әрпінің элементтерін көрсету.

  2. Ауада жазу.

  3. Көркем жазу.

Тақтамен жұмыс. Метаграмма шешу.

  • Сиқырлы қалам бізге мынадай метаграмма шешіңдер дейді.

Егер «Р»дан бастасаң,

Сыпайының сөзімін.

Егер «Р-ды» алып тастасаң,

Кісі аты боламын.

(Рахмет - Ахмет)

Ойын ойнау.

-Сиқырлы қалам бізге мынадай «12 әріп, 21 сөз» ойынын ойнайық дейді.

Х әрпі туралы өлең.

Халел қарап қалмайды,

Хамитқа хат арнайды.

«Хоккей, дойбы керек!» -деп,

Хабарлайды хал-жайды.

Жаңылтпаш жаттау.

Хабиба сумка көтерген,

Хат-хабар күнде әкелген.

Қорытынды:

Сиқырлы қалам:

  • Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?



Балалар бүгінгі сабақтан нені үйренгендіктерін, нені білгендерін және қызықты тапсырмаларды қалай шешкендіктерін айтып өтеді.



Оқушылардың білімін бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал