7


Ээ дыбысы мен әріпі ( 1сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 1"Ә"

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Ээ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды э дыбысы мен әріпімен таныстыру. Э дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді дұрыс оқуға және сауатты жазуға төселдіру.

Дамытушылығы: Ой-өрісін, тіл байлықтарын арттыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты әрі көркем жазуға, кішіпейілдікке, ұйымшыл болуға, достарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, сөздер.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Қайырлы таң, досым!

Қайырлы күн болсын!

Жеті күннің әр кезі

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.



- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ .

- Мына суретте нені көріп отырсыңдар? (Тауық, балапан, түлкі).

- Балалар, тауықтың балапандарын түлкі ұрлап кетіпті. Тауық сендерден көмек сұрайды. Тауықтың балапандарын құтқару үшін түлкі сендерге тапсырмалар береді. Сол тапсырмаларды орындау арқылы сендер балапандарды құтқарасыңдар. Балалар, тауыққа көмектесеміз ба?



ІІ. Өткенді қайталау.

- Бірінші балапанды құтқару үшін үйге берілген тапсырманы сұраймын.



- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

- Ё дыбысы қандай дыбыс?

- Ё дыбысы неге дауысты?

- Ё дыбысы қай тілден енген сөздерде кездеседі?

- "Шахтер" өлеңін жатқа сұрау.

- Жарайсыңдар, балалар біз алғашқы балапанды құтқардық.



Сергіту сәті.

(Балалар барлығы орнынан тұрып бірге жасайды).

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатты жұмысқа.

Добын алды қолына,

Қоя салды жолына.

Оң жағына қарады

Сол жағына қарады

Тау екен деп ойлады.



ІІІ. Жаңа сабақ.

- Сонымен балалар келесі балапанды құтқару үшін тақтадан он көлеміндегі сандар жазулы тұр, осы сандарды сендер өсу реті бойынша орналастырыңдар. Сол кезде жасырын сөз шығады.



1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

э к с к о в а т о р

- Балалар, алғашқы тұрған әріп бізге таныс па? Бұрын біз бұл әріпті өттік пе?

- Демек біздің бүгін танысатын әріпіміз "Ээ"дыбысы. Кестеде шыққан сөз "эксковатор".



"Э" - дыбысы дауысты дыбыс. Э- дыбысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздерде ғана айтылады.Сөздің бірінші буынында кездеседі. (Ауада, тақтаға жазып көрсету).

- Жарайсыңдар, балалар сендер түлкінің тапсырмасын орындап тағы бір балапанды құтқардыңдар.



ІV. Жаңа сөздермен танысу.

- Балалар келесі балапанды құтқару үшін жаңа сөздермен танысып, буынға бөлеміз.

Электр - қуат күшінен алынатын жарық.

Экипаж -

Элеватор - астық сақтайтын орын

Экология - лас ауа

Экскаватор - жер қазатын машина

Экскалатор - жылжымалы баспалдақ.

- Бәрекелді, балалар сендер тағы бір балапанға көмектестіңдер.



V. Дәптермен жұмыс.

-Балалар, тағы бір балапанды құтқару үшін дәптерімізді алып әдемілеп "Э" әріпін жазамыз.

Дәперімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз.

Көлбеу қойып дәптерді,

Әдемі етіп жазамыз.

( Жазу дәптеріндегі "Э" әрпінің бас және кіші әріптерін көркем етіп жазу).



Сергіту сәті

(Балалар барлығы орнынан тұрып бірге жасайды).

Жаза, жаза саусағым,

Қалжырадым, шаршадым.

Бір, екі, үш

Бойға жина күш.

- Балалар, біз түлкінің тағы бір тапсырмасын орындап, тауықтың балапанына көмектестік.



VI. Жұмбақ шешу.

- Біз тағы бір балапанға көмектесу үшін түлкінің берген жұмбақтарын шешуіміз қажет.

Жұмбақ.

Топырақ жемей жата алмайды,

Тас шайнапта қақалмайды.

(экскаватор)

Бір алмұрт жоғарыда ілініп тұр,

Оны ешкім жемейтіні білініп тұр.

( электр шамы)

Кішкентай күн ішінде

Жарқырайды түн ішінде.

(электр шамы)

- Жарайсыңдар, балалар біз тағы бір балапанды түлкіден құтқардық.



VII.Оқулықпен жұмыс.

- Ендігі балапанды құтқару үшін оқулықта берілген " Электр" өлеңін тізбектеп оқып шығайық.

(Алғашқы екі қатарын 1-ші топқа, келесі екі қатарын 2-ші топқа, келесі екі қатарын 3-топқа, соңғы екі қатарын барлығына хормен оқыту).

- Біз тағы бір балапанды құтқардық.

VIII. Қорытынды.

- Балалар, соңғы балалапанды құтқару үшін бүгінгі өткен әріпті қайталайық.

- Біз бүгін қандай әріппен таныстық?

- "Э" дыбысынан басталатын сөздер айтайық.

- Бәрекелді, балалар біз тауыққа көмектесіп оның барлық балапандарын түлкіден босатып бердік.



IX. Үйге тапсырма.

- "Электр" өлеңін жаттау.

- Жазу дәптерінен "э" әріпін жазып келу.

Х.Бағалау.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал