7


  • Учителю
  • Тәрбие сағат Ана – өмірдің шуағы

Тәрбие сағат Ана – өмірдің шуағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ана - өмірдің шуағы

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Қонақтардың алдына үлкен вазаларда жанды гүлдер қойылған.

Таспада С.Мұхамеджановтың «Көктем вальсінің» ырғағымен екі - екіден қол ұстасқан бір ұл, бір қыз бала келіп орындарына отырады.

Мұғалім: Қымбатты балалар, сүйікті аналар, апалар! Бүгін біз көктемнің алғашқы күні «8 - наурыз» аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз, мерекелерініңіз құтты болсын!

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған;

Аялы қолда талпынтқан

Қаймақты сүттей қалқытқан:

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан,

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан,

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көлей кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан,

Бұл кім?

Балалар: Ана! Ана! Ана!

Мұғалім: Құрметті аналар, келгшен қадамдарыңызға гүл бітсін, Сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз!

Зияш:

Құтты болсын, аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніңдей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары

Батырхан:

Құшағына кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Анар:

Ананың біз гүліміз,

Ана - біздің күніміз,

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

Али:

Айналайын анашым - әлемдегі жан асыл,

Болса маған не керек, бәрін іздеп табасың,

Айналайын анашым - асқар таудай панасың,

Күн көзіндей күлімдеп, құшағыңа аласың.

Айнұр:

Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам!

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам!

Серік:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Аналарды ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ анам.

З.Аяулым:

Менің анам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.

Өмірдің қызығы,

Өзіңсіз өтпейді.

Мен үшін анама,

Ешкім де жетпейді.

Рамазан:

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын анажан!

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсаң шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.

Аяжан:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген - бәйтерегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

Ернат:

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

Хор: Мамочка милая

Мұғалім: 8- наурыз - аналар мерекесі, көктемнің сахнасы. Жылы нұрын төгіп көктем келді, шуағына адамзатты баурап, табиғат құлпырып бір әдемі әлемге бізді апарады.

Алау:

Көлде аққу, көкте қаз,

Орманда бұлбұл сайраған.

Көптен күткен көктем кеп,

Құлпырып дала жайнаған

Танат:

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Даланы гүлдер басады.

Сұлу көктем есігін ашып

Шуағын бізге шашады

К.Аяулым:

Шомылып нұрға атырап,

Ағаштар жайды жапырақ.

Далаға бірден таралды,

Гүлдерден жұпар шашырап.

Би: Гүлдер вальсі (қыздар)

Мұғалім: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп халқымыз тек айтпаған ғой.

Асыл:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай, сені жақсы көремін» деп,

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Әділ:

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

Раяна:

Өскенде мен ал, енді,

Аралаймын әлемді.

Сыйлық әкеп әжеме,

Таңқалдырам бар елді.

Мәди:

Әжем менің, ақ әжем,

Ақыл беріп үйреткен

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен

С.Аяулым:

Асыл әжем, мақтанышым менің де

Қонақ болып отыр міне төрімде.

Өзіңе арнап былай тәтті үніммен

Ән салатын кезім келді менің де.

Жандос:

Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман - есен жүр әжем.

Айзере:

Ақ жаулықты әжемді

Ай - нұрына теңедім

Әр ісінен үлгі алып

Еркін өсіп келемін

Әлижан:

Ақыл құйған санама,

Күннен де артық расында.

Күн алыста, ал әжем,

Ылғи менің қасымда.

Хор: Әжемнің шәйі

Мұғалім: Балалар, көңіл аударыңдаршы, бүгін біздің қыздарымызда да гүлдей жайнап құлпырып тұр.

Ерасыл:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары жаны жаздай жайраңдаған

Қыз өссе - елдің көркі деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

Сұлтанбек:

Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар

Мерекеңіз бүгін

Қызғалдақтай қыздар

(Қыздарға сыйлық сыйлау)

Вальс

Біз қазір сіздермен бірге конкурс жүргіземіз Қандай жылы сөздерді анасы мен баласы бірі - біріне арнайтынын. (Үш ата ана баласымен шығып жылы лебіздерін білдіреді. Жеңімпазды ду қол шапалақпен анықтайтын боламыз.)

Хор: Ақ мамам. Аналарға сыйлық тарату





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал