- Учителю
- План урока по литературе для казахских школ
План урока по литературе для казахских школ
Бастауыш класс мұғалімі |
Альмаханова Гульназ Макеновна | |||
Мектебі |
Ақтөбе қаласы, Заречный мектеп-балабақшасы | |||
Пәні |
Әдебиеттік оқу | |||
Класы |
3-класс | |||
Тақырыбы |
І.Жансүгіров.Малта. | |||
</ Мақсаты
|
І.Жансүгіров туралы мағлұмат алу. Төрт түлік мал туралы білімдерін ортаға салып,малтаның қалай жасалатынын білу,ұлттық тағамдар туралы білімдерін толықтыру.Сыни ойландыра отырып,сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу. Топтық жұмыстар арқылы бір-бірін тыңдауға, өз пікірін ортаға салуға, дәлелдеуге дағдыландыру. | |||
Күтілетін нәтиже |
І.Жансүгіров туралы мағлұмат алады. Малтаның қалай жасалатынын біледі,ұлттық тағамдар туралы білімдерін толықтырады. Сыни ойлана отырып,сабақтың тақырыбын, мақсатын ашады. Топтық жұмыстар арқылы бір-бірін тыңдауға, өз пікірін ортаға салуға, дәлелдеуге дағдыланады. | |||
Сабақ кезеңдері: |
Уақыты |
Сабақтағы іс-әрекет |
Бағалау |
Ре сурс тар |
Кіріспе
|
13 Мин |
Психологиялық тренинг. Шаттық шеңбері:«Төрт түліктің пайдасы...» (3мин) -Төрт түліктің пірлерін білеміз бе? -Жылқы атасы - Қамбар, Түйе атасы - Ойсыл қара, Сиыр атасы - Зеңгі баба, Қой-ешкі атасы - Шопан ата деп саналады. -Төрт түліктің аталарына байланысты 4 топқа бөліну. (2 мин) -Үй тапсырмасын тексеру.(8 мин) «Бос орындық» әдісі арқылы үйге берілген «Қатқан нан» мәтінін әңгімелеу.(Бұл әдістің мақсаты:ортада бос 5 немесе 6 орындық тұрады,сол 5 орындыққа 5 оқушы келіп отырады.Ал олардың айналасында бақылаушылар тұрады.Отырған оқушылар мәтінді әңгімелей бастайды,сөзін аяқтаған оқушы тұрып кетеді.Орнына бақылаушылардың біреуі отырып,солайша жалғаса береді.Ал бақылаушының орнын орнында отырған оқушылардың біреуі басады. Демек,бұл әдіс арқылы барлық оқушыны қамтуға болады және мұнда оқушылар өз еркімен қатысады,содан олардың дайындық деңгейін байқауға болады) |
Отшашу
Бір-бірін бағалау (оқушылар өздері бір-бірінің жауабын талдайды)
|
|
Жаңа материалдың таныстырылымы
|
15 Мин
|
-Балалар, сабақ басында төрт түліктің пайдасы туралы жайдан - жай сөз қозғамағанымызды біліп отырсыңдар. «Болжау» стратегиясы (2 мин) -Ендеше,қалай ойлайсыңдар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы неге байланысты?(оқушылардың әрқайсысының пікірлерінің құнды екені айтылып,қандай да болмасын ойлары тыңдалады) - Өздерің де атап кеткендей,бүгінгі сабақта малта туралы,малтаның қалай жасалатыны туралы айтылған І.Жансүгіровтың «Малта» өлеңімен танысамыз. «Инсерт» әдісімен сабақты жалғастыру(топтық жұмыс)-Балалар, оқулықпен жұмысты бастамас бұрын автор туралы,малта туралы не білетінімізді кестенің 1-бөліміне жазып қояйық. («Білемін» бөліміне) ( топтық жұмыс-2мин) «Суреттер сөйлейді» (сурет бойынша І.Жансүгіров туралы мағлұмат алу.Оқушылар алған ақпараттарын ортаға салып,ол толықтырылып,І.Жансүгіровтың бес арыстың бірі екені туралы айтылады) (2 мин)
Оқулықпен жұмыс.(3 мин) -Мұғалімнің мәнерлеп оқуы: -Балалар, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша түсініксіз сөздерді белгілеп отырайық. Сөздік жұмысы: Жұмыршақ-кедір-бұдыры жоқ, жұп-жұмыр. Сөре-бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын. Өре-құрт,ірімшік,жеміс-жидек,т.б.тағамдар кептіруге арналған шиден тоқылған сөре. Шым-шым су-ыстық су. Сыбану -жеңін түру. (сөре мен өренің,малтаның суретін көрсету) Сергіту сәті. (оқушылардың төрт түлік туралы жаттаған өлеңдерін тыңдау) Талдау (топтық жұмыс -6 мин) - Сонымен өлеңді тыңдадық,түсініксіз сөздердің мағынасын аштық. -Енді өздеріңе тиесілі бөлікті оқып, «5-5-1» әдісі бойынша ойымызды түйіндеп ортаға салайық.(Бұл әдісте әрбір топ мүшесі оқығанын қорытындылап, 5 сөйлем жазады,5 сөйлемнен негізгі 5 сөзді белгілейді,соңында барлық топ мүшелері әрқайсысының шығарған 5 сөзінен 1 сөйлем шығарады.)
|
Үш шапалақ
Бас бармақпен бағалау
|
Ин тер нет көзі
|
Жаңа материалдың қолданылуы |
12 Мин |
-Өлеңнен не білдіңдер? Кестенің 2-бөлімін толтырыңдар. - 1-бөліммен,яғни, бұған дейін не білетін едіңдер,енді білімдеріңді немен толықтырдыңдар? Салыстырыңдар.(топтық жұмыс-4 мин) «Әдеби үйірме» (8 мин) «Қамбар» тобы:өлең мазмұны бойынша сұрақтар дайында; «Ойсыл қара» тобы:малтаның суретін сал; «Зеңгі баба» тобы:өлеңде не туралы айтылған?Әңгімеле. «Шопан ата»: «малта» сөзіне мақал,жұмбақ, жаңылтпаш құрап көр. |
Стикер арқылы бағалау
|
|
Қорытынды |
5 мин |
-Үйге 4-тапсырма, әңгімені мазмұндау. Рефлексия (кері байланыс) «Мен рахмет айтар едім» |
Отшашу Қорытын ды жиынтық бағалау |
|