- Учителю
- Ашық сабақ қазақ тілі тақырыбы 'Жалаң және жайылма сөйлемдер' 3 сынып
Ашық сабақ қазақ тілі тақырыбы 'Жалаң және жайылма сөйлемдер' 3 сынып
Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер.
Мақсаты:
Білімділік: Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру. Оларды ажырата білегу дағдыландыру.
Дамыту: Ой өрісін дамыту.
Тәрбиелеу: Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінігін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс, кітаппен жұмыс, Венн диограммасы, семантикалық карта,сұрақ-жауап, «сөз құру» ойыны, «Пирамида»,тест тапсырмасы,сөз жұмбақ.
Пәнаралық байланыс: Математика,дүниетану.
Көрнекіліктер: Оқулық,сурет, дид.материалдар, презентация.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Қане, партадан шығамыз, түп-түзу тұрамыз. Сәлеметсіңдер ме.
2.Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену,
Еңбек етіп жұмыла,
«5» - ке қолды жеткізу.
Сендерге терең білім , көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» - деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетеміз.
3.Үй жұмысын сұрау.
76-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.Соңғы екі сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.Сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
- қане, кім өлеңді жатқа айтады?
- енді, сөйлем мүшелеріне талда.
- жақсы, өткен сабақтардан алған білімдерімізді еске түсірейік.
- сөйлем дегеніміз не? (Сөйлем деп бір шама ойды білдіретін бір сөзді я бірнеше сөз тіркесін атаймыз.)
- сөйлем мүшелері дегеніміз не?(Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.)
- сөйлемнің қандай мүшелері бар?(тұрлаулы және тұрлаусыз)
- тұрлаулы мүшелерге не жатады?(бастауыш, баяндауыш)
- бастауыш дегеніміз не? (қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі?)
- Сөйлемде қандай сызықпен сызамыз?(Сөйлемде бір сызықпен сызамыз.)
- баяндауыш дегеніміз не? (Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтты? деген сұрақтар қойылады.)
- Сөйлемде қандай сызықпен сызамыз?( Сөйлемде екі сызықпен сызамыз.)
- тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?(Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады.)
- Сөйлемде қандай сызықпен сызамыз?( Сөйлемде ирек сызықпен сызамыз.)
Жақсы, өткен сабақтарды жақсы меңгеріпсіңдер.
4. Жаңа сабақ.
Жаңа сабағымызды «сөз құрау» ойынын жүргізуден бастайық.
К Е Ә
С С
І Т
Тамаша! Іске сәт деп жаңа сабағымызды бастайық.
Дәптерлеріңе күн ретін жазып, жақсылық пен жамандық сөзін көркем жазайық.
- жақсылық деген сөзді қалай түсінеңдер?
- жамандық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Сонда біз үнемі жақсылық істеуіміз керек пе әлде жамандық істеуіміз керек пе?
Енді назарымызды тақтаға аударайық.
Екеуі дос. Екеуі жақсы дос.
Балалар ойнады. Балалар далада ойнады.
Аслан жазды. Аслан көркем жазды.
Сөйлемге синтаксистік талдау жасайық. Орнымыздан оқимыз. Қандай айырмашылық байқадыңдар? Жақсы, ендеше бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді біз жалаң сөйлем дейміз. Ал тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді біз жайылма сөйлем дейміз. Жалаң, жайылма сөйлемдердің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диограммасы арқылы салыстырып көрейік.
-Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?
Ережені оқып талдау.
-Балалар, ережедегі ой біздің тұжырымдамамызға сәйкес келе ме?
79-жаттығуға назар аударайық, мына сөздерді қолданып, сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдау керек. Екі оқушы тақтада. Қалғандарымыз дәптерде орындаймыз. Бастаймыз! Құраған жалаң, жайылма сөйлемдеріңді тиісті пойыз вагондарына орналастырыңдар. Бұл сөйлемдердің бір-бірінен ерекшелігі неде? Неге мына сөйлемді жалаң сөйлем пойызына салдың, ал мына сөйлемдерді жайылма сөйлем пойызына салдың?
Әркім өз сөйлемдерін оқиды, талдағанын айтады.
Күн бұлттанды.
Ұшақ биікке көтерілді.
Мұғалім сыныпқа кірді.
Түн ұзарды.
Динара қуанды.
81-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді оқы. Оларды жайылма сөйлемге айналдырып жаз.(тақтада 4 оқушы)
Оқушылар кездесті. Жолаушылар жақындады. Ұстаз түсіндірді. Айдын қатысты.
Керекті сөздер: мектепте, сайысқа, әуежайға, мәтінді.
82-жаттығу. Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестеңдер.
Жалаң сөйлем
Жайылма сөйлем
Ұшақ биікке көтерілді.
Айман мені кітапханада күтеді.
Күн жылынады.
Керек-жарақтың бәрі бар.
Әжем шұлық тоқыды.
Бау байланды.
5.Сергіту сәті
Терме диктант.
Мына мәтіннен жалаң сөйлемдерді жазып ал.
Жақсылық пен жамандық
Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Біріншісі ауру. Екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты:
- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.
Оқушылар жазған сөйлемдерін оқиды.
- Не туралы айтылған?
- Мықты жігіттің істегені дұрыс па?
- Сендер оның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Жақсы, балалар, көмекке зәру адамды ешкашан көмек бермей тыстамауымыз керек.
88-жаттығудағы мақал мәтелдердің мағынасын ашып, көшіріп жаз.
1.Ел құлағы - елу.
2.Ұстаздан шәкірт озар.
3.Күш - білімде.
4.Талапты ерге нұр жауар.
Семантикалық карта
Сөйлем мүшелері
Бастауыш
Баяндауыш
Тұрлаусыз мүше
Ел
+
құлағы
+
елу
+
Ұстаздан
+
шәкірт
+
озар
+
Күш
+
білімде
+
Талапты
+
ерге
+
нұр
+
жауар
+
6.Бекіту: 86-жаттығу. Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз.
Марал оқушы.
Марал жақсы оқушы.
Марал өте жақсы оқушы.
7.Қорытынды. БҮҮ әдісі:
Білетінмін
Үйрендім
Үйренгім келеді
Сөйлем, сөйлем мүшелері, оның түрлері және анықтамалары.
Жалаң және жайылма сөйлемдерді білдім және оларды ажыратуға үйрендім.
Тұрлаусыз мүшелердің түрлерін білгім келеді.
«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» дегендей бүгінгі сабағымыз аяқталды
8. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.
9.Үй тапсырмасын беру: 83-жаттығу. Ребусты шеш. Шыққан мақалдың мағынасын түсіндір.