7


  • Учителю
  • Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту. 26+34, 60-26 түріндегі жазбаша қосу және азайту.

Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту. 26+34, 60-26 түріндегі жазбаша қосу және азайту.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Математика. 2 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту. 26+34, 60-26 түріндегі жазбаша қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту жөнінде білім беру. 26+34, 60-26 түріндегі жазбаша қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру. Білімін , ойлау қабілеттерін дамыту. Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: кесте, суреттер( ұлттық музыка аспаптары)

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Түрі: жаңа сабақ

Күтілетін нәтиже:

1.Ондықтан аттап жазбаша қосу мен азайту тәсілдерін меңгереді.

2. Ондықтан аттап қосу, азайтуға берілген мысалдарды шығара алады.

3. Екі амалмен шығарылатын есепті шығара алады.

Не арқылы бағаланады:

1.Ондықтан аттап қосу мен азайтуға берілген мысалдарды шығару.

2. Есепті салыстырып, оны шығару. №6

3.Берілген тапсырмаларды толық орындау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:- Сабаққа әзірлік.

Психологиялық дайындық.

Армысың, алтын күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, достарым,

Бәріңді көрсем қуанам!

Музыка «Аяқпенен топ-топ» әнін тыңдап, қимылмен орындату.

ІІ.Қызығушылықты ояту.

Бүгінгі сабағымызды сөзжұмбақ шешумен бастайық.



1.Сүйір, тік, доғал - ?

2.Сыйымдылықтың өлшем бірлігі-?

3.100 - 10═ ?



1.Азайту амалының компоненті-?

2.Уақыт бірлігін ата.

3.55+5 -?

4.Барлық қабырғалары тең болатын төртбұрыш-?

5.Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы табылатын-?

6. Уақыт бірлігі-?

7. Массаның ең кіші өлшем бірлігі-?

8. Ең кіші бір таңбалы сан-?

9. 36+4 -?



Қазақ халқының ұлттық аспаптарымен таныса отырып, есептер де шығарамыз.

а) Алғашқы аялдамадағы мысал: Жетіген аспабы туралы түсінік беріледі.

Тез есепте! Математикалық диктант.

1.45 + 32 68 - 23 49 - 21 97 - 45

- 5 ондық, 4 бірліктен тұратын сан;.

- Санау кезінде 99- дан кейін тұратын сан;

- 80 санының алдындағы сан;

- 36 мен 6 сандарының айырмасының мәнін тап.

- Бірінші қосылғыш - 30, екінші қосылғыш - 7. қосындының мәнін тап.

- 7 санын 8 -ге арттыр;

- 18 санын 9-ға кеміт.

ІІІ. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс.



а) Келесі аялдамадағы мысал: ә) Үскірік аспабы туралы түсінік.

№ 1. Ауызша. Қосындылардың мәнін тап.

20 + 30 6 + 4 50 + 10

№2. Түсіндір:

26 + 34 = (20 + 30 ) + (6 + 4) = 60

(26 + 30 ) + 4 (26 + 4) + 30



а) Келесі аялдамадағы мысал: б) Шертер аспабы туралы түсінік.

№ 3

50 - 20 10 - 6 30 + 4

№ 4

60 - 24

60 - 24 = (60- 20 ) - 4 60 - 24 = (60- 4 ) - 20

60 - 24 = (50-20) +(10-4)



а) Келесі аялдамадағы мысал:

Сергіту сәті. Ұлытау тобы. «Жұмыр қылыш» күйі.



а) Келесі аялдамадағы мысал: в) Сазсырнай аспабы туралы түсінік.

№5. Түсіндіре отырып, шығар.

64+16═(60+10)+ (4+6) ═ 80 90-23 37+43

70-24═(60-20)+(10-4)═46 35+35 90-68



Келесі аялдамадағы мысал: г) Домбыра, қобыз аспаптары туралы түсінік беріледі.



№6. Есептерді салыстыр. Не байқадың?

Оқу, талдау

а) Домбыра -40

Қобыз -?, 16-сы кем

Барлығы-?

40 + (40 - 16) = 64 Жауабы: 64 аспап

ә) Қобыз -24

Домбыра- ?, 16-сы артық

Барлығы-?

Шешуі: (24+16)+24═64 аспап



№7. Әр қатардағы сандарды өсу ретімен теріп жаз:

13,17,18,21,25,28,54

12,17,18,21,25,45,52,54,71,81

Салыстыру. Ұқсастығы (барлығы да екі таңбалы сандар),

айырмашылығы (екінші қатардағы сандардың цифрларының орындары ауысқан)



Ойлан тап: Балапанға көмектес:

/8 - 5 / - 3 = 3

/ 8 + 5 / + 10 = 3



ҮІІ . Толғаныс.

- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Кел, ойнайық! «Аялдаманы хабарла».

А- 77; А - 11; А - 55; А- 90; А - 33; А - 80; А - 89; (сабақ барысында)



Келесі аялдамадағы мысал:

Ойлан! Жұптас! Есепте!







ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 7 , 147 бет













Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі.





Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды я дыбысы мен әрпімен таныстыру. Оны орыс тілінен енген және де екі дыбыстың й+а қосылуынан пайда болатын дыбыс екендігін түсіндіру. Дауысты дыбыс екендігін аңғартып, сөз арасынан тауып дыбыстың, буындық талдау жасай білуге түсіндіру. Әріптерді байланыстырып көркем сауатты жаза білуге машықтандыру.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, есту қабілетін, зейінін, қиялын дамыту. Тілдің құрылымын дұрыс қалыптастыру. Дыбыстың құрамы күрделі сөздерді қайталап отырып, тілдерін ширатып, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ - жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе, әріптер, текшелер.

Пәнаралық байланыс: Математика.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы күн балалар

Қайырлы күн қонақтар.

Сөйлеу ережесін еске түсіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Тақия тастамақ» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау.

Мен буынның басын тастаймын, сендер аяқтайсыңдар. Өткен дыбысқа байланысты сөздер айту керек.

Ша ..... (һар), ай ..... (даһар), жи ..... (һаз).

ІІІ. Жаңа сабақ.

- Балалар, жаңа біз қандай ойын ойнадық.

- Тақия тастамақ.

- Тақия сөзінде соңғы дыбыс қандай дыбыс?

- Я.

Ендеше біз я дыбыс мен әрпімен таныстық.

Я дыбысы дауысты дыбыс. Ол созылып айтылады. Бәріміз айтып көрейікші. Я дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.

Дауысты дыбыс.

Я Орыс тілінен енген

й+а дыбысының қосарлануынан жасалады.





й+а естілгенімен я әрпі жазылады. Баспа және жазба түрін таныстыру. Оқулық пен жұмыс.

«Буын ұйқас» ойынын ойнау.

Ян-ян-ян секіреді ...... (қоян).

Яр-яр-яр бақшада пісті... (қияр).

Яқ-яқ-яқ тез жүреді..... (аяқ).

а) Сурет бойынша әңгімелеу.

ә) Қоян сөзіне сөйлем құрау.

б) Шаян сөзін талдау. (буындық, дыбыстық).

в) «Саябақ іші» мәтін оқып, мағынасын ашу.

ІV. Сергіту сәті.

Секірейік, секірейік,

Ұзын құлақ қоянмен.

Шаршағанды кетірейік,

Өмір сонда тамаша.

V. Дәптермен жұмыс.

Әріп емлесімен таныстыру. Я я

а) Ауада жаздыру.

ә) Тақтада жаздыру.

б) Дәптерде үлгі бойынша жаздыру.

«Анаграмма» ойынын ойнау.

Берілген геометриялық пішіндерді ретімен оқып, сөз шығару.

И 2 3 Я Я 2 А 2 3 Я





Қ 1 4 Р А 1 3 Қ Т 1 4 Қ





- Геометриялық пішіндерді айту.

- Түстерін ажырату.

Сабақты қорыту.





Сұрақ-жауап арқылы күн күлтелерін жапсыру арқылы қорытындылау.

Егер де жауаптарың дұрыс болса күн күлімсірейді.





- Қандай дыбыспен таныстық?

- Я дыбысы қандай дыбыстардан жасалған.

- Қандай ойындар ойнадық.





Жарайсыңдар! Сендердің жауаптарыңа риза болып, күлімсіреп тұр.

Оқушыларды бағалау.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділіктеріне қарай мадақтау.

Үйге тапсырма беру: «Саябақ іші» мәтінін оқып, әңгімелеу. Үлгі бойынша жазу. Сөздерге сөйлем құрау.





















































































МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ



КОШИКОВА МАҒРИПА БАЛТАБАЕВНА

ЖББОМ № 66, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ



Бастауыш мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру.Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек.Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласы, құштарлығы болуы керек».Оқу материалы балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, белсенділігін,саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын,олардың іскерлігін дамытатындай болу ксрск. Оларды қиындыкты жеңе білуге, төзімділікке баулу мұғалімнің басты міндеті.«Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский. Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде ғалымдар А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектерінде нақты анықтама берілді.Авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:

• барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;

• ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;

Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Ал оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету - математика сабағының міндеті. Жаңа буын математика оқулығының басты ерекшеліктерінің бірі - оның әрбір сабаққа лайықталған материалы, негізінен алғанда, төрт текті жаттығулардың тобынан тұрады. Солардың бірі - балалардың шығарамашылық іс-әрекетке бейімдеу мақсатын көздейтін, «Атамұра» баспасы бойынша оқулықта жасыл түсті қоршауға, ал «Алматыкітап» баспасы бойынша әр сабақта қалыптан тыс және қызықты жаттығулар, шығармашылық деңгейге арналған логикалық есептер, тапсырмалар беріледі. Ол жаттығулар негізінен балалардың логикалық ойлау қабілетін, ақыл-ойын дамытуды көздейді. Ондай жаттығуларды орындау барысында оқушылар мазмұнға сәйкес объектілерді бақылайды, байқайды, салыстырады; сондай-ақ әр алуан ақыл-ой іс-әрекеттерін орындайды, практикалық жұмыстар жүргізеді, зерделілік білдіреді, ізденеді, болжам айтады және оны негіздеп беруге немесе дәлелдеуге талпынады, математикаға деген қызығушылығын, ынта-ықыласын тудырады. Бұл жаттығулардың бәрі арнайы жүйе қүрайды. Оларды орындай алмаған оқушыға білімінің көрсеткіші ретінде нашар баға қоймайды, ал оны орындаған оқушыны мадактаған жөн.Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар міндетті және мүмкін деңгейлер.Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады.Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалымен кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып - үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді және негізгі материалды терең меңгеруге көмектеседі.

Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай, әдейілеп ұйымдастырылған логикалық ойын-ребус, сөзжұмбақ, қызықты әзіл-есептер, жұмбақ-есептер баланың ой-ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін

қалыптастырады және де сабаққа қызығушылығын арттырады.

Мысалы:

1. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, және 5 апельсин тұрған.Үстел үстіндегі барлық көкөністер қанша?(Шешуі: 5 көкөніс,апельсин жеміске жатады.) - 2 сынып.

2. Айбек пен Торғын әрқайсысы 10 жаңғақтан терді.Айбек Торғынға өзінің жаңғақтарының 4- еуін берді.Торғынның жаңғақтары қаншаға артық болды? (Шешуі: 8-ге артық)- 2 сынып.

3. Екі стаканға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкаға төңкердің.

Қайсы стаканда су көп? (бірдей).-2сынып.

Баланың ой-қиялын дамытуда логикалық сұрақ-тапсырмалардың орны бөлек. Мысалы:

1.1жанүядағы ағайынды 2 жігіттің әрқайсысының 1 апасы,1

қарындасы бар. Ол жанұяда қанша бала бар? (4).

2. Қарындашты тең етіп 2-ге бөлгенде, неше қарындаш шығады?

3. Автобус оң жаққа бұрылғанда, ішіндегі жолаушы қайда бұрылады?

Логикалық жаттығулар:

1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан - Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

(Шешуі: Айжан-Мұраттың, Маржан-Асқардың қызы.)



2.Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады? (Шешуі: 8 аралық)

3.Екінші сыныптың өқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші жұп болды, ал артынан санағанда төртінші жұп болды.Сыныпта қанша оқушы бар? (Шешуі: 20 оқушы)

Қызықты әзіл-есептер:

1.Олжас пен Жандос жасырынбақ ойнады.Олжас кәрі еменнен 12 қадам солға,5 қадам оңға,қайтадан 4қадам солға,11 қадам оңға жүрді. Олжас қайда тығылды? (Шешуі: кәрі еменнің түбіне)

2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?

3.10 жасар Арман шашын тақырлап алдырып тастады да ойланды. Егер менің шашым айына 1 см өсетін болса,20 жасқа келгенде, менің шашымның ұзындығы қандай болар еді? (Шешуі: 120 см)- 4 сынып.



Теңдеулер шешу» тақырыбына ұсынылатын есептер:





«Барлығы қанша қарға?»

Келеді ұшып екі қарға,

Топ достарын ертіп талға

Болды елу әлгі жиын

Санағанда демей қиын.

Болмаңыздар әбігер,

Шешімі табылар бәрі бір.

Айтпай есеп шарты кім,

Теңдеу құру тәртібін?

(Жауабы: 2+х=50, х=48 қарға)



«Кетті бірге нешеуі»

Кездесіп бір топ аңменен,

Болды 30 бас малменен.

Олар кетті қоштасып,

Үш түлкімен достасып.

Теңдеуді ойлап құрыңыз,

Мал санын айта тұрыңыз.

(Жауабы: х+3=30, х=27 бас мал)









Есептеулерді жылдам орындаудың кейбір тәсілдері:



АВС Осы есептегі А,В,С орнына 0 мен 9 арасындағы сандарды тауып

АВС қойыңдар. Сонда В-ның орнына қай сан сәйкес келеді.

АВС (Шешуі: В-9, А-1, С-8)

+_ C_

6 0 2



725-96=(725+4)-100=629 246 ∙ 5 = (246 : 2) ∙ 10 = 123 ∙ 10 = 1230



а) 38-9; в) 572-84; а) 134 ∙ 5; б) 428 ∙ 84;

ә) 146-18; г) 4325-190; ә) 68 ∙ 5; в) 1308 ∙ 5;

б) 323-78; ғ) 15478-2900;





76 ∙ 84;



1/ 76 2/ 76 76 1) 2) 3)



x 84 x 84 x 84

5624 5624

28





6 ∙ 4 = 7 ∙ 4=28 6384



7 ∙ 8 = 8 ∙ 6=



Міне, осындай есептеулерді шешу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Дүниетанымы кеңейеді,жылдам есептеу шеберліктері артып, білім сауаттылығы күшейеді.

Математикалық ойлауды өрістету үшін оқушыларды қызықтыратын, ынтасын арттыратын есептерді қарастыру дұрыс. Ондай есептерге зерттеу элементтері бар логикалық есептер, ойын есептер, ертегі есептер жатады. Бұған берілген есепті шығарғанда кеткен қатені табу, есепті бірнеше жолмен шығару, өздігінен есеп құрастырту кіреді. Есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байкампаздыкка, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Логикалық есептерді шығару арқылы оқушы дұрыс ойлауға, сын көзбен қарауға, бақылағыштыққа машықтанады.

Логикалық есеп дегеніміз - арнайы формула қолдануға келмейтін, әрқайсысына өзінше талдау жасаулы кажетсінетін есептерді айтады. Математикадан бастауыш сыныпта өтілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіріп, математикалық инициативасын арттыратындай, түсіндірілуі жеңіл, тұжырымдалуы қыска болғаны жен.

Логикалық есептер сан алуан болғанымен, төмендегідей ортак қасиеттері бар:

1. Логикалық есептердің шешу жолы белгісіз. Олардың шешіміне жету

«ойдың броундық қозғалысы» тәрізді, яғни байқап көру, қателесу әдісімен

іске асады. Байқап көру арқылы іздену жеке жағдайларда негізгі шешімге

бастайтын тізгінді қолға ұстатады.

2. Логикалық есептер оқушының пәнге қызығуына, белсенділігіне негіз

болады. Есептің сюжетінің шешілу жолының әдеттен тыс болуы бала

көңіліне әсер етіп, қайткенде де оны шығаруға итермелейді.

3. Логикалық есептер ойлау заңдылықтарын білуге негізделіп жасалады.

Міне, осындай есеп түрлерін жүйелі түрде қолдану аталған ойлау операцияларын дамытуға, балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруга жагдай жасайды. Логикалық есептерді шығару көбінесе байқап көріп іздену процесімен жүреді. Ойша болжай білу балалардың бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Тапкырлық -шығармашылықтың ерекше көрінісі, ол талдау, салыстыру, жалпылау, байланыстарды анықтау, ұқсастыру, тұжырымдау ой корыту нәтижесінде байқалады. Ал аңғарымпаздыктың белгісі нақты жағдайды ой елегінен өткізіп, өзара байланыстарды анықтай білу, соның негізінде есеп шығарушы

бір тұжырымға келіп, ойын топтайды.

М: Есеп № 1. 5 оқушы 5 жұмыртқаны 5 минутта пісірді. 10 оқушы 10 жұмыртқаны неше минутта пісіреді? - оқушы ойланбастан 10 минутта деп жауап берді. Мақұл деймін. Ал сонда 100 оқушы 100 жұмыртқаны қанша уақытта пісіреді? сасып қалған олар ойланыңқырап тұрып, кешірерсіз, адам және жұмыртқа саны қанша болса да бәрібір пісу уақыты 5 минут екен - дейді.- 4-сынып.

Есеп № 2.Ересек адам жүрегі 1 минутта 5 литр қан айналдырса, 1 сағатта неше литр қан айналдырады? 1 тәулікте ше? Оқушылар алдымен сағатты және тәулікті минутқа айналдыру керек екенін тапты. Демек, 1 мин - 5л

1 тәул - ? 1 тәул = 24сағ = 1440сағ.

Жауабы: 1 сағ - 300 л

1 тәул - 7200 л қан.

Есеп № 3. Балықшы бекіре, шабақ, сазан және шортан аулады. Бекіре шабактан екі есе көп, шабақ сазаннан үш есе көп, ал шортан 15-тен кем екені белгілі. Барлық ұсталған балықтың саны 41 болса, балықшы әр түрінен жеке алғанда қанша балықтан ұстады?

Шешуі: Есептің шарты бойынша сазан көп болмауы керек, сондықтан ;«соңғы» ретте, әрине сазанның санын аламыз. Айталық, балықшы бір ғана сазан ұстады дейік, онда шабақ - үшеу, бекіре алтау, ал шортан отыз бір болып, есептің шартына қайшы келеді. Енді сазаннан екеу болсын дейік, онда шабақ - алтау, бекіре он екі, ал шортан - жиырма бір. Бұл да есептің шартына сай келмейді. Ендеше үш сазан ұстады дейік, бұдан шабак тоғыз, бекіре он сегіз, ал шортан - он бір. Енді төрт сазан ауланды делік, яғни шабак он екі, бекіре жиырма төрт, шортан - біреу. Сонымен есептің екі жауабын алдық.

1) 3 сазан, 9 шабақ, 18 бекіре, 11 шортан.

2) 4 сазан, 12 шабақ, 24 бекіре және бір шортан.

Есеп № 4. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан - Асқар мен Мұраттың кыздары. Айжанңың Асқардың кызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

(Жауабы: Айжан - Мұраттың қызы.

Маржан - Асқардың қызы.)

Есеп № 5.Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта окиды. АбзалАрманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Ьұл үидің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

Шешуі: Есептің шартын оки отырып, теңсіздік жазамыз.Абзал Арманнан кіші емес, ал Аян Абзалдан кіші емес болса, Абзал > Арман. Аян >Абзал. => Аян > Абзал. Осыдан ең үлкені Аян, ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал екендігін табамыз.

Есеп № 6. Қолына 4 литрлік ыдыс беріп,Әлібиден шешесі 3л сүт сатып әкелуін өтінді. Ал сатушыда бір бөшке сүт және 5 литрлік ыдыс ғана болып шығады. Осы екі ыдыстың көмегімен сатушы қалай үш литрді өлшеп бере алады?

Шешуі: Әуелі 4 литрлік ыдыспен сүт алады да, ол сүтті 5 литрлік ыдысқа құяды, 4 литрлік ыдыс босайды. Тағы да 4 литрлік ыдыспен сүт алып, 5 литрлікті толтырады, сонда 4 литрлік ыдыста 3 литр сүт қалады.

Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:

• есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;

• сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;

• Есептегі нақты затты ауыстыру;

• Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;

• Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.

Оқу процесіндегі осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған ойлау қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.



Әдебиеттер

1. Жарықбаев Қ. Психология. - Алматы, 2002. - 415 бет.

2. Ильина Т.А. Педагогика. - Алматы, 1977 - 454 бет.

3. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. - Алматы, 2010. - 135 бет.

4. Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. - Алматы, 2005. - 72 бет.

5. Глазырина Л.Л.Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы (2,3,4 сыныптар). «Келешек - 2030»ЖШС, 2010.

6. Ерешова К.,Ыдырысова Ш.,Әбенова Г.Логика әлемі. 2 сынып.Алматы «Өлке» 2010.

7. Ерешова К,Омарғазинова Г., Логика әлемі. 4 сынып.Алматы «Өлке» 2011.

8. Қосанов Б.М.Математикадан сыныптан тыс жұмстарда оқушыларға экономикалық тәрбие беру. - Алматы, 1998. - 54 бет.

9. Т.Мейірманқұлова «Білім берудегі инновациялық технологиялар», Алматы, 2000 ж.

10. Д.Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ, 1998ж.

Тәрбие орг сайтынан МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ Баяндамалар атты материалды тегін жүктеп алуға болады. Тәрбие сайтында барлық пәндерден ашық сабақ , презентациялар, авторлық мақалалар тәрбие сағаттары жинақталған. Тәрбие.орг сайтында әдістемелік қоржыннан барлық сабақты табуға болады. Егер осы аталған материалды жүктей алмасаңыз автордан немесе ұстаздар форумы</<font face="Times New Roman, serif">нан сұрап көріңіз. Жүктеу үшін осы беттің астында тәрбие.орг сайтынан

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу.Пысықтау сабақ.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:

Оқушылардың үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу бойынша білімдерін пысықтау.

2. Дамытушылық:

Баған түрінде көбейту мен бөлу жағдайларын негіздеу. Ой -өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;

3. Тәрбиелік:

Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы;

Сабақтың әдісі: қайталау,ойын,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ,

Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар.

ІІ. Психологиялық дайындық: бір - біріне тілек айту.

Сабаққа біз даярмыз

Жалқайлықты қоямыз

Үздік оқып әрқашан

Кілең бестік аламыз.

ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру.

№6,102-бет.Дәптерлерін тексеріп өтемін.

Сұрақтар:

1.Бұл қандай теңдеулер?

2.Күрделі теңдеуді шешу үшін бірінші не істейміз?

Сұрақтар

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Көктем айлары?

- Көктемде қандай ерекшіліктр бар?

- Өсімдіктер не істейді?

Балалар бізге электрондық почтамен хат келді.

Ендеше хатты оқиық.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек.

Көктем келді, бірақ жер бетін су алып, бәйшешектер шықпай жатыр

Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, бәйшешектер гүл ашады. Көмектесіңдерші, балалар!!!

Балалар, бұл хат кішкентай қонжықтан келіпті. Көмектесеміз бе қонжыққа?

Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, ормандағы алаңда бәйшешектер гүл ашады.

ІV. Жаңа тақырып

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жазбаша көбейту және бөлу» амалдарын қайталау.

Тақтаға назар аударамыз.

1-тапсырма.Ойын Кім жылдам..

3*21

3*210

3*201

3*120

3*102

3*12

2-тапсырма.Кесте бойынша өрнек құрастыр және жаз.Олардың мәндерін тап.

3-тапсырма. Сөз есеп шығару.

V. Сергіту сәті

VІ.4- тапсырма. «Тир» ойыны .

Дәптерде жұмыс.

5- тапсырма.Баған түрінде есептеу.

123*3

423*2

313*3

221*4

463/3

996/3

824/2

484/4

870+130

12+689

48+607

605-99

6-тапсырма.Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

Тақтаға жұмыс жасату.

VII.Сабақты бекіту.

Тест сұрақтары бойынша жұмыс:

1. 8ц 45кг-ді кг-ға айналдыр.

а) 800кг

ә) 845кг/

б) 853кг

2. 50х2 өрнегіне теңдік болуға қай өрнек сәйкес келеді?

а) 600:2

ә) 900:3

б)450-350/

3. (360+120):6 өрнегінің мәні нешеге тең?

а) 80/

ә) 85

б) 83

4. 85:17 өрнегінің мәні.

а) 6

ә) 3

б) 5/

5.Қалдықпен бөлуді орында. Қай жауап дұрыс? 60:9 мәнін тап.

а) 6 (6 қалд.)/

ә) 6 (3 қалд.)

б) 5 (6 қалд.)

VІII. Сабақты қорыту:

Бүгін сабақта қандай тақырыпты қайталадық?

Сабақ ұнады ма?

Қонжықтың тапсырмасын орындадық деп ойлаймын.

Балалар елімізде төтенше жағдайлар еш уақытта болмасын.

Көктем келіп бәйшешектер гүл ашсын.

IX .Үйге тапсырма: №4, 105-бет.

X. Бағалау. Оқушылардың білімін фишкалар арқылы бағалаймын.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал