- Учителю
- Х х дыбысы мен әрпі
Х х дыбысы мен әрпі
№1 қазақ орта мектебінің
Бастауыш класс мұғалімі
Берік Айзат Берікқызы
Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді
дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Сауатты, әдемі, көркем
жазуға үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, тапқырлық,
ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Осы сабақ арқылы еліміздің басшысымен, еліміздің
астанасын, Астанамыздың бас символына айналған бәйтерекпен
таныстыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: бейне таспа, оқулық, суреттер, кеспе әріптер,
үлестірме қағаздар.
БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Жаңа сабақ барысы: «Х дыбысы мен әрпі»
-балалар, біздің бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын тақтаға назар аударайық, тақтада мақал - мәтелдер жазылған , сол мақалдарды оқып, тапсырмалар орындасақ жаңа әріппен танысамыз және мақалдар оқылып біткен соң, астынан бізге таныс сурет шығады. Канекей, суретті табу үшін бәріміз бірігіп, бүгінгі сабақты жақсы өткізейік...
1. Отан отбасынан басталады. «Күннің бетін бұлттан құтқару»
-балалар бізге күн түскенін қалаймыз ба? -Ендеше күннің бетіндегі бұлтты ашып, жаңа әріппен танысайық. - Бұл қандай әріп? - Х дыбысы мен әрпі
-Күннің шуағындағы Х әрпі кездесетін сөздерді оқушыларға оқыту. - жарайсындар балалар....
Бізге суретің бір шеті көріне бастады я? - Әрі қарай суретті табу үшін әрі қарай екінші мақалды оқимыз...
2.Оқу инемен құдық қазғандай. «Дәптермен жұмыс»
Тақтада , ауада Х әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру. - Х дыбысы мен әрпі дауыссыз дыбыс. Ол сөздің басында (хоккей), сөздің ортасында (шахмат), соңында (кітапхана) кездеседі.
- Ендеше, ауада осы әріпті жазып, дәптерге толтырайық.
( ха, хе буындарын жазу)
- Балалар, Х әрпі неге ұқсайды.
- Көбелекке.
- Жазбаша түрі ше?
- Арқасын тақап тұрған екі с әріптері секілді.
Тақтамен жұмыс
- Балалар, енді, тақтамен жұмыс жүргізейік. Тақтаға халық, хабар,
халат сөздерін жазамыз. - Енді, дыбыстық талдау жасайық. хабар,
халық сөздеріне дыбыстық талдау жасаймыз. Оқушылар тақтаға шығып,
дыбыстық талдау жасайды.
-Жарайсыңдар балалар, әрі қарай үшінші мақалымызды оқимыз.
3.Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. -Біз бүл бөлімде кітаппен жұмыс жасаймыз. Кітапта берілген сөздерді тізбектей оқып шығайық...
-асхана, хат, халат, кітапхана, аурухана, шахмат, хабар, хоккей сөздерін оқушылар оқып шығады.
-Балалар, біз Х әрпін танимыз, жаза аламыз және оқи да аламыз, ендеше өзіміздің күнделікті кеспе әріптерімізбен ішінде х дыбысы мен әрпі кездесетін сөздер құрастырайық. - Екі оқушыдан шығасыздар, мен сіздерге х дыбысы мен әрпі кездесетін бір сөзді айтам, біреуіңіз кеспе әріптерден құрастырасыз, біреуіңіз сол сөзді тақтаға жазасыз. -Оқушылыр хат, халат, асхана сөздерін жазып шығады.
Сергіту сәті:
«Сұр қоян» әнін айту, қимылмен көрсету.
- Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
-Суреттің ортасына да жетіп қалдық, я балалар? - Ендеше келесі мақалды оқимыз....
4.Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді. Сәйкестендіру бөлімі.
-Тақтада суреттер беріледі, сол суреттердің атауын берілген қағаздан тауып, сәйкестендіру. (кітапхана, асхана, аурухана,хоккей)
Аурухана - науқастанған адамдарды емдейтін орын.
Кітапхана - ізденіп, білім алатын қоғамдық орын.
Асхана - тамақтанатын орын.
Хоккей - қысқы спорт ойыны.
-Жарайсындар балалар, ендеше келесі мақалды оқимыз...
5. Батыр туса ел ырысы, Жаңбыр жауса жер ырысы. Бұл бөлімде тауыққа жұмыртқа жинап, ағаштағы жапырақтардың тапсырмасын орындау. -Жұмыртқа мен жапырақта сөздер беріледі, сол сөздерді оқушылар бір - бірлеп оқып шығады.
-жақсы балалар, бәріміз де өте жақсы оқыдық. -Бізде суреттің соңғы бөлігін көру үшін бір мақал қалды я? - Сол мақалды біреуіміз оқи қояйық.....
6. Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас. -Қандай сурет шықты балалар? - Бәйтерек.
Бәйтерек - еліміздің бас қаласы Астана қаласының символы.
-Еліміздің астанасы? - Астана. Елбасымыз? - Н.Ә.Назарбаев (оқушыларға Отанымыз - Қазақстан жайында кішігірім мәлімет беріп, таныстыру.)
Қорытындылау: - жарайсыңдар балалар, барлық тапсырмаларды орындап шықтық, қане бәріміз бүгінгі өткен сабақты қорытындылап жіберейік....
Х қандай дыбыс? - дауыссыз. Х дыбысы мен әрпі сөздің қай жерінде кездеседі? - басында, ортасында, аяғында. Х дыбысы , яғни дауыссыз дыбыс қандай түспен белгіленеді? - көк түспен.
Бізде қызыл және көк ағаш үй берілген, олар яғни дауысты дыбыстар үйі мен дауыссыз дыбыстар үйі, сол үйге Х дыбысы мен әрпін апарып орналастырайық.
Үйге тапсырма: - үйден үй жұмысы дәптерімізде берілген сөздерді көркемдеп жазу, кітаптан «Хоккей» мәтінін оқып келеміз.
Бағалау: - Оқушыларды көңіл - күй смайликтерімен бағалау.