7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Әдептілік әдемілік'

Сабақ жоспары 'Әдептілік әдемілік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мерзiмі: Сыныбы:1 Бекітемін:

№10 Тақырып:Әдептілік әдемілік

Құндылық:Қиянат жасамау Қасиеттері: ешкімді ренжітпеу, бірлік.


Сабақ мақсаты: «Әдептілік» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін аша отырып, қиянат жасамауды ұғындыру;

Міндеттері:

білімділік:әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру;

дамытушылық: өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту;

тәрбиелік: ешкімді ренжітпей бірлікке әдептілікке тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

күнделік, дәптер, оқулық, пенал, бейджик

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Бес Т-ны еске түсіру

Жағымды күйге келу

«Нұрға бөлену»

Ескертулер

2. Дәйексөз.

«Сәлемдесу - әдептілік бастауы» Халық даналығы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қормен қайталату. Дәптерге түсіру.

Қорытынды жасау

3.Әңгiмелеу

«Әдеп» Т. Қажыбаев

Арман мен Аян қаланың ортасындағы бес қабатты биік үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды. Бір мектепте оқитындықтан жолдары да бір. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке бірге келе жатты. Бір аялдамадан соң алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп бір әжей кірді.

Аян әжейдің қасына келіп:

  • Әже, мына орынға отырыңыз, - деді. Арман болса қарт адамды көрмегенсіп, автобус терезесін өрнектеген қырауды саусағымен шимайлап, теріс қараған күйі отыра берді.

Екі аялдамадан кейін әжей орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға ұсынды.

  • Ма, қалқам, ала ғой.

  • О, не дегеніңіз, рахмет, әже!

  • Алманы орның үшін беріп тұрғаным жоқ. Әдептілігіңе сүйсінген алғысым ғой, - деді әжей Аянға күлімдеп қарап.

Арман мен Аян автобустан түсіп, мектепке бет алды. Аян алманы жеп келе жатыр, төңірегіне көлдене қарайды. Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса, тұтас жеп қоюға қысылып келеді.

  • Аян мен Арманның орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?

  • Арман не үшін алманы тұтастай жеп қоюға қысылып келеді?

4. Шығармашылық жұмыс

«Сыпайы сөздер»


5.Ойын - жаттығу

«Сыпайы сөзді қайда, қалай қолданамын?»


Сергіту сәті

Бойыңды сергек тік ұста.

Деміңді ішке тез ал да.

Емін - еркін тыныста.

Сол қолыңды соз алға,

Қол ұшына қара да

Үш бұрыш сыз ауада.

Оң қол да бос тұрмасын,

Шеңбер жасап зырласын.


6.Дәптермен жұмыс

Мұғалім дәптерде берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру


7.Топпен ән айту.

«Азамат өсіп келеді» Е. Ашықбаев

8. Қорытындылау сәтi.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал