7


  • Учителю
  • «Көктем» Қабыкен Мұқышев (3 класс)

«Көктем» Қабыкен Мұқышев (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Әдебиеттік оқу (3-сынып) Пән мұғалімі Иманова Нұргүл

Сабақтың тақырыбы:«Көктем» Қабыкен Мұқышев

Мақсаты: Қ.Мұқышев өмірі мен шығармаларына шолу жасай отырып, өлеңнің негізгі идеясы мен мазмұнын ұғындыру. Табиғат құбылыстарына бақылау жасата отырып, оқушылардың дүниетанымын ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу, сурет арқылы әңгіме құрай білуге дағдыландыру. Күтілетін нәтиже:Табиғат құбылыстарына бақылау жасайды. Сурет арқылы әңгіме құрайды. Табиғатқа деген сүйіспеншілігі артады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: Түрлі тапсырмаларды талдау,сұрақ қоюдың түрлері және жинақтау.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Психологиялық жағымды ахуал орнату,оқушылардың назарын сабаққа аудару. - Балалар, сабағымызды бастамас бұрын сендер менің бірер сұрағыма жауап беріңдерші? - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінен кейін жылдың қай мезгілі келеді? - Көктем мезгілінде дала қандай болады? (ерекшеліктері) - Олай болса, қане бәріміз Күн нұрына қол созып, алақанды жайып Күнмен амандасып алайық.

«Көктем» Қабыкен Мұқышев (3 класс) Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн.

Күн

Сәлеметсіңдер ме? Амансыңдар ма? Есенсіңдер ме? деп амандасады.

Балалар, бойымыздағы жаман қасиеттерден арылайық, ауырмайық, әдепсіз болмайық және бәріміз біраз үнсіз тұрайық. Біраз үнсіздіктен соң

- Арылдық па?

- Арылдық.

- Ал енді, Аспан атадан күш қуат алайық.

- Армысың, қайырымды Аспан ата!

- Армысың, мейірімді Жер ана!

- Балалар жақсы дегенді қалай түсінесіңдер?

Гүл өсірген жақсы, ағашқа су құйған жақсы.

- Жаман деген немене?

Ағашты сындырған жаман, торғайға тас лақтырған жаман.

Жарайсыңдар балалар!

  • Балалар «Күн» бүгін сондай қуанышты көңіл-күймен келіпті. Олай болса бүгінгі күніміз шаттыққа толы сәтті күн болсын деп, сабағымызды бастайық

Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

Топқа бөліну: 1. Бәйшешек 2. Сарғалдақ 3. Қызғалдақ 4.Бақбақ гүлі Топ басшысын сайлау

Жаңа сабақ Авторға қысқаша түсінік беру

Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңі

«Көктем» Қабыкен Мұқышев (3 класс)

Қабыкен Мұқышев (1920-1976) - Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Балықты деген жерде дүниеге келген. Орта білімді өз ауылында алды. Бұдан соң Абай атындағы Қазақ педагогика институтының</<font color="#000000"> тіл және әдебиет факультетінде оқиды. Өлеңді институтта оқып жүрген кезінен жаза бастаған. Балаларға арналған бірнеше жыр кітаптары, пьесалары жарық көрді. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу Қасым Аманжоловтың өлеңінде не туралы айтылған? (талдау жасау) Өткен тақырып пен байланыстырып салыс тыру

Венн диаграммасы Тапсырма: топ мүшелері бір-бір шумақтан өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлең шумақтары не туралы жазылғанын топпен талқылап айтады.

Қ. Аманжолов Қ. Мұқышев













Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз

Біз ортаға шығамыз

Күн боламыз ашыламыз

Гүл боламыз жайқаламыз,

Құс боламыз, ұшамыз.

Ұшып, ұшып аламыз,

Орнымызға қонамыз.

4-топқа берілген тапсырма Сурет бойынша жұмыс

Берілген суреттерге әңгіме құрау

Ойтолғаныс: Көктемге хат жазу

Бағалау: Өзін -өзі бағалау

Үй тапсырмасы: Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып келу

Кері байланыс: «Гүлдер стратегиясы»











































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал