7


  • Учителю
  • 4-сынып қазақ тілі пәнінен 'Өзінді өзің тексер' тақырыбына сабақ жоспар

4-сынып қазақ тілі пәнінен 'Өзінді өзің тексер' тақырыбына сабақ жоспар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Өзіңді-өзің тексер.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға мүмкіндік жасау; байланыстырып сөйлеу тілін, дұрыс жазу, дұрыс оқу қабілеттерін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба, қима қағаздар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ Үйтапсырмасынтексеру: 71-жаттығу тексеру, оқу.

ІІІ Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру

«Жеміс жинау» ойыны алмаларды тиісті сауытқа салу.

Ү Өзіндік жұмыс:

а) Кіріспе сөз

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

1-жаттығу.Өлеңді оқып, жатқа жаз. Соңғы сөйлемді сөйлем мүшесіне талда, қыстырма сөздерді тап. (Сірә)

Мұңайып үй артында терек тұрды.

2-жаттығудағы Мәтіннен құрмалас сөйлемді тап. Осы сөйлемдег бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесіндегі сөздердің байланысын сызбаме көрсет.

Олар тау-тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.

3-жаттығудағы мәтінді түсініп оқы. Тапқан жауабыңмен құрамында сан есімнен жасалған күрделі мүшесі бар сөйлем ойлап тап. Әліпи - алфавит.

4-жаттығу. Берілген сөздерден жаңылтпаш құрап айт.

Бозда боз ат мінген атам,

Бозда боздап жүрген атан.

Сергіту сәті

«Сөйлем қуаласпақ» ойыны.

5-жаттығу. Мақалдардың сыңарын оң жақтан тауып жаз.

Малды теппейді, Ақты төкпейді.

Еңбек ширатады, Өмір үйретеді.

Жақсыны арман оздырар, Жаманды құлқын тоздырар.

Мал қонысын іздейді, Ер туысын іздейді.

Жақсының сөзі ақыл шақырады, Жаманның сөзі ашу шақырады.

Ұстаның бізі сүйкімді, Жақсының ісі сүйкімді.

-бұл мақалдар құрылысына қарай сөйлемнің қай түріне жатады? (құрмалас)

-5-і мақалды сөйлем мүшесіне талда.

6-жаттығу. «Синтаксистік касса» ойыны:

Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, оларды тыныс белгілерімен толықтыр.

Күрделі мүше, бірыңғай мүше, етістікті табу.

7-жаттығу сөз тіркесін белгіле. Сары май. Басыңқы-май, бағыныңқы - сары.

ҮІ Бекіту:

Оқушыларға үлестірмелі қима қағаздар тарату.

№1 Ф әрпі бар 4-5 сөз тауып жаз. Оларға дыбыстық талдау жаса.

№2 Х әрпі бар 4-5 сөз тауып жаз. Оларға дыбыстық талдау жаса.

№3 Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды?

№4 Халық сөзі бар 2 мақал жаз.

№5 Ц әрпі бар 4 сөз жаз оларға дыбыстық талдау жаса.

ҮІІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ Үйге тапсырма:ережелерді қайталау.

ІХ Оқушыларды бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал