7


  • Учителю
  • Қазақ тілінде ашық сабақ Бунақденелер

Қазақ тілінде ашық сабақ Бунақденелер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Аркалық қаласы.

Целинный негізгі мектебі

Хамзина Айман Кубландиновна

бастауыш сынып мұғалімі

aiman_khamzina@bk.ru





Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер.

Мақсаты: Білу керек: Жануарлардың топтарға бөлінуін;

Істей білу: Жануарлардың бір тобы - бунақденелілерді ажырата білуге үйрену.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өткенді пысықтау.

Берілген сөздерді топтарға бөл:

Қасқыр, бақа, тырна, құмырсқа ,түлкі, аққу, жылан,аю, дуадақ,маса, тауық, ара,кесіртке.Сүтқоректілер:

Қосмекенділер:

Жорғалаушылар

Жәндіктер:

аққу

қасқыр

бақа

жылан

құмырсқа

дуадақ

түлкі





маса

тырна

аю





ара

Түсіндіру. 6 мин.

  1. Жаңа сабақ.

Жер бетінде жануарлар түрі өте көп.Ғалымдардың есептеуі бойынша олардың 2-миллиондай түрі бар. Жануарлар пішініне қарай әр түрлі.Бірі өте үлкен (піл,кит) болса,енді біреулері(амеба) өте кішкентай.Оны тіпті микроскоппен ғана көруге болады. Енді біз жануарлардың қандай топтарға бөлінетінін сызба арқылы танысып көрейік.

Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:

Жануарлар



Бунақденелілер

Қосмекенділер

Сүтқоректілер

Жорғалаушылар

Құстар

Балықтар.

4. Жұмбақтар шешу.

Ұшқанда өлең айтады,

Қонғанда жер қазады.

Мұны да ойлап көрейік,

Шешуін кім табады? (Қоңыз)

Басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)

Жәндіктер. Қалай ойлайсыңдар неліктен оларды «жәндіктер» деп атайды?

Есіңде сақта! Бунақденелілер де жануарларға жатады. Өте ұсақ болғандықтан кейде оларды «жәндіктер» деп атайды.

  1. Жұппен жұмыс: Оқулықтағы кестені толықтыр.

6.Талдаңдар. Бунақденелілердің аяқтарының санап, анықта.Жұппен жұмыс.

Бал арасының аяқ саны -

Құмырсқаның аяқ саны -

Тұжырым жаса:

Бунақденелілердің - ... аяғы болады.

1-нұсқа. Араның денесі неше бөліктен тұратынын анықта: Құрастыру.

Қазақ тілінде ашық сабақ Бунақденелер

2- нұсқа. Құмырсқаның денесі неше бөліктен тұратынын анықта.

Қазақ тілінде ашық сабақ Бунақденелер

Тұжырым жаса: Олардың денесі - ... бөліктен тұрады.

Есіңде сақта!

3 бөліктен тұрады.

Басы, көкірек, құрсақ бөліктен тұрады.

  1. Мәтінмен жұмыс.

Қандай жәндіктерді «еңбекқор» жәндіктер дейміз? Дәлелдеу.

Жәндіктер қайда тіршілік етеді?

Сен аулаңнан қандай бунақденелілерді көрдің?

  1. Кестені толтыр және көршіне дәлелде: Жұппен жұмыс.

Зиянды жәндіктер:





9.Оқы және есіңде сақта:

1. Көбелек гүл шырынымен қоректенеді. Ал оның дернәсәлі - жұлдызқұрт. Ол орамжапырақ, шалқан сияқты өсімдіктердің жапырағымен қоректенеді. Сондықтан олар көкөністерге зиян келтіріп, өнімін азайтады.

2.Бал арасы топтасып тіршілік етеді. Отбасында бір ана - ара, мыңдаған жұмысшы аралар болады. Жаздың аяғында жұмысшы аралар қысқа арнап бал жинайды. Бал арасы денесінің арт жағында шаншары бар.

</ 10.Ой толғаныс.

Семантикалық картамен жұмыс.

Жануарлар



Шыбын, маса--- Бунақденелілер

Бүркіт, түйеқұс-- Құстар

Сазан, шортан--- Балықтар

Бақа, жылан--- Қосмекенділер

Сиыр, түй--- Сүтқоректілер

Жылан, кесіртке-Жорғалаушылар

11. Қорытынды:

  • балалар, біз «әліппе» оқулығынан жақында «Бір уыс мақта» мәтінімен таныстық. Бұл мәтіннің авторы кім еді?

  • Осы мәтінде қыздың анасы қызына қандай ақыл айтады?

«Дүниедегі жаратылған жанды - жансыздардың ешқайсысының да, керексіз болып қалатыны болмайды» - дейді. Бірақ біз зиянды деп барлық жәндіктерді құртуға бола ма?

«Кір жаятын жіп» ойыны арқылы сабақты қорыту. Оқушылар бүгінгі сабақта есте қалған тірек сөздерді жазып, тақтаға іледі.

12.Топты бағалау, жеке оқушыны бағалау. Үйге тапсырмаберу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал