7


  • Учителю
  • «Ана-аса қымбатты жан!» тәрбиелік шара

«Ана-аса қымбатты жан!» тәрбиелік шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тақырыбы: «Ана-аса қымбатты жан!»

Мақсаты: Балалардың аналарына,бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Тақырып жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері

Мұгалім: -Құрметті аналар,әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі-8 наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетінде өмір сыйлаушы нәзік, ақылды,сымбатты, мейірімді жандарға арналған қандай тамаша мереке!

Әлемдегі ең асыл жан ол- Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана-аяулы да мейірімді жан.Баланың тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, ару-асыл жар, ару-көңілдің гүлі, ару-өмірдің жары, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, ұстаздарға арналған оқушыларымыздың дайындаған «Ана-аса қымбат жан!» деген кешімізге қош келдіңіздер.

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Хор: «Ақ мамам»

Мұғалім:

Ақ анашым, аппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.

1-оқушы Темірлан

Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Бал сөзі-жаным деген сая маған.

2-оқушы Гауһар

Құтты болсын, ардақты ана,

Асыл анам мерекең,

Құтты болсын теңдік алған

8 наурыз мерекең

3-оқушы Исламбек

Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қажымай.

4-оқушы Дильназ

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

5-оқушы Мирас

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.

Балаларға сұрақ-жауап

Балалар күнде алаң,

Жанашыр кім саған? Бәрі Анам!

Болсаң егер жаман.

Кейитін кім саған? Анам!

Таң қалғандай ғалам

Кім ең сұлу адам? Анам!

6-оқушы Роза

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамамды,

Жүрсем деймін шаттандырып

7-оқушы Аян

Көрсетемін күллі елді,

Жарық етем түндерді,

Өсіріп мен сыйлаймын,

Жұрт көрмеген гүлдерді.

8-оқушы Сайда

Көктемде көңілді.

Құстар кеп жатқанда.

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға.

Гүл ектік аулаға,

Көктемде көңілді

Бақта да, бауда да,

Ақ гүлдер өрілді.

Би. «Жігіттер»

9-оқушы Мұхаммеджан

Анамызға мың алғыс,

Алялаған, баптаған

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен.

Анамызға мың алғыс.

11-оқушы Анель

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.

12-оқушы Алмаз

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Ерке леткен біздеді,

Аналарға мың алғыс.

13-оқушы Сабина

Құтты болсын ардақты анам,

Асыл анам мерекең,

Жарқын жузді жан аннам

сендей болсын бар адам

сендей болса бар адам

шаттык кетпес баладан

12-оқушы:Асылай

Айналайын, анашым,

Көкте нұр болып жанасын.

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың.

13-оқушы Айым

Еркелесем, күлімдейтін.

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің.

«Құлыншағым күнім»,- дейтін.

14-оқушы: Нұрмүхаммед

Аппақ мамам, ақ мамам

«Ақ мамам!» - деп, шаттанам

Түн ұйқыңды төрт бөліп

«Бөпешім!»- деп жатпаған.

15-оқушы Жанаргүл

-Мұғалім:

Ана дейміз бәрәмізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген- бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-алтын қазық, алтын бақ,-дей келе кезекті оқушылардың аналарға арналған

биіміз бар

Би. «Қуыршықтар»

Аналарымызға арналған ойын.

Ойын « Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Әртүрлі сұрақтар жасырылады аналар «А» әрпінен басталатын сөзден жауап беруі керек.

1.Сіздің есіміңіз кім?

2.Балаңызды қалай еркелетесіз?

3.Сіз жұмыс жасап отырсыз,ал балаңыз маза бермей жатыр, не деп айқайлайсыз?

4.Жақсы көретін мерекеңіз?

5.Сүйіп ішетін тағамыңыз?

6.Қандай санды ұнатасыз?

7.Жақсы көретін әніңіз қандай?

Ойын нәтижесін қортындылау.

Көрніс: «Ананың жұмбағы»

Автор Динара: Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:

-Балдарым мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер.

Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса,

арқаңды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңдер?

Тұңғыш ұл Ислам: Мен оның басын балтамен шабар едім.

Екінші ұл Бекзат: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.

Үшінші ұл Абай: Оның мұрнын бұзар едім.

Кенже ұл: Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі.Сіз бізді 9 ай

көтердіңіз бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөлндіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.

Ана: Жарайсың кенжетайым!

Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың, қыздардың.

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін,-деп ортаға 4 ананы шақырамыз.

«Кім шапшаң?» ойыны, аналарымызды қойылған сұрақтарға лезде жауап береді.

1.Балдан тәтті не?(Бала)

2.Қара шаңырақ иесі кім? (Кенже ұл)

3.Балаға кім сыншы? (Ата)

4.Әкеден балаға берілетін зат. (Мұра)

5.Үйдің алтын адамы кім? (Ана)

6.Тәрбие мен білімнің ортасы. (Мектеп)

7.18 жасқа толмаған адам. (Бала)

8.Екі адамның бір-біріне деген адалдығы. (Достық)

9.Бес асылды атаңыз. (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

10.Үш арсызды ата? (Ұйқы,тамақ,күлкі)

Ән. «Ало».

Мұғалім: Сегізінші наурызда.

Құттықтаймыз ананы.

Теңеп оны жұлдызға-

Сый тартамыз бағалы!

(Жапсыру сабағында дайындаған құмырадағы гүлдерін аналарына тасбыстайды)

Бәрі бәрі жақсы ананың

Бәрі де оның керек- ау

Бірақ әрбір баланың

Бірақ әрбір баланың

Өз анасы бөлек-ау! -дей отырып мерекелік кешімізді қортындылау сөзі құрметті аналарымызға бәреміз.









№15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

















Тәрбиелік шара

























Мектепалды даярлық «б» тобы





























2016 жыл







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал