7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: 'Отбасы' (3 сынып)

Сабақ жоспары: 'Отбасы' (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мұғалімі: Сламкулова Гүлжан Темірбековна

Сабақ жоспары

Мақсаты: «Отбасы» құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • Білімділік: отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру.

  • Дамытушылық: отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

  • Тәрбиелік: отбасы мүшелерін құрметтеуге, өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Мақал - мәтел, ұлағатты сөздер жазылған, плакаттар, оқушылардың отбасы мүшелерінің суреттері, интербелсенді тақта.

Шаттық шеңбері

Оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл - күйлерін көтеру және олардың отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік сезімін арттыру мақсатында шаттық шеңбері құрылады.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармақ - әкем.

Балаң үйрек - шешем,

Ортан терек - ағам,

Шылдыр шүмек - мен,

Кікентай бөбек - сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Мәтінмен жұмыс

Т.Жексенбай «Атасы мен немересі» мәтіні оқылып, тату отбасына лайықты адами қасиеттер туралы әңгіме жүргізіледі

Сахналау «Отбасы татулығы»

Оқушылар екі топқа бөлініп, үйден дайындап келген көріністерін сахналап көрсетеді. Сахналық көрініс барысында оқушылар отбасы жарастығы болу үшін, адам бойында қандай жақсы қасиеттер болуы керектігін көрсетеді.

Адамға өмірде ең қымбат - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір - бірін аялап, кешіре түсіне білгенде отбасы берік болатынына ерекше назар аударылады.

Шығармашылық жұмыс

Олқушылар үйден алып келген отбасымен бірге түскен фотосуретттерін көрсетіп, шағын әңгіме айтып береді.

Әңгімелесу

Отбасының адам өміріндегі маңызын түсіну үшін сұрақтар бойынша әңгімелесу жүргізілді.

  1. Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек?

  2. Отбасы жарастығының сыры неде?

  3. Отбасы мүшесі ретінде қандай жауапкершілікті сезінесің?

Жағдаяттарды шешу.

  1. Анаң мереке күні саған ұнайтын бәліш пісіріп бермекші болып, уәде беріп еді, бірақ аздап сырқаттанып қалды, не істейсің?

  2. Інің екеуің бір мектепте оқисыңдар, бүгін сыныптастары ініңнің соңғы кезде ешкіммен араласпай, үнемі көңілсіз жүретінін айтты, қандай шешім қабылдайсың?

Тест сұрақтары

1 . Отбасы мүшелерінің атауын тап.

а) әке, шеше, ата, апа

ә)табиғат, орман, өзен

б)мектеп, тақта, кітап

в) дүкен, асхана, шаштараз

2. Сөздердің аудармасын тап

  • Ақылшы традиция

  • Бауырмал дружный

  • Тату наставник

  • Дәстүр сердечный

3.Сөйлемдегі сөздердің дұрыс орнын тап.

1 2 3 4

Отбасым менің тұрады тату-тәтті

Қорытындылау:

Ақ параққа жарасымды отбасын бейнелейтін күннің әрбір сәулесіне «махаббат» сөзін жаздырту.

Бағалау: белсенді топты мадақтау

Рефлексия: оқушылардың көңіл - күйлері, алған әсерлерімен бөлісу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал