7


Урок на тему Сезім мүшелері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Урок на тему Сезім мүшелері

















Урок на тему Сезім мүшелері









Сауат ашу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: К дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: к дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.

Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақ- тау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды к дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Әдемі жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекіліктері: к дыбысының баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

  • Балалар, қазір қай мезгіл?

  • Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

    1. Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Өз атын өзі шақырады.

Сөйтіп күнді батырады. (Көкек)

III. Негізгі бөлім.

1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  • Көкек сөзінде бірінші қандай дыбыс?

  • Кім к дыбысына байланысты адам аттарын атайды?

  • Енді осы адам аттарында к дыбысы қай жерде тұрғанын талдайық.

  • К дыбысының айтылу ерекшелігіне тоқталады.

  • К дыбысы - дауыссыз дыбыс, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді.

Жаңа үйретілген к дыбысынан сурет арқылы өлең жолын жаттату:

К дыбысы мен әрпі

Көркем ғой Көктөбе деп,

Ұшып жүр кептер, көбелек.

Жайнатып тұр маңайды,

Күн нұры көктен себелеп.

Дәптермен жұмыс.

Күшік, кенгуру, бүркіт сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы к дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне к дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

К дыбысын ауада жазу.

К әрпін баспа түрін жазамыз. Үлгі бойынша к дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі к дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. «Сөйлем құра» тапсырмасын

орындату.

Торкөздердің ішіне сөз құрау: көк, көше, киік, күрек, көлшік, т.б.

  1. Сергіту сәті.

Дыбыстан қашып,

Қаққан безек.

Қорқақ жасық.

Бүл не? (Көжек)

Осы өлеңді балаларға қимыл арқылы 2-3 рет қайталату арқылы орындату.

  1. «Дауысты ма, дауыссыз ба?» ойыны. Шарты: балаларды 3 топқа бөледі. Тақтаға а, о, б, в, г, г, д, е, е, ж әріптерінің үлгісі ілінеді.

Сол үлгіні педагог өзі көрсетіп тұрады. Үш топтың балалары сол көрсетілген дыбыстың дауысты не дауыссыз екенін тез ажыратып айтулары керек. Егер шатасса, келесі топ балалары жауап беріп, ұпай санын жинайды.

  1. Тіл ұстарту жаттығуы.

Кекілік-ау, кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

Музыка әуенімен төмендегі буындарды әндетіп айту.

Ка-ка, ко-ко, ку-ку, кэ-кэ, ки-ки, ке-ке.

Қол жаттықтыру дәптеріне к дыбысының жаттығу жұмысын орындату.

Педагог төмендегі мәтінді оқып, балалар оның ішінен к ды- бысы кездесетін сөздерді табады. Сол сөздерді буынға бөледі.

Көкен ауылда тұрады. Ауылдың қасында көл бар. Көлдің суы мөлдір, таза. Еркебұлан, Назкен көлге шомылып, Еркебұлан балық аулады.

III. Қорытындылау.

1. «Қай дыбысты дыбыстадым?» ойыны. Шарты: педагог өтілген дыбыстардың бірін дауысын шығармай айтады. Балалар педагогтің аузының қимылына қарап, сол дыбысты тауып айтады.

. Жұмбақтар шешкізу.

Жұп-жұмыр жоны бар,

Инеден тоны бар,

Түйреген түрпі.

Бүл не? (Кірпі)

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (Күн)

  • Кірпі, күн сөзінде неше дыбыс бар, бірінші қай дыбыс естіледі? К дыбысы қай жерде келіп тұр?





























































































Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы: Ұйқыдағы мысықтар.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндрден құрастыру; мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру; ұқыпты істеуге үйрету.

Керекті құралдар мен материалдар:

Ойыншық мысық, мысықтың суреттері, мысықтың ермексаздан жасалған үлгісі, ермексаз, тақтайша, таяқша.

Балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша,

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балалармен бірге мысықтың дене құрылысын, түсін анықтау. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсіндеуге болатынын түсіндіру.

2.Түсіндіру:ермексаздан ұйқыдағы мысықтың жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу тәсілін түсіндіру.

Бір кесек қызыл сары және жарты кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, қызыл сары ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алу.

Қызыл сары ермексаздан домалақ - басын, цилиндр - мойнын, цилиндр - денесін, шұжық аяқтарын (4 дана), цилиндр - құйрығын, үшбұрышты кішкентай шелпек - құлақтарын дайындау.

Қоңыр ермексаздан жіцішке шұжық пішінді жолақтар жасап алу.

Денесін, мойнын, басын біріктіріп, біріктірілген жерді саусақтың көмегімен тегістеу.

Аяғын денесімен біріктіру.

Құйрығын біріктіру.

Жолақтарды жапсыру.

Қара ермексаздың кішкене бөлігінен домалақтап мұрнын жасап алып, басына біріктіру.

Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын салу.

3. Өзіндік жұмыс : Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, үұйықтап жатңан мысықтың дене мүшелерін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген мысықтарын балаларға көрсетіп, бағалау, талдау.













Дене

Тақырыбы: Қимыл -қозғалыс ойындары

Сабақтың мақсаты: Балаларды айналаны тез бағдарлауға, шапшаң қимыл жасауға үйрету және секіру, жүгіру элементтері бар ойындар арқылы оқушылардың денелерін шынықтыру.

Дамытушылық: Оқушылардың спорттық қабілеттерін, қимыл - қозғалыс түрлеріне және ұқыптылық пен төзімділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: Достыққа, топтық ойын барсындағы ұйымшылдыққа, бір - бірін

тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың мазмұны

Оқушыларды сапқа тұрғызу:

сәлемдесу;

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Қауіпсіздік ережесін сақтау және ескерту.

Саптағы жаттығулар: орнында тұрып оңға, солға кері бұрыл, т. б.

Қозғалыстағы жаттығулар:

1. Қолды белге қойып аяқтың ұшымен жүру, қолды желкеге қойып өкшемен жүру.

2. Қол желкеде, жартылай отырып жүру.

3. Толық отырып жүру.

4. Жүріп келе жатып аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.

5. Бір қалыпты жүгіру.

6. Жүгіру кезінде оң жанымен, сол жанымен, тізені жоғары көтеріп, өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру.

Жалпы дене қыздыру жаттығуларын орнында тұрып жасау:

а) Қол белде, аяқты алшақ қойып, басты оңға, солға айналдыру.

ә) Басты алға еңкейту, артқа еңкейту, оңға қисайту, солға қисайту жаттығулары.

2. Қолдың буыны мен бұлшық еттерге арналған жаттығу.

а) Қолды алға созып, алақанды жұмып, ішке,

сыртқа айналдыру.

ә) Алақанды бір - біріне тигізіп, саусақты айқастырып, қолдың буынын айналдыру.

3. Иықтың буындарына жасайтын жаттығулар.

а) Екі қолды иықтың үстіне қойып алға, артқа айналдыру.

ә) Оң қолды төмен, сол қолды жоғары көтеріп алға, артқа айналдыру.

4. Белдің буыны мен бұлшық етіне жасалатын жаттығулар.

а) Екі қол белде, оңға, солға айналдыру.

ә) Оң қол белде, сол қол жоғарыда оңға, солға қисаю.

5. Тізеге, аяқтың бұлшық еттеріне жасалатын жаттығулар.

а) Екі қолды тізеге қойып, ішке, сыртқа айналдыру.

Сабақтың тақырыбына байланысты арнайы дене қыздыру жаттығулары.

1. Оқушыларды қайта сапқа тұрғызып жаңа сабақ тақырыбын «Сызықтан тартып өткізу»

ойынның ойнау әдіс - тәсілдерін, жүргізушінің іс - әрекетін айтып, көрсетіп түсіндіру.

Техника қауіпсіздік ережесін айтып ескерту.

Ойынның шарты: Алаңның ортасын бөле сызық сызылады. Оның сол жағынан және оң жағынан - 2 - 3 м қашық жерден соған параллель етіп тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар екі командаға бөлінеді де, орталық сызықтың екі жағына бір - біріне қарама - қарсы сапқа тұрады. Қарама - қарсы тұрған бәсекелестер бір - бірінің оң қолдарынан ұстайды да(білектерінен), сол қолдарын артына ұстайды. Жетекшінің белгісі бойынша әрқайсысы қарсыласын өзіне қарай тартып, өзінің артындағы сызықтан өткізуге тырысады. Ойыншылар түгелдей бір - бірін тартып шығарғанша ойын жалғаса береді. Ойыншыларды өз жағына неғұрлым көбірек тартып шығарған команда жеңеді.



1. Тыныс алу, организмін бастапқы қалыпқа келтіретін жаттығулар жасау.

2. Оқушыларды сапқа тұрғызу.

3. Сабақты қорытындылау





Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келеді?

Мақсаты:

          1. Диқаншылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін әңгімелеу.

          2. Өсімдікке өсіп-өну үшін ауа, су, жарық жылу қажеттігін түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.

          3. Диқан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: егін, қырман, диірмен, комбайн.Іс-әрекет

бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Әрқашан аман болайық,

Елімізде тыныштық болсын,

Бейбітшілік болсын,

Нанымыз коп болсын.

Балалар жақсы

тілекпен

амандасады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

1. Ә. Ахметовтің нан тауарлы

өлеңін оқиды, мазмұнын

түсіндіреді.

2. Нанның дастарқанға дейін келу

жолын әңгімелеу. Бүл жерде диқан,

егістік, элеватор сөздеріне сөздік

жұмысы жүргізіледі.

3. Сергіту сәтін өткізу.

Музыка әуенімен «шайқалады

егістік, шайқалады нұр дала» деп

әндетіп, би қимылдарын жасау.

4. Нан туралы мақалдардың

мағынасын түсіндіру.

Нан - тамақтың атасы.

Ынтымақ - көптің батасы.

Педагогтың

әңгімесін

тыңдайды,

сұрақтар қояды.

Би қимылдарын

орындайды.

Мақалдардың

мағынасын қалай

түсінгендерін

әңгімелейді.



5. Дәптермен жұмыс:

  • Сурет бойынша нанның дастарқанға келу жолын әңгімелеу.

  • Тыйым сөздерді оқып, оларды тәрбиелік мағынасын түсіндіру.

  • Жұмбақтың шешуін тапқызу. Шешуі: бидай.

Жұмбақтың шешуі - бидайдың

суретін салғызу.

Нанның

дастарқанға келу жолын цифрмен белгілейді, бидайдың суретін салады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Сабақта алған білімдерін төмендегі Сұрақтардың көмегімен пысықтау:

  1. Нан дастарқанға қалай келеді?

  2. Нанды не үшін қастерлеу керек?

  3. Нан туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Нан туралы өлең,

мақал-мәтел

айтады.

33



Күтілетін нәтиже: диқан еңбегін бағалау.

Білуі тиіс: нанның дастарқанға келуі жолын білу.

Түсінігі: диқандардың еңбегін түсініп, құрметтей білу.

Көрсете білуі: суретке қарап әңгіме құра білу.

Жапсыру

Тақырыбы: Жолақтағы ою-өрнек.

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қабаттап бүктелген жолақ қағаздан өрнектер қиюды үйрету; ұлттық ою-өрнек туралы білімдерін тереңдету; саусақ икемділіктерін жетілдіру.

Керекті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: қазақ халқының ұлттық ою-өрнектер жиынтығы, түрлі түсті қағаздар, қайшы, қарындаш, желім, қолорамал.

балалар үшін: түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, қарындаш, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1. Кіріспе әңгіме:балаларға ұлттық бұйымдардың суреттерін көрсетіп, олардың бір-бірінен ерекшелігіне, ою-өрнегіне, түр түсіне назарларын аударады. Қазақ халқының ерте заманнан -ақ өте шебер, өнерлі болғанын күнделікті пайдаланатын заттарынан байқауға болады. Қазақтың киіз үйінен бастап, оның ішіндегі барлық керекті заттары текемет, сырмақ, түскиіз, әдемі кілемдер үйге көрік беріп тұрады. Бұлардың барлығы әртүрлі ою-өрнектермен безендірілген. Киімдері, құрал-саймандары, ыдыс-аяқтарының барлығы дерлік көз тартарлық әдемі оюлармен әшекейленген.

2.Түсіндіру: жұмыс барысын көрнекі түрде көрсете отырып түсіндіреді.

Оюдың үлгісін қиып алу.Түрлі түсті қағаздан жолақтар дайындап алу.

Түрлі түсті қағаз жолағын қабаттап бүктеп, оюдың үлгісін бүктелген жағынан қойып, жай қарындашпен бастырып алу.

Белгі бойынша оюды қиып алу.Негізгі бетке аппликация бөлшектерін дұрыстап орналастыру.

Аппликацияның барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсыру.

3.Өзіндік жұмыс:Балалар дәптердегі жұмыстың орындалу ретін басшылыққа алып, қағазды бүктеп жапсыру жұмыстарын орындайды.

Ұстаз балалар жұмыстарын бақылап, кейбір балаларға түсіндіріп көмектесіп отырады.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Дайын болған жұмыстарды қорытындылап, талдау.









Математика

Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:

7 санының пайда болуы, 7 цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен сабақты еске түсіру. а) 6 ға дейін тура, кері санау. ә) 6 санының құрамы.

III. Жаңа материалдың мазмұны.

а) Сабақ "Төлдерге қамқорлық" тақырыбына түсінік беруден басталады. 7 санының пайда болуы суреттегі қозылардың санына қарай анықталады. 7-нің алдындағы санды шығару өтілген сабақтардың негізінде жүргізіледі. Бала 7 қозыны екі қораға қалай бөледі? - деген сұраққа жауап алынады. (6+1, 5+2, 4+3). Ал 6-ты бұзауды қалай бөлеміз? (5+1, 4+2, 3+3).

Сан қатары: 1,2,3,4,5,6,7, тура, кері санау. ә) 7 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастыру.

б) 7 санының құрамын ажырату.

Дәптермен жұмыс

1) 7 цифрымен таныстыру. 7 цифры неге ұқсайды? (Шалғыға).

2) 7 цифрын жазу алгоритмімен таныстыру.

3) "Жеті лақ" ертегісінің мазмұнын айту, 7 цифрын жазу.

4) 7 санының құрамын ажыратып, тапсырманы өз бетінше орындату.

5) Геометриялық фигуралардың орыны қалай ауыстырылғанын бағыттаушы сызық үлгідегідей көрсету.

6) Көбелектің суретінін жартысын салып, аяқтап оны бояу.

Яғни 7 санына байланысты: 7 күн, 7 қат аспан, 7 түс, 7 шелпек, 7 ата ұғымдарын түсіндіру.

"Нешеу?" деген сұраққа жауапты 1-ден 7-ге дейінгі сандарды қолданып жауап беруге болатынын айту. Бұл сабақта балалар қазақ халқының күнделікті тәлім-тәрбие жұмысында кездесетін (7 апта, 7 күн, 7 шелпек) т.б. ұғымдарды түсініп, халықтың өмірі, оның әдет-ғұрпы жөнінде ойлау жүйесі, дүние танымы кеңейеді.

Көркем әдебиет

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Шана.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: күнұзақ.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: қыс мезгілін бейнелейтін суреттер, шанамен сырғанап жүрген балалар суреті.

Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1.Кіріспе әңгіме.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілектерін, жылы лебіздерін білдіреді.

  • Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Қыста қардан не соғамыз?

  • Сырғанақта немен сырғанаймыз? (Шана)

2.Дәптермен жүмыс:

Г. Әзімбаеваның «Шана» әңгімесімен таныстыру.



  • Бала ұйқысынан тұрып, қайда қарады?

  • Ол терезеден кімді көрді?

  • Әкесі мен шешесі не істеп отырды?

  • Бала ата-анасына қандай сөз айтты? (Жаттап алу.)

  • Әкесі баласына не әкеліп берді?

  • Анасы баласына қандай ақыл айтты?

  • Анасы неліктен олай айтты?

  • Баласы не деп жауап берді?

3.Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан. (Қимылмен көрсетеді).

4.Дидактикалық ойын: «Қандай қимыл жасағанын тап».

Ойын шарты: Бастаушы түрлі қимылдар ( шаңғы, хоккей, коньки, шана) жасайды, балалар қандай қимыл жасағанын табуы керек.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады.

Көз алдарына биіктен шанамен сырғанап ойнаған сөттерін елестетеді. Шанамен сырғанап ойнаған қандай қызық. Отыруға да ыңғайлы. Қардың үстімен заулап сырғанайды. Көзімізді ашамыз. Балалар өз ойларын айтып береді.

Қорытынды:

  • Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілінен айырмашылығы қандай?

  • Қыста қандай қызықтар болады?

  • Қысқы ойындарды ата.

  • Шанамен не үшін қыста ғана сырғанайды?

















Бейнелеу

Тақырыбы: Қысқы табиғат.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды суреттерінде туған жердің қысқы табиғатын әсерлі етіп көрсете алуға, реңкті беруге, көріністік суреттің композиңиясын құрастыруға үйрету; ағаштарды түрлі техникамен бейнелеу дағдысын қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін дамытып, табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу.



Керекті құралдар: қысқы табиғат бейнеленген суреттер, гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, су құйылған ыдыс, қыл- қаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Кіріспе әңгіме:қыс туралы өлең оқып, оның мағынасынан не түсінгендерін сұрап, балаларды әңгімеге тарту. Қысқы табиғатты суреттерден көрсете отырып, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін, табиғаттағы өзгерістерді көре білулерін, айырмашылықтарын айтқызу.

2.Түсіндіру: балаларға бүгінгі оқу іс-әрекетінде қысқы табиғат көрінісінің суретін салатындарын айтып түсіндіру.

3.Өзіндік жұмыс:Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды .

Тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалау, бақылау.

Аққала жасайық.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Адамдардың қозғалыс кезіндегі бейнелерін бере білуге жәнө кейіпкерлердің өзара байланысын айнытпай салуға қол жеткізу; ұжымдық композиция құрастыруға үйрету; суреттің мазмұнын, өздеріне тән ерекшеліктерін әсерлік сезіммен қабылдай алуға тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Керекті құралдар: аққала бейнеленген суреттер, акварель бояуы, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: акварель бояулары, су құйылған ыдыстар, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға жұмбақ жасырып, дұрыс жауабын тапқаннан кейін аққаланың суретін көрсетіп, әңгімеге тартады. Аққаланың неден, қашан, қалай жасалатынын сұрап, сұрақтарға жауаптар алу.

Жұмбақ: Қалпағы-шелек,

Тұмсығы- сәбіз.

Ол не?

2.Сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсету, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындады ұсыну.

3.Өзіндік жұмыс:балалар жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсету.



Оқу іс-әрекетті қорыту.

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындыланады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.





Логика



Тақырыбы: Мағынасы қарсы сөздерді табу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Мағынасы қарсы сөздер туралы айтып,таныстыру, түсіндіру.Балалардың білімдерін толықтыру;

2.Тәрбиелік: Байқампаздыққа тәрбиелеу.

3.Дамутышылық : Сөздік қорларын дамыту

Әдіс-тәсілдер: сөздік, практикалық.

Көрнекілігі: пішіндер суреттері.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі ( 2 мин) Балалардың көңілін сабаққа аудару.

2. Өткен тақырыпты еске түсіру, Құстар туралы қайталау.

3.Суретпен жұмыс:, Құстардың суретін көрсету,түсіндіру.

4.Сұрақ-жауап:-суреттен не көріп тұрсыңдар?

-суретте нелер бейнеленген ?

-қандай құстарды білесіңдер?

5.Жаңа сөздермен жұмыс: мағынасы,қарама-қарсы

Балалардың өз білімдеріне сүйену.



Сергіту: Бала-бала-балақай

Қане қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнап.

Топ-топ ,топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса Алтын күн!

Жаса-жаса Алтын күн! Қимыл қозғалыс жаттығу жасау.



6.Оқулықпен жұмыс: Өзіндік жұмыс,тапсырмаларды орындау.

Сабақты қорытындылау: Балалар сабақ ұнады ма? Ой бөлісу.



















Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы:Мен тәртіпті, ұқыпты баламын..

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: «Ұқыптылық» ұғымының мағанасын түсіндіру ,адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу,түсініктерін кеңейту.

2.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу

3.Дамытушылық : Жағымды қарым - қатынас дағдыларын дамыту.

Сабақтың әдісі: таныстыру, сұрақ -жауап

Көрнекілігі: Суреттер,оқулық, карта

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі ( 2 мин) Балалардың көңілін сабаққа аудару.1,2,3 сыныптың іші тып-тыныш. Дыбыс тыңдау.

2. Мен кіммін?сұрақты қайталау.Әр бала өзін көрсетіп,кім екенін айтады,атын атау.Әр бала жеке тұлға екенін.адам екенін айту. Мен жақсы баламын!

Хормен қайталау,балалар өздерін көрсетіп,кеудесіне қолдарын қойып айтады

3.Шаттық шеңбері: Балалармен бірге шеңбер құрып тұрып,бір-біріне жақсы сөздер айтады.

Сергіту сәті

Біз ұқыпты баламыз

Айтқан тілді аламыз

Кірлесе егер киміміз

Өзіміз жуып аламыз.

Едендегі шаңдарды

Шаңсорғышпен сорамыз

Біздің қолда он саусақ

Барлық іске жарамды.



4. «Мен ұқыпты баламын.» мағынасын түсіндіру, «Ұқыпты бала-үлгілі бала» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Жаңа сөздермен жұмыс - ұқыпты,ұқыптылық

5.Ойын. «Жақсы мен жаман»

6. Оқулықпен жұмыс: 28-бет, тапсырманы орындау.

7.Сабақты қорытындылау: Сабақ ұнады ма? Пікірлесу





Урок на тему Сезім мүшелері

Тіл дамыту 25.01.2016ж

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көшедегі көліктер.

Мақсаты:

    1. Көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету.

    2. Сөздік қорларын толықтыру, жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы айтуға жаттықтыру.

З.Ойыншық көлік түрлерін мүқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: түрлі көліктер бейнеленген суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Кіріспе бөлім.

а) «Қандай көлік түрлерін білесіңдер?» деген сұраққа сурет бойынша көшедегі көлік түрлерін атап шығады.

ә) Көліктердің пайдасы туралы әңгімелеу.

      1. Негізгі бөлім.

а) Сөздік жүмысын жүргізу.

Жедел жәрдем - қолма-қол берілетін көмек.

Өрт сөндіргіш - өрт сөндіруге арналған техника.

Су сепкіш - су тебуге арналған техника.

ә) Жедел жәрдем, өрт сөндіргіш машинасы, су сепкіш сөз- дерін қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.

б) «Төртінші артық» дидактикалық ойыны.

Көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп тұрып, олардың аттарын атау. Балалар аталған көлік түрлерінің артығын тауып айтады және оның неге артық екенін дәлелдейді.

  • Камаз, Тайота, Жигули, Мерседес.

-Камаз артық. Өйткені ол - жүк тиейтін машина. Жигули, Тайота және Мерседес - жеңіл көліктер.

в) Жұмбақтар шешу. Шешулері: пойыз, автобус.

  • Жұмбақта пойызды неге үйге теңеп тұр?

-Өйткені пойыздың ішінде жататын төсек, тамақтанатын орын, жуынатын жер және әжетхана бар.

г) Күрделі сөздермен жұмыс.

Сүт тасығыш машина, өрт сөндіретін машина, су себетін машина, жедел жәрдем, т.б.

Балалардан «Сүт тасығыш машина деп аталу себебі, өйткені сут тасиды. Үш сөзден құралган» деген жауап алу қажет.

г) Сергіту сәтін өткізу.

Музыка әуенімен машинаның тұтқышын айналдырып билеу.

      1. </ Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) Көлік түрлерінің суреттерін көрсетеді, ал балалар оның қандай көлік түрі және не үшін пайдаланатынын айтады. Мысалы:

  • Троллейбус - электр қуатымен жүреді. Ол - жолаушы таситын көлік.

  • Трамвай - электр қуаты арқылы рельспен қозғалады. Ол - қалада жолаушы таситын моторлы вагон көлік.

ә) «Толықтыр» дидактикалық ойыны. Сөйлемді толық айтпайды. Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сойлемді толықтырып айтады. Мысалы:

Егер жермен жүрсе - бұл... (жер) көлігі. Олар: жеңіл машина, автобус, троллейбус. Егер сумен жүрсе - ... (су) көлігі. Олар: қайық, кеме, теплоход.

б) «Суретті жина» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Көліктердің суреттері салынған парақ бірнеше бөлікке бөлініп, екі хатқалтаның ішінде болады. Әр топ балалары қағаз қиықтарын біріктіріп, көлік түрін құрастырады да, сол көлікке байланысты жұмбақ ойластырады. Жұмбақты келесі топтың балалары шешеді. Мысалы:

  1. Бұл көлік қалада жұреді. Электр күшімен қозғалады. Жолаушы. тасиды.

  2. Ол - вагон көлік. Релъспен жүреді.

Музыка



Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары.



Мақсаты: бір әннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға үйрету. Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпын- дыру. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: домбыра, қобыз, асатаяқ, сырнай, тайтұяқ, ұрмалы аспаптар; жетіген суреті; әр аспаптың тарихы, неден жасалатыны, құрылысы туралы әңгімелесу; аспаптар дыбысы жазылған үнтаспа.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: түрлі ұлттық саз аспаптарымен таныстыру; музейге саяхат; құмда аспаптардың суретін салу, мүсіндеу.

Іс-әрекет кезеңі:

1.Ұйымдастыру:Кіріспе әңгіме

Ата-бабамыз өте ерте кездің өзінде-ақ музыкалық аспаптардың мынадай топтарын ойлап тапқан:

  • Шертпе аспаптар - домбыра, шертер, шіңкілдек, жетіген, адырна.

  • Қияқты аспаптар - қобыз, сазген, созаншы, егек, т.б.

  • Үрлеп ойналатын аспаптар - сыбызғы, сазсырнай, уілдек, желбуаз.

  • Ұрмалы аспаптар - дабыл, даңғыра, кепшік, шыңдауыл, дауылпаз, үран, керней.

2.Жұмбақ:

Ұзын мойын, екі ішек, Қатар-қатар тепкішек. Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп. Бұл не?

  • Домбыра мен қобыздың айырмашылығы қандай?

  • Қандай үрмалы аспаптар түрін білесіңдер?

3.Ән тыңдау. «Қобыз». Б. Қыдырбек.

  • Балалар, музыка тыңдағанда естеріңе не түсті?

  • Қобыз туралы сөз болғанда кім еске түседі?

  • Қорқыт атаның қандай күйлерін білесіңдер?

  • Сендер басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

  • Аспаптар қандай топқа бөлінеді?

Қобыз бен Қорқыт есімі әрқашан қатар жүреді. Көбінесе күй өте зарлы, мұңды, қайғылы дыбысталады. Композитор музыка әуенімен қобыздың дыбысын берген.

4.Ән айту. «Домбыра сазы». И. Нүсіпбаев.

  • Әр композитор қазақтың киелі аспабы домбыраны әртүрлі әнге салып жырлаған. Домбыра туралы тағы қандай өн білесіңдер?

  • Ән қандай көңіл күйде жазылған?

  • Ән сендерге ұнады ма?

Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып алу, денені түзу ұстап, дыбысты еркін шығару. Демді үнемдеп, сөздің арасында тыныс алмау. Әнді иықты көтермей, ішпен айту.

5.Әуенді қимыл-қозғалыс. Сылдырмақпен би. Қазақ биі - «Қаз-қатар».

Сылдырмақтарды екі қолға ұстап, көңілді музыка әуенімен шеңбер бойымен жеңіл жүгіру. Тоқтап, белгілі музыка ырғағымен түрлі қимылдар жасау. Би қимылдары арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Музыкалық-дидактикалық ойын: «Қатты және ақырын музыка».

Музыканы дыбысқа қарай ажырата білуге, есту қабілетін дамытуға дағдыландыру.

Түрлі музыкалық шығармаларды ойнап, қай музыка қатты, қай музыка жай дыбысталуын ажырата білуге талпындыру.

Қатты сөзін музыкада - «форте», жай ойнағанды - «пиано» деп атайды. Фортепиано (қазақша - күйсандық) - «қатты» және «жай» деген екі сөздің қосындысынан шыққан.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Балалардан сұрақ-жауап арқылы аспаптар- дың атын пысықтау, топқа қысқаша қорытынды. Балаларды қолдау, мадақтау.





Валеология

Тақырыбы: Ұлдар мен қыздар

Мақсаты:
Балаларға қыздар мен ұлдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қалыптастыру және дамыту. Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін әері жайлы білімдерін қалыптастыру. Достық туралы білімдерін жетілдіру.

Әдісі: Әңгіме, өткен сабақты пысықтау. Жаңа сабақ. Әліппе - дәптермен жұмыс. Күлкі жаттығуы. Көрініс көрсету жаттығуы. Дәрігер салауаттың ашық хаты. Шаттық шеңбер. Дидактикалық ойын.

Көрнекілігі күн бейнесі, доп, аңдар.

Қос тілділік: Ұлдар‒мальчики, қыздар‒девочики, айна‒зеркало, күн‒солнце.

1. Жыл мезгілдерінің суретін көрсетіп, сұрау.

‒Жылдың неше мезгілі бар?

2. Жұмбақ

Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан. (Күн)

3. Шаттық шеңбері.

Қуан шаттан, Алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін де күн!

1. Өткен сабақты пысықтап кету

2. Жаңа сабақ.

Валеология туралы түсінік беру.

Валеология ‒денсаулық туралы ғылым. «Валео» латынша «Сау бол», ал «Логос» ғылым дегенді білдіреді.

Валеология‒денсаулық туралы ғылым, ол балаларды ақылды, көңілді, дені сау болып өсуге баулиды. Ең бастысы, ол ауырмай, салауатты өмір сүруге үйретеді.

3. Балалар Дәрігер Салауаттың сымбатты, әдемі, денсаулығы мықты адам екендігін білесіңдерғай.

4. Біздер Дәрігер Салауатпен бірге «Валеология» әлеміне саяхат жасап келе жатырмыз. Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: Ұлдар мен қыздар.

‒Балалардың бір‒бірінен қалай ерекшелетінін байқатып, осы тақырыпта әңгіме қозғау.

‒Балалардың жауабынан кейін барлық адамның дене құрылысы‒қолы, аяғы, көзі, құлағы т. б болатыны, бірақ әр адамның көзінің, шашының, мұрнының пішіні әртүрлі болатынын айту.

‒Сонымен қатар әр адамның өзіне тән мінезі, шығармашылық қабілеті мен таланты болады. Әр адам қайталанбас‒тұлға.

5. Әліппе дәптермен жұмыс. №1

‒Бұршақтың дәнінен өсетіні мысалға ала отырып, ұлдар мен қыздардың өскенде кімге айналатынын түсіндіру.

Бұршақ дәні‒гүлдейді(жеміс береді)‒солады.

Бала‒бозбала‒еркек‒ата

Қыз‒бойжеткен‒әйел‒әже

6. Ұлдар мен қыздарды айна алдына тұрғызып, өз‒өзін сипаттайды.

7. Балалар сонымен ұлдар мен қыздардың киімдері де әр түрлі болады.

‒Ұлдың киімін көк, қыздардың киімін қызыл түспен белгіле.

10. Көрініс көрсету жаттығуы.

‒Сендер аналарыңмен бірге үйдесіңдер. Аналарың бүгін көңілсіз және әбден шаршаған кейіпте.

‒Балалармен бірге көріністі талдап, мынадай қорытынды жасайды. Біз анамыздың көңілін көтеру үшін, алдымен күліп, оны құшақтап және өзінің күлуін сұрауымыз керектігін естен шығармаңыздар.

Күлкі - бұл өз көңіл күйіңе, жақын адамдарыңның жүрегіне жол табатын құдіретті кілт.

11. Дидактикалық ойын. «Сенің атың кім және сен кімсің». (Балалар допты лақтырып кім екенін және атын айту керек)

- Ер балада қыздардың да аты болады. Олар да әртүрлі болады. Адамның аты арқылы ұл не қыз екенін ажыратуға болады.

12. Дәптермен жұмыс.

- Балалар, ұлдар мен қыздарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?

- Балалар.

- Балалар көбінесе немен ойнағанды ұнатады?

- Ойыншықтарды.

- Ойыншықтардың ұлдар мен қыздарға арналған түрлері бар?

- Сондықтан әліппе - дәптердегі берілген тапсырманы орындай қояалық. Сызық арқылы қос.

13. Балалар сендер бір - біріңмен ойнағанда ренжісіп, ойыншыққа таласып жатасыңдар. Ол жақсы ма, жаман ба?

- Біздер бір - бірімізбен ұлдар қыздар деп бөлінбей дос болуымыз керек.

- «Дос болайық бәріміз» әнін айту.

Әні: Х. Талғаров

Сөзі: И. Нүсіпбаев

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер

Қ - сы

Дос болайық, бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз

14. Қорытынды. Сабақ ұнады ма? Пікірлесу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал