- Учителю
- Математика '3 санын қосу және азайту '
Математика '3 санын қосу және азайту '
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет:№ | Мұғалім Сердалинова Г.Х. | |
Сабақтың атауы | 3 санын қосу және азайту. | |||
Мақсаты | 1.он көлеміндегі сандарға 3-ті қосу және санынан 3-1. тәсілімен оқушыларды таныстыру. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Алған ұғымын кеңейту | |||
Күтілетін нәтиже | ||||
+Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Топқа бөлу 4 топқа түспен бөлу. Ай,күн, жұлдыз аспан 4 топқа бөлу. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | ||
Қызығушылықты ояту | Математикалық жұмбақ. 1. Көлден ұшты 7 қаз, Қайтып қонды 3 қаз. Қонбады оның нешеуі, Кәне кім тез шешеді? 2. Шығармақ боп неше есеп, Жиналғанды 5 есек 3 - еуі ұйықтап отырды Ынталысы неше есек? 3. 10 Кітаптың 3 - еуін Досың сұрап алады Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады? | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | ||
Мағынаны тану | Жаңа сабақ: «Домино» арқылы 3-тің қосу және азайту кестесін құру 1) 3+3=6 3-3=0 4+3=7 7-3 =4 2) Сандар қатарының бойымен 2 сан аттай отырып, тура және кері бағытта санату. 0 3 6 9 9 6 3 0 1 4 7 10 10 7 3 1 3+3=6 6-3=3 6+3=9 9-3=6 3. Есепті шығарту. Асхат- 3 жаста Талғат-? 3 жас үлкен Ш:3+3=6 Ж:Талғат 6 жаста 4) Екі сан аттай отырып, сандарды өсу және кему ретімен сана. 5) Кесінді сызу. Кесіндінің 2 см арттыр, кесіндінің ұзындығын 2 см кеміт. 6 см 8 см Ұзындықтары артты ма, әлде кеміді ме? | |||
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, | Ой сергітеді,шаршағандары басылады | ||
Ой толғаныс Ой қозғау | Ай,күн, жұлдыз аспан 4 топқа бөлу. - Балалар, 3 саны туралы білгілерін келе ме? Үш жұрт: Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт Үш байлық: Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық. Үш арсыз: Күлкі арсыз, тамақ арсыз, ұйқы арсыз Үш қуат: Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат. 4 түрлі тапсырма беру 1-топ.1,2 және 3 сандарын пайдаланып,өрнектер құр. 2-топ. Мысалдарды шығар: 4+2 7+2 3+2 5-3 6-1 8-5 3-топ. Өлше.Осыдан 3см ұзын кесінді сыз. 3см 4-топ.Cалыстыр. 4*6+1 5+2*3 2+3*2 5+5*10
| |||
Үйге тапсырма | Дәптермен жұмыс | Күнделіктеріне жазып беремін | ||
Бағалау |
| Бас бармақпен бағалау | ||
Кері байланыс |
| Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |