- Учителю
- Сабақ жоспары математика пәнінен 9 санының құрамы (1 сынып)
Сабақ жоспары математика пәнінен 9 санының құрамы (1 сынып)
Пәні: Математика
Сынып: 1 «Б»
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы
Мақсаты:
-
Жаңа тақырыппен таныстыра отырып, 9 санының құрамы туралы білімдерін қалыптастырып, мәні 9 болатын теңдіктерді табу, білімдерін бекіту,оқушыларды есеп шығаруға шапшаңдылығын кеңейту.
-
Оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілетін математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықты арттыру.
-
Мақсатқа жетуге ұмтылу, тапқырлыққа, іздемпаздылыққа жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап, дәлелдеу, талдау, салыстыру
Көрнекілігі: «Кім тез есептегіш», өлеңді есеп, ойлау қабілетіне берілген тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: Сауат ашу
Жоспар:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Жаңа сабақ
а) Қызығушылығын ояту (тақырыптың атын оқушыларға шығарту, мақсатын құру)
ә) Мәні 9 болатын есепті шығару
3. Дәптермен жұмыс №2
4. Шығармашылық тапсырма «Кім тез есептегіш?» (Сандар құрамын анықта)
5. Оқулықпен жұмыс №4 (Ауызша)
ә) Қосымша тапсырма (Өлеңді есеп)
6. Бекіту
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
-
Қазір бізде қандай сабақ?
-
Математика сабағында не істейміз?
-
Жаңа сабақ:
Мәні белгісіз кілтті санды табу.
6+3
7+2
5+4
3+6
Бекіту сұрағы:
-
Кілтті сан қандай?
-
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
-
Бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы 9 санының құрамы.
-
Оқулық беті 78-79. Бүгін біз сендермен осы беттермен жұмыс жасаймыз.
-
Сабақтың мақсаты қандай? Сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар? (өзім сабақтың мақсаты мен істелетін жұмысты қорытамын).
-
Дәптермен жұмыс
№2 салыстыру есебі. (оқушыларға өздігінен орындату, тексеру)
-
Шығармашылық тапсырма. «Кім тез есептегіш?»
Екі қатардан 2 оқушыны шығарып, 9 және 8 санының құрамын анықтау.
Оқушының қаншалықты тапсырманы дұрыс орындағанын тексеру.
-
Оқулықпен жұмыс.
Сурет бойынша өрнектер құрастыр және олардың мәнін тап.
Жұмбақты шешу. (Жұмбақты өзім оқып беремін, оқушылар шешуін табады)
-
Кәне, балалар, сурет бойынша жұппен ауызша жұмыс жасайық.
-
Жұп бойынша өрнектің мәнін сұраймын
-
Дұрыс жауап берген оқушыны қошеметтеу.
Сергіту сәті:
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
-
Өлеңді есеп. Оқушылардың білімін жетілдіру үшін өлеңді жолды есеп беремін.
Көлде жүзді 7 аққу,
Ұшып келді 2 аққу.
Қанша болды
Көлде аққу?
Жауабы: 9 аққу
-
Қайдан білдің? Қандай амалын пайдаландың?
а. Уақытқа байланысты оқушыларға тапсырма беру
1. 3см + 4см =
9см - 5см =
8 см - 4см =
2. 8 + = 9
- 3 = 6
4 + 3 =
-
7 см * 7см
6см * 5см
4 * 4 - 1
6. Қорытындылау.
- сабақта не істедік?
- қандай тапсырма ұнады?
- қандай тақырыппен жұмыс жасадық?
-
Бағалау (оқушылардан пікірін сұрау)
№29 жалпы орта білім беру мектебі
1 «б» сыныбында жүргізілген математика пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы: 9 санының құрамы
Мұғалім: А.Д.Сматова
Павлодар 2015 ж