7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку (4 класс)

Урок по казахскому языку (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

. Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Шылаудың түрлері.

Сабақтыц мақсаты:

1. Шылаулар түрлері бөлек және дефис арқылы жазылатынын түсіндіру.

2. Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы шылау туралы алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

3. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал.

Сабақты біз бастайық,
Артта қалып қоймайық.
Қандай сұрақ болса да,
Жауап таппай қоймайық!

Өткенді қайталау

Дәптермен жұмыс

А)Күнді жазу ә)Көркем жазу РРР ррр

Шығармашылық тапсырма

Ешкі төрт түлік малға жата ...? Домбыраның ішегі екеу ...? Есікті жауыпкеткен сендер ... ? Жаңбырдан соң ауа тазара ...? Керіктің мойны ұзын ...,сирағы ұзын ...?

- Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып,сөйлемдерді жаз.

-Шылаулар қай сөзтабынан кейін келген?

Тақтамен жұмыс.Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып,сөйлемдерді оқу немесе көшіріп жазу.

1.Мұғалімдер....оқушылар мектеп алдында ағаш отырғызды.2.Көктем мезгілінде құс аңдарды атуға тыйым салынады.3.Бүркіт ителгі жыртқыш құстар .4.Бүркіт,шымшық,бұлбұл....пингвин құстарға жатады.5.Әжем сөмкесімен мейіз ...өрік салынған дорбасын алып шықты.6.Биыл көктем кеш шықты...құстар да жай келді.

Сынып оқушыларын екі тоқа бөліп,3 сөйлемнен құрастырып жазғызу.

1 деңгейлік тапсырма.

1 топ құрастырған сөйлемде жатыс септігінің жалғауы жалғанған сөз болуы тиіс.

2 топ құрастырған сөйлемде да(де),та (те) шылаулары болуы тиіс.

2 деңгейлік тапсырма

1 топтың құрастырған сөйлемдерінде бірыңғай қайталанып тіркескен шылаулар болуы қажет.

2 топ құрастырған сөйлемдерінде бірыңғай қолданылған екі сын есімнің арасында шылау болуы керек.

Тест тапсырмасы

1.Шылау дегеніміз не?Дұрыс жауапты белгіле.

А) Заттың атын ,қимылын білдіретін сөздер шылау деп аталады.

Ә)Тілімізде өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер шылау деп аталады.

Б)Тілімізде толық мағынасы бар сөздер шылау деп аталады.

2.Дұрыс жауапты белгіле.

А)Шылаулар етістікпен байланысады.

Ә)Шылаулардың ешқандай қызметі жоқ.

Б)Шылаулар сөз бен сөзді,сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.

3.Шылауларды белгіле.

А)-да,-де,-та,-те.

Ә)да,де,та,те,ғана,-ақ,-ау,дейін.

Б)мен,-бен,-+пен,-хана.

4.Сөйлемдерде кездесетін шылаулардың астын сыз.

А)Уық та,шаңырақ та,есік те киіз үйдің бөліктеріне жатады.

Ә)Оқушылар ұлы отан соғысының ардагерлерімен кездесті.

Б)Есікте қағаз жапсырылып тұр.

Б)Шығармашылық тапсырма

Айжан (мен) Әсия кішкентай кездерінен бірге өсті.Мектепке Айжан Әсия (мен )келеді. Павлодар (да) ірі комбайн зауыты салынып жатыр.Павлодар (да) өндірістік қалалардың біріне жатады.Көктем келіп,күн (де) жылынды,көк (те )шықты. Көктем (де) малдар күн (де) өріске шығады.

III.Қорытынды .

-Шылаулардың басқа сөз табынан қандай айырмашылығы бар?

-Шылаулар не себептен сөйлем мүшесі бола алмайды.

Үйге тапсырма. Шылауға байланысты мысалдар жазу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал