7


  • Учителю
  • 1 сыныпқа арналған сабақ жоспары.

1 сыныпқа арналған сабақ жоспары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Мектеп. -қа, -ке, -ға, -ге.

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінде сөз байлықтарын молайту. Мектеп туралы жалпы түсініктерін анықтау. Қарапайым сөйлем құрап үйрету. -қа, -ке, -ға, -ге жалғауларын қолданылуын үйрету.

Міндеттері:1. Оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру деңгейін анықталады; Жаңа сөздермен танысады, олардың қолдану аясын көреді; үлгілер бойынша сөйлеуге үйренеді; -қа, -ке, -ға, -ге- жалғауларының магынасын түсініп, қолдану ережелерімен танысады.

2. Оқушылар сабақ барысында оқу, жазу дағдыларын дамытады; байқағыштық, логикалық ойлау, ізденістік қызығушылығын дамытады.

3. Өзара жұмыс істеу, бір-бірінің ойын тыңдап, қабылдау және бір-біріне көмектесуді үйренеді

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың типі: топтық жұмыс

Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, қарапайымнан күрделіге, сұрақ-жауап, ассациативті топ, интерактивті тәсіл, көрнекілік.

Сабақта қолданылған көрнекіліктер: Суреттер, лото ойыны, қима қағаздар, бағалау фишкалары, интерактивті тақтаны пайдалану.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

2. Өткен сабақтың тақырыбын қайталау - лото ойыны арққылы. 10 мин

3. Жаңа сабаққа кіріспе-ассациативті топ (қызығушылықты ояту) 5 мин

4. Жаңа сабақты түсіндіру-сөздік, сөйлем құрау,

жалғауларды дұрыс жалғау арқылы (презентация арқылы) 17мин

5. Бекіту - жазба жұмыстарын орындау(актив студио арқылы) 8 мин

6. Бағалау -фишка саны арқылы 1 мин

7. Жаңа тақырыпты бекіту 1 мин

1 сыныпқа арналған сабақ жоспары.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сәлемдесу, түгендеу, 3 топқа бөліп отырғызу. «Жемістер», «Жидектер», «Көкеністер».

2.Откен сабақтың тақырыбын .

3 топқа жемістер, жидектер, көкөністер, азық-түліктер суреттерін таратылып беріледі. 1-топ жемістер, 2-топ жидектер, 3-топ көкеністердің суреттерін жеке-жеке теріп себеттке салу керек. Үстелде тек азық-түліктер қалу керек. Тақтаға әр топтан бір-бір оқушы шығып шығып жауап береді, екінші оқушы көрші топтың жауаптарын тексереді (жеке және оқушылармен бірге «иә-жоқ» жауабы арқылы.

3.Жаңа сабаққа кіріспе.

Ауызша ассоциативті топ құрау арқылы сабақтың мақсатын анықтап, жұмыс бағытын белгілейміз.(Мектеп жайлы әңгімелесу және -қа, -ке, -ға, -ге - бағытты білдіретін жалғаулардың қолдануын үйрену). Ассоциативті топ «Мектеп» сзіне құрастырылады.

1 сыныпқа арналған сабақ жоспары.

</ 4. Жаңа сабақт ытүсіндіру.

• Жаңа сөздермен танысу.

1 сыныпқа арналған сабақ жоспары.

- Суреттегі таныс сөздерді оқушылар атап шығады, ал таныс емес, жаңа сөздерді, жеке, хормен оқып қайталайды.

• Мектеп - мектепке байланысты сөздерді атап шығады;

• Сынып - сыныпқа байланысты сөздерді атап шығады;

• Асхана - асханаға байланысты сөздерді атап шығады;

• Кітапхана- кітапханаға байланысты сөздерді ашығады;

Оқушыларға жаңа сөздер жазылған қима қағаздар таратылып, сөздік-дәптерлеріне желімдеп қояды.

• Осы берілген сөздермен сұрақ-жауап арқылы шағын мәтін құрау

Мынау мектеп. Мынау (кішкентай) үлкен мектеп. Мектепте асхана, кітапхана бар. Мынау менің мектебім.

• Сөйлемді «бар-барамын» сөзімен байланыстырып құрау керек.

«Бар» - «иди» сөзі бағытты білдіретіндігін, оның шартты белгісін( )естеріне түсіреді. Сол арқылы сөйлем құрауға тырысады. «Бар» сөзі -қа, -ке, -ға, -ге жұрнағы жалғанған сөздермен (зат есіммен) қолданатындығы түсіндіріледі.

1 сыныпқа арналған сабақ жоспары.

• Сабақ барысында үйренген жалғауларды, жаңа сөздерді пайдаланып өз бетінше сөйлем құрау.

5. Бекіту- жазба жұмыстарын орындау

• Жалғаулардың жуан, жіңішке болатындығын бекітіп, үндестік заңы бойынша жалғанатындығын қайталау және тақтадағы жаттығуларды орындау.

Тапсырма: барыс септігінің жалғауларын үндестік заңы бойынша берілген сөздергедұрыс жалғау керек.

АЛМА, СҮТ, ӘКЕ, МЕКТЕП, КІТАПХАНА...

-Сөздерді дұрыс орналастыру үшін оқушылар ауызша жауап береді - мұғалім тақтамен жұмыс істейді.

• Сөздердегі бос торларға керекті жалғауларды жалғау керек. Әрбір оқушы өз дәптерінде жаттығу жұмысын орындаған соң, топ ішінде өз-өздерін тексеріп таратпа карточканы толтырады. Мұғамімге тапсырады, жұмыстар оқушылармен бірге тексеріледі. Тақтаға дұрыс нұсқасы жазылады.

Мен мектеп... барамын. Мен асхана... барамын. Мен үй... барамын.

6. Бағалау- жиналған житон (суреттер) бойынша қорытындылау.

7. Жаңа тақырыпты бекіту







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал