- Учителю
- Сабақтастық дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату”.
Сабақтастық дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату”.
Сабақтастық жұмыстары және оның жүзеге асырылуы.
Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ
мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы
дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау,
екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің
үйлесімділігі.
Ә. Бидосов былай деген "Сабақтастық дегеніміз - мектеп жасына
дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі
сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен
қатынастар орнату".
Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі
дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа
білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге,
білімді кеңейту мен тереңдету, оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде
байыптау".
Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын
екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық -
ағартушылық және практикалық.
Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие
жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы
топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын
зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары
мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде
балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен
өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.
Екінші, тәжірибелік аспект - бір жағынан мұғалімдердің балабақшада
өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан,
тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен
бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары:
мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы
дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс - әрекетін бақылау,
балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен
танысу.
Қазіргі оқу тәжірибесінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп
оқуындағы сабақтастықты жүзеге асыруда негізгі екі бағыттарын
белгілеуге болады. Олардың біріншісі, балалар дамуының темптерін
көбейту және мектепке дейінгі мекемелердің мектептегі оқудың
талаптары мен ерекшеліктеріне жету міндеттерінен тұратын тәжірибеге
сүйенеді. Екінші, бастауыш мектепке дейінгі білімдер, іскерлік және
дағдыларды дамыту тактикасына негізделеді. Мұнда В. В. Давыдовтың
белгілеуі бойынша, бастауыш мектеп оларды жүйелейді және
жалпылайды, оқуға, жазуға, санауға және т. б. үйретеді. Біздің
көзқарасымызша, бұл бағыт жан - жақты емес, бірақ біріншісіне
қарағанда көп қаланады.
Сабақтастықтың жағымсыз жақтарын тереңдететін негізгі фактор болып
біздің пікірімізше, бірінші сыныптың бағдарламаларының күрделену
тенденциясы жалпы білім беретін мектептерде практикаға, оқытудың
альтернативті формалары мен жаңа педагогикалық технологияларды
енгізу, бірінші сынып оқушысына өте жоғары талаптар қою. Бұл
тенденциялардың бірі - көптеген арнайы мектептерде балаларды қатал
таңдау. Бірінші сыныпқа баратын балалардың оқи білу, санау
операцияларын игеру, санның құрамын ұғыну және т. б. талап етеді.
Бұл өзінің баласының "жақсы" мектепке түсуін қалайтын ата - аналар
жағының балабақшаға сәйкес талап қоюын тудырады.
Сөйтіп, сабақтастық байланысының негізгі философия тұрғысынан
дамудың объективті заңдылығы ретінде қарастырылады. Сабақтастық
дамудың заңдылығы ретінде ескіні толықтай жоққа шығару жолымен
емес, сақтау және одан әрі дамыту мақсатымен өткен кезеңнің жаңа
кезеңге ауысуы жолымен үздіксіздікті қамтамасыз етеді.
Диалектикалық жоққа шығару әрқашан қарама - қарсы сәттер, яғни
ескіні жою (үзіліс) және оң ықпалдың негізінде жаңаның пайда
болуының (үздіксіз) бірлігі болып табылады. Бұл заңдылық
тәрбиешілер мен мұғалімдерді баланың шығармашылық мүмкіндіктерді
дамыту жұмысында сабақтастық байланысына ұмтылдырады.
Жалпы алғанда оқытудағы сабақтастық ұғымы педагогикалық
әдебиеттерде жүйелілік принципінің тармағы ретінде қарастырылады.
Әдіснамалық тұрғыдан алғанда сабақтастық оқу - тәрбие процесіндегі
өзіндік көрінісін сипаттайды, яғни ескінің жаңамен алмасуын,
жаңаның құрамында ескінің қолданыс табуын және оның жақсы жақтарын
сақтай отырып үйлесімді дамуынан, ілесе жалғасуын білдіреді.
Сондықтан да оқытудағы сабақтастық оқыту процесінің құмаларының
бәріне тән атап айтқанда, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің,
мазмұны мен әдістерінің, құралдары мен ұйымдастыру формаларының
арасындағы қажетті байланыстарды білдіреді.
Сонымен бірге сабақтастық байланыстардың түрлері де ажыратылады.
Олардың қатарында: мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен бірінші
сынып арасындағы байланыстар, бастауыш және орта буындардағы
пәндерді оқытудағы сабақтастық байланыстар.
Оқытудағы сабақтастық жүзеге асырудың бастауы нормативті - құқықтық
және ресми құжаттарда (білім стандарты және оқу бағдарламалары),
оқыту құралдарында (оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу -
әдістемелік құралдар) жоспарланған байланыстар жобасынан алады.
Сонда тәжірибеде іске асырылатын қажетті және тиісті сабақтастық
байланыстардың объективті алғы шарттары тізіледі. Осы тұрғыдан
алғанда бастауыш мектепте жалпы және нақты мақсаттары мен
міндеттері анықталып, білімдік, тәрбиелік және дамытушылық пен
практикалық (қолданбалы) бағыттар бойынша тиянақты тұжырымдалған.
Мектепалды даярлық топ (5 - 6 жас)
Мақсаттары: Баланың сезімдік тәжірибесін байыту, ретке келтіру.
Барлық психикалық қасиеттерді дамыту. Ойлау операцияларын
қалыптастыруға даярлау.
Негізгі әрекеті: ойын әрекеті
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті
шешеді. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік,
дағдылар
жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау
немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың
қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп
алынған нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар - балалар
үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп
отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті
меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас
ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді.
Сабақта дидактикалық ойынды қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол
пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып,
бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал
етеді.
Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің міндеттері:
- даярлық сыныптағы даму деңгейіне, қабілеттеріне сүйену;
- даярлық сыныпта жетік қалыптаспаған қасиеттерді жетілдіру
бағытындағы арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру;
- ойын арқылы оқу әрекетін қалыптастыру;
- психологиялық зерттеулер қорытындысын оқу - тәрбие үрдісінде
басшылыққа алу;
- осы бағытта ата - аналармен әңгіме жүргізу.
Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің әрекеттері:
- даярлық сынып сабақтарына қатысып, балаларды сырттай бақылау;
- 1 - сыныпта ойын әрекетін басымырақ қолданып, біртіндеп оқу
әрекетіне көшу;
- сабақты 1 - ші ауысымның 2 - ші сағатынан бастап, 35 минуттан
өткізу;
- қоңырау үзілістерін 10 - 20 минуттан жылжымалы ойындар түрінде
ұйымдастыру;
- әрбір баланың педагогикалық - психологиялық картасын
жалғастыру;
- бейімделу жағдайларын үнемі бақылауда ұстап, мектеп психологына
хабарлап отыру;
- оқыту мен тәрбиелеу үрдісін сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының
философиясы мен әдіс - тәсілдері негізінде ұйымдастыру;
- бастауыш сынып мұғалімдерін сынып сағаттарына шақыртып,
таныстыру;
- бастауыш буында өтетін шараларға балаларды белсене қатыстыру;
- бастауыш сыныптардың апталық жиынына қатысу (2 - ші
жартыжылдықтан);
- балаларды мектептің бірыңғай тәртіп талабына, бірыңғай
орфографиялық, каллиграфиялық талаптарға үйрету;
- әрбір оқушының шығармашылық жұмыстарын жеке папкаларға жинақтауды
жалғастыру;
- әрбір балаға, сыныпқа жазылған педагогикалық мінездемені зерттеу,
толықтыру.
Сөйтіп, балабақша мен мектептің байланысын орнату үшін, балабақша
тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларын біреге дамыту жолымен
жүргізілуі керек. Мұнда мектеп белгілі бір мектепке дейінгі
мекемені өз қарамағына алу, тәрбиелік шараларды бірге өткізу;
мектепте 1 - сыныпқа оқушыларды қабылдауда балабақша тәрбиешілерін
қатыстыру, мектеп туралы кинофильмдер көрсету, кездесулер
ұйымдастыру, еңбек әрекетін бірігіп өткізу қажеттілігі туады.